60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет36/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1 Karaulov Iu. N. (1987) Russkii iazyk i iazykovaia lichnost’ [Russian language and 
language personality]. Moscow. (inRussian) – C. 351-360. Морковкин В. В. О синерге-
тическом лексикографировании // Языковая личность: текст, словарь, образ мира. К 
70-летию чл. -корр. РАН Ю. Н. Караулова. М., 2006. 
2 Сарыбаев Ш. Диалектная лексика ка источник обогащения литературного язы-
ка // Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер. – Алматы, 1990. – Б. 29-37. 
3 Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. Вопросы казахского языкознания. – 
Алматы: Арыс, 2000. – 621б. 
4 Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 
2014. – 640 бет. 
5 Орфографиялық сөздік // Алтыншы басылым. Құраст. : Н. Уәли, Қ. Күдерино-
ва, А. Фазылжанова, Ж. Исаева, Н. Әміржанова, А. Әмірбекова. – Алматы: «Дәуір» 
баспасы, 2013. – 720 бет. 
ҚАЗАҚ ГРАММАТОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ:
АҚЫМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЖАЗУ ТЕОРИЯСЫ
Салқынбай А. Б. 
1, 
Анарбекова У. У. 
2
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
1
профессоры,
филол. ғ. д., 
2
докторанты, 
Жер бетіне адам баласы аяқ басып, тіршілік етіп келе жатқанына 2, 8 млн жыл-
дың шамасы болып қалды. Барлық қасиетті хақ кітаптарда көрсетілгендей, Адамға 
алғаш әлемдегі барлық заттар атауы үйретілгені белгілі [1: 2, 32]. Ол атаулар ауыз-
ша үйретіліп, есте сақталды деп білеміз. Яғни, алғаш атаулардың дыбысталуы әуел 
бастан белгілі болды. Және атау дыбыстарымен қоса олардың мәні мен ұғымы да 
Адамға түсіндірілген болатын. Күнделікті тіршілік барысында түрлі іс-әрекеттер-
ге байланысты кісінің танымы дамып, әр алуан атаулар пайда болады. Бір-бірімен 
алыстан қарым-қатынас алу қажеттілігі туу себепті хабарламаларын заттар, сурет-
тер, таңбалар, түрлі белгілер арқылы жеткізе бастайды. Ол уақыт өте келе бүгінгі 
біз білетін әр түрлі сипаттағы жазудың пайда болуына ықпал еткен. Әлемнің түк-
пір-түкпіріне тараған адам баласының таралу аймағы, табиғи жағдайы, ауа райы се-
кілді сыртқы факторлардың нақты себептеріне сәйкес, атауларды таңбалау, белгілеу 
де түрлі жолдармен жүзеге асқан. 


69
Жер бетіндегі барлық адам баласына тән дүниені танудың жалпыға ортақ ұғым-
дары бар екені белгілі. Аспанның «аспан», жердің «жер», ананың «ана», баланың 
«бала», әкенің «әке» екендігі (мысалдар тізбегін тоқтаусыз жалғастыруға болады) – 
барлық адамзат үшін ортақ түсінік. Атаулардың ұғымы, әлемді жалпы тану адамзат 
баласына ортақ, тек уақыт өте келе оларды дыбыстау мен таңбалау жолы әр жерде 
әр түрлі болып қалыптасады. Яғни, сөйлеуіміз, жазуымыз әр түрлі болып өзгерген. 
Әрине, қазіргі таңда туыстас тілдермен қатар туыс емес тілдерде де ұқсас сөздер 
жиі кездесетіндігі ешкімді таң қалдырмайды. Себебі, бастау бір жерде жатыр. Ал, 
тілдердің туыстас, туыстас емес деп бөлінуі ұқсастықтардың азды-көптігіне, та-
рихи тұрғыдан көрші тұруларына қарай болғанымен, бұл тілдер тобының түбінде 
туыс болып шығатындығын терең зерделеу қажет деп пайымдаймыз. Мысалы, түр-
кі тілдер тобына жататын қазақ тілі мен үндіеуропа тілдерінен тараған үнді (хин-
ди) тіліндегі дос (dos)=
दोस्त (dost), дұшпан (dushpan) = दुश्मन (dushman) сөздері 
жазылу жолы бөлек болғанымен дыбысталуы мен ұғымы бір. Мұндай үдерістердің 
қалай жүзеге асқандығы, қанша уақытты меншіктегендігі жайлы тарих, тіл білімі 
сынды ғылым салаларында түрлі зерттеулер жүргізіліп, бірнеше ғылыми еңбектер 
жарық көрді, көріп келеді де. Себебі бұл сұрақтар әлі де нақты шешімін тапқан жоқ. 
Сонымен, бүгінгі таңда әр елдің өзіне тән жеке тілі, көпшілігінің жеке жазуы бар. 
Әрқайсысы өз алдына бірегей. Сол секілді түркі тілдер тобына жататын қазақ тілі 
де тамыры тереңде жатқан, ғасырлар бойы дамып жетілген ерекше сұлу тіл. Бұл 
мақалада біз жазудың ғылым саласы ретінде алғаш қалыптасуы мен оның қазақ 
жеріндегі негізін салушы ғалым жайлы сөз етпекпіз. 
Ғалымдардың айтуы бойынша ең алғашқы жазу түрлері кемінде осыдан 5-6 мың 
жыл бұрын қалыптасты. Көне жазу түрлеріне гүл және бағалы тастар тілі, кюпу 
жазуы (Перуандық инктер пайдаланған) вампус жазуы (Солтүстік Америка үндіс-
тері пайдаланған), жіп жазулары, одан бері Майа, Ацстек, Симерия, Египет, Қытай 
жазуларын жатқызады. 
Лингвист-ғалымдар жүздеген жылдар бойы жазуды зерттеп келе жатқанымен
оны жеке ғылым ретінде ұсынып, жазу туралы ғылымға грамматология деген атау 
берген поляк ғалымы Игнес Джей Гельб болды. Ол алғаш 1952 жылы кейіннен 1963 
жылы қайта басылып шыққан «A study of writing» («Жазу жайлы зерттеу») деген 
кітабында былай деп жазады: «Бұл кітаптың мақсаты әлі жазылуы керек жазу 
туралы толық ғылымның негізін қалау. Бірнеше жыл бұрын жазу туралы Англияда 
жарияланған кітаптың атауы ретінде қолданылған «грамматография» термині-
нің ізін жартылай жалғай отырып, жаңа ғылымға біз «грамматология» атауын 
берсек болады. Меніңше бұл термин түсінбеушілікке алып келетін «графология» 
немесе («филологияға» қарама-қарсы қалыптасқан) «филография» терминіне қа-
рағанда жақсы сай келетін сияқты. Басқалары «грамматология» сияқты нақты 
емес» [2: 23]. 
Грамматология жазудың типологиясын, графикаларды, олардың талдауларын
жазу мен сөйлеудің қарым-қатынасын қарастырады. Бұл қатарға жазу тарихын да 
кіргізетін ғалымдар бар. Бұл терминді кейіннен француз философы Жак Деррида 
1967 жылы жарық көрген «of Grammatology» («Грамматология жайлы») атты кі-


70
табында басқа қырынан танытты. Ол жазудың сөйлеудің қарапайым қайта тудыру 
формасы ғана емес, жазу арқылы берілген ойлардың білімнің табиғатына, жалпы 
сипатына зор әсер ететіндігін көрсеткісі келді. 
Сонымен, кең және қысқа мағынасында да грамматология термині жазу туралы, 
яғни, жазуға қатысты зерттеулер жүйесін құрайтын ғылым. Бұл саламен айналыса-
тын ғалымды грамматолог ғалым деп атасақ керек. Ал, қазақ грамматологиясының 
алғашқы грамматологы кім? Қазақта жазуға алғаш анықтама беріп, оның түрлерін 
көрсеткен, жазу мен сөйлеудің ара-жігін ажыратқан ғалым кім болды? Әрмен қарай 
мақала осы бағытта өрбімек. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет