60х84 1-8 Сарыбаев indd


жүгінсек, түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта


бет41/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   179
жүгінсек, түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта» [6: 113]. 
«Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығар-
ған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау 
керек» [6: 110]. Ғалымның сөзіне сай, емле тілдің барлық заңдылықтарын сақтап, 
жазғанда ыңғайлы болатындай, оны оқу және оқытуға қолайлы болатындай, тілдің 
ажарын беретіндей болғаны жөн. Жазу мен емле тақырыбын түрлі мысалдар беру 
арқылы талдап, талқылау үшін келесі мақаланың еншісіне қалдырамыз. 
Жазу және жазуда қолданатын белгілер. Грамматология саласы жазудың өзі-
нен бөлек жазу барысында қолданылатын белгілі бір мақсаты бар белгілерді де қа-
растырса керек. Әр елде ол белгілердің атауы бөлек. Ал, қазақ тілінде суреттеріне 
қарап әркім әрқалай атап жүрген болатын. Ғалым 1928 жылы жарық көрген «Тіл 
жұмсар» атты оқу құралында жазуда қолданатын белгілерге ат қойды. Және онда 
ғалым белгілердің суреттеріне ғана қарап қоймай, олардың жұмсалатын орны мен 
қызметіне де мән берді. Төменде жазуда қолданатын белгілер мен олардың қызметі 
ғалымның өз сөзінен берілді: 
Тыныстық (.) – дауыстың тынатын жеріне қойылатын белгі. 
Жапсарлық (, ) – дауыс тынбай, тек сөз арасы көбірек ашыла айтылатын 
жерге қойылатын белгі. Сөз арасының олай ашылуы көбінесе сөйлемдер қосыл-
ған жапсарлық жерінде болады. 
Қосарлық ( =) – сөзді қосу керек болған орында, бір сөздің екі бөлімін қосу керек 
болған орында, немесе біріне-бірі жедел екі сөз қатарынан айтылған орында, 
не болмаса бір сөздің өзі қайта-қайта жедел айтылатын орында қойылатын 
белгі. 
Тастарлық ( –) – жазбай тасталған сөздің орнына қойылатын белгі. 
Дәлдеулік («») – бұлжытпай дәлдеп жазып көрсетерлік жерде қойылатын 
белгі»[3: 337]. 
Белгілер атаулары әрқайсысы жұмсалатын орны мен атқаратын қызметіне қарай 
мағыналары да сәтті қойылған. Бұдан ғалымның ойының ұтқырлығы мен шеберлі-
гін тіл үшін дұрыс қолдана білгенін көреміз. Бұлай дейтініміз, бұл белгі атауларын 
тіл иелеріне қабылдау оңай болады. Себебі, өз тілінде берілген атаулар арқылы бел-


74
гінің қолданылатын қызметін әрі орнын өзінің білімімен ассосация жасау арқылы 
меңгеру жеңіл болмақ. Өкінішке орай бүгінгі таңда бұл белгі атаулары қазақ тілінің 
қолданысында жоқ. Біз орыс тілден аударылған нұсқаларын қолданамыз. Дегенмен 
де, бұл ғалымның жазуда қолданатын тыныс белгілеріне де қазақ ғалымдарының 
арасынан алғаш мән беріп, шешімін көрсеткендігі, тіл ғылымының бұл саласында 
да ерен еңбек еткендігінің дәлелі. 
Қорыта келгенде айтарымыз, қазақ тіл ғылымында тілге қатысты мәселелердің 
ауқымды қатарын зерттеп, оның ішінде жазуға түрлі аспектіден қарап, мәнін аша 
білген біртуар ғалым, қазақ грамматологиясының негізін қалаушы лингвист – Ақы-
мет Байтұрсынұлы. Бұл жерде мән беретін жағдай грамматалогия термині ең ал-
ғаш тек 1952 жылы ғана ұсынылды. Ал, Ақымет Байтұрсынұлы жазуға қатысты 
тұжырымдарын 1912-1928 жылдар аралығында жазып қалдырды. Жазуға жан-жақ-
ты сипаттама беріп, жазу мен сөйлеудің, жазу мен дыбыстың, жазу мен оқудың 
баланыстарын нақты айқындап жазып, жазудағы емле жүйелерін бөліп, жазудың 
өзін топқа жіктеп, ізбасар шәкірттеріне грамматологияның теорялық негіздерін 
қалдырып кеткендігі үшін Ақымет атамыз қазақтан шыққан грамматологияның не-
гізін қалаған алғашқы грамматолог ғалым деп атауға әбден лайық. Бұл мақалада ға-
лымның сөздерін, тұжырымдарын жіктеп көрсету арқылы оқырман қауым Ақымет 
Байтұрсынұлының жазу ғылымы саласында жасаған еңбектерінің ерен екендігіне 
ендігі жерде еш күмән келтірмейді деп сенеміз. 
Қазақтың бірегей тұлғасы, көрнекті ғалым Ақымет Байтұрсынұлының еңбектері 
әлі тереңдей зерттеуді қажет етеді. Ғалымның жұмыстарын оқи отырып, осыдан 
тура бір ғасыр бұрын өмір сүрген атамыздың білімінің тереңдігі, ойының ұшқыр-
лығы, тілге деген сүйіспеншілігі, тілдің табиғи заңдылықтарына деген беріктігі
ғылымға деген адалдығы, жан-жақты ізденіпмаздығы, қазақ халқына деген шына-
йы жанашырлығы, еліне деген шексіз махаббаты, мінезінің өткірлігі, өзіне деген 
сенімділігі, «Тіл – құрал» арқылы (өзінің айтуы бойынша) қазақ тілін қандай құрал 
екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағын-
ша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытқандығы ғалымның 
барлық құрмет пен атаққа лайықты екендігіне көзімізді жеткізеді. Ғалымның адал-
дық пен ізденімпаздықты, еңбекқорлықты талап ететін ғылым алаңындағы салған 
сара жолы, өмір жолы, аса құнды еңбектері біз секілді келесі замандық із жалғаушы 
шәкірттеріне тілге қызмет ету жолында ерекше күш-қуат береді. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет