60х84 1-8 Сарыбаев indd


– Уфа, 1994. 82 ДИАЛЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ


бет46/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

– Уфа, 1994.


82
ДИАЛЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Мұхамбетов Ж.
филол. ғ. к., доцент, қауымдастырылған профессор
Ермекқалиева Ш.
филология мамандығының 1-курс магистранты
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Аймақтық тіліміздегі диалектілік тілдік ерекшеліктер ол халық тілінің байлығы, 
оның бөлінбес бір қазыналы тілдік тарихи-мәдени мұрасы. Осы тіліміздегі диалек-
тілік ерекшеліктердің тілдегі қызыметі мен оның тілдік табиғатын жете түсіну, оны 
жан-жақты зерттеу бүгінгі ұлттық тіліміздің дамып, жетілген тұсында оны толық қа-
растыру тілде өзекті болып табылады. Тілдегі жергілікті тіл ерекшеліктерін барынша 
жиып-теріп, зерттеу оларды тұлғалық және мағыналық жағынан саралап, лингвисти-
калық тұрғыда тілдік табиғатын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеп, сарап-
тап, лексика-сем-антикалық, тақырыптық, мағыналық т. б. түрлі жақтарынан жіктеп, 
қарас-тыру қажет. Ауызекі тіліміз бен түрлі ақын-жазушылар тіліндегі жергілікті тіл 
ерекшеліктерін зерттеу арқылы да сол аймаққа тән тек тілдің өткенін, түп тамырын 
ғана емес, сол тілді қолданушы халықтың мәдениетінің тереңін, тіл тұңғиығын, ха-
лықтың жергілікті тілдік табиғатының, сөз байлығының, сөз құнарының тереңін бі-
луге болады. Диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер жергілікті халық өмірінің 
тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен таным, көзқарас-тарына тікелей байланысты. Олар 
арқылы халық тілінің мол тілдік мұралары қалыптасып, дамып, қажетінше жалпы-
халықтық тілдің мол тілдік қорына әсер етіп, оларды байытып, толықтырып та оты-
рады. Тілімізде айшықты көр-ініс тауып, жергілікті жерге қатысты халықтың бүткіл 
рухани-мәдени өмірінен, өмір сүру салты мен әдет-ғұрыпынан, тұрмыс-тіршілігінен 
т. б. мол нақты мәліметтер беретін диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер матер-
иалдар, бірліктер арқылы көрініс табады. Қазақ тілінің аймақтық, жергілікті тіліндегі 
көптеген сөздерді танып-білуде, оларды өз кәдемізге жаратуда, хал-қымыздың төл 
тіл байлығын байытуда тіл білімінің сүбелі бір саласы – диал-ектология ғылымының 
алатын орны ерекше. Қандай да тілдің болмасын өзінің жергілікті тіл ерекшелікте-
рінен бастап, тілдің ең жетілген, сұрып-талған жоғарғы түрі жалпыхалықтық әдеби 
тілге дейін дамып, нормаланып, қалыптасып отырады. Тілдегі көптеген жергілікті тіл 
ерекшеліктері, сан түрлі сөздері арқылы сол халықтың яғни ұлттың салт-дәстүрін, 
әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін, болмысын, танымын, тарихын көруге болады. Қазақ 
тілін-дегі жергілікті диалектілерді барынша зерттеп, зерделеудің қазіргі қазақ тіл бі-
лімі үшін үлкен мән-маңызы зор. Себебі тіл халық тарихы, мұрасы, оның өткені мен 
бүгіні, тіл біздің рухани мол құндылықтарымыздың басты белгісі болып табылады. 
Тіл халықтың айнасы десе де болады... 
Осы орайда диалектология (гр. dialektos – сөйлеу, гр. logos- білім, ілім) – тіл білі-
мінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу си-


83
патын, ұлттық және әдеби тілге қарым-қатынасын зерттейтін саласы. Бүгінгі күнде 
қазақ диалектологиясы тіл білімінің дербес саласына айналды. Тілдегі диалектілік 
ерекшеліктер түрлі тілдерде бірінде аз, бірінде көп мөлшерде сақталып отырады. 
Қазіргі диалектілер алғашқы қауымдық құрылыс кезінде белгілі бір тайпаның сөй-
леу тілі де болған. Демек, диалект дегеніміз – жалпыхалықтық тілдің бір тарауы, 
одан тыс құбылыс емес. 
Диалектология ғылымының теориялық негізі сонау Марксизм-Ленин-изм клас-
сиктерінің еңбектерінде берілген. К. Маркс пен Ф. Энгельс диалек-тінің алғашқы 
қауым кезінде ру, тайпа тілі ретінде, одан кейінгі қоғамдарда халық, ұлт тілдерінің 
бір бөлігі ретінде адамдар коллективіне қызмет еткенін көрсетті. Алғашқы қоғамда 
әрбір тайпаның өзінің тілі болған. Ф. Энгельс тайпа мен диалект жөнінде: «Тай-
паның өзіне ғана тән ерекше диалектісі бол-ды. Шындығында, тайпа мен диалект 
бір-біріне сай келеді», – дейді. Тайпа өз ішіндегі адамдардың көбеюіне байланысты 
бөлшектеніп, одан енді бірнеше жаңа тайпа бөлініп шығады. Одан бөлініп шыққан 
туыс тайпалар бірінен-бірі территория жағынан қашықтап, олардың әрқайсысының 
тұрмысында, сондай-ақ тілінде өзіндік ерекшелік пайда болады. Осылайша бастап-
қы бір-тұтас тайпа тілінен туыстас бірнеше тайпалар тілі жасалады. 
Ал халық, ұлт тілдерінің құрамындағы диалектілерге тоқталар болсақ, олар бас-
қаша қоғамдық құрлыс жағдайында қалыптасқан. Одан кейін адам-дар бірте-бірте 
бұрынғыдай ру-тайпасына қарай емес, аймақтарына, тұрғын жерлеріне, қоныстан-
ған территориясына қарап жіктелетін болған. Сол себеп-тен де диалектілер жергі-
лікті сипат ала бастаған. Халық, ұлт тілдерінің, жер-гілікті диалектілердің пайда 
болуынан тайпалық тіл белгілері тіпті де із-түзсіз жоғалып кетпейді. Халықтардың 
қоғамдық, тарихи жағдайы біркелкі еместігін және тіл құрылысының негізінен тұ-
рақты сипаты барын еске алсақ, қазіргі кезде де көне дәуірде пайда болған тайпалық 
тілдерге тән кейбір сөздер, диалектілік тілдік элементтер, тілдік тұлғалар сақталып 
қалған. Жер-гілікті диалектілердің қалыптасуы, дамуы белгілі бір тарихи жағдай-
ларға, қоғам өміріне, қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуына бай-ла-
нысты. Кейбір тарихи жағдайлар, қоғамдық-экономикалық формациялар жергілікті 
диалектілердің дамуына, тілдегі диалектілік ерекшеліктердің мол-аюына әсер етеді. 
Кей тарихи жағдайлар, керісінше диалектілердің дамуына кедергі жасап, олардың 
бірте-бірте жойылуына әкеледі. Диалектілердің дамуына неғұрлым қолайлы жағ-
дай феодализм дәуірінде туды, себебі нату-ралды шаруашылықтың басым болуы, 
ел ішінде тығыз экономикалық бай-ланыстың болмауы халықты саяси, экономика-
лық жағынан бөлінушілікке әкеп соғады, осыдан барып біріңғай тілдік байланыс 
бұзылады. Елдің эконо-микалық жағынан тұйықталған жеке аудандарда жергілікті 
диалектілер қалыптаса бастайды. Феодалдық дәуірдегі бөлінушілік неғұрлым күш-
ті бол-са, соғұрлым диалектілердің дамуына қолайлы жағдай туады. Тілдегі жалпы-
халықтық емес жеке элементтер феодализм дәуірінде бұрынғысынан да молая түсе-
ді. Сол себепті де феодализм дәуірінде тілде жергілікті диалекті-лер өте мол болды. 
Бірақ рулық бытыраңқылықтың жойылып, ірі феодалдық мемлекеттердің құрылуы-
нан, капитализмнің дамып, ұлттардың, ұлт тілдері-нің пайда болуынан диалектілер 
бірден жойылып кетеді деп ойлауға бол-майды. Ұлт тілдерінің қалыптасуы кезінде 


84
жаңа диалектілік ерекшеліктер бұрынғыдай дами алмайды, бірақ бұрыннан қалған диа-
лектілік ерекшеліктер ұзақ уақыт сақталады. Дегенмен, капитализм дәуірінде өндіріс-
тің капиталис-тік тәсілінің дамуымен, ұлттың және ұлт тілдерінің қалыптасуымен бай-
лан-ысты жергілікті диалектілер бұрын болмаған өзгеріске ұшыраған. Жергілікті тілдік 
ерекшеліктер яғни диалектизмдердің жойылуына өте қолайлы жағдай ол социализм 
дәуірі. Әдеби тілдің әсері бұл кезде тілде мейілінше күшейеді. Халық ағарту ісінің, мә-
дениеттің алға басуы, баспасөздің, радионың, теле-ведение т. б. кең тарауы жергілікті 
диалектілерге әдеби тілдің әсерін арттыратын факторлар болып табылады. 
Халық я ұл тілдерінде кездестін ерекшеліктер ешуақытта біріңғай си-патта болған 
емес. Олар пайда болу жағынан да, жалпыхалықтық әдеби тілге қатысы жағынан да 
әр түрлі болып келеді. Бұлар тіл білімінде жергілікті және әлеуметтік диалектілер не-
месе говорлар болып екіге бөлінеді. Тіл тарихын жасауда жергілікті диалектілер мен 
говорлардың алатын орны зор. Шын мәнінде жергілікті диалектілер мен говорларды 
толық зерттемейінше халықтық, ұлттық тілдер мен әдеби тілдің қалыптасу тарихын 
толық білу мүмкін емес. Ұлттық тіл де, кейде әдеби тіл де жергілікті диалектінің, говор-
лардың негізінде дамиды. Мысалы, орыстың ұлттық әдеби тілі Москва говор-ының, 
ағылшынның ұлттық әдеби тілі Лондон диалектісінің, Италияның ұлт-тық әдеби тілі 
Тоскан говорларының негізінде жасалғаны белгілі. Ал әлеу-меттік диалектілердің тіл 
тарихындағы алатын мәні шамалы. Олардың ішінен тек жергілікті кәсіптік мәні бар 
сөздер ұлттық әдеби тілдің лексикасын байы-туда, жетілдіруде белгілі мөлшерде үлес 
қосады. Бұл айтылғандардан жергі-лікті диалектілер мен говорлардың тіл тарихында 
алатын орны ерекше екенін көруге болады. Сол себепті диалектология ғылымының 
зерттейтін негізгі нысаны жергілікті диалектілер болып табылады. 
Негізінен қазақ диалектологиясының тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан 
басталады. Халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі жергілікті ерек-шеліктерді зерттеу, экс-
педициялардың ұйымдастырылуы XX ғасырдың 30-жылдары ғана қолға алынғанмен, 
қазақ тілінде жергілікті ерекшеліктердің кездесетіндігі туралы одан әлдеқайда бұрын 
айтылған. Миссионерлік пиғыл-мен болса да, қазақ тілінің орыс жұртшылығына та-
ныстырыла бастауы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталатыны белгілі. Сол кез-
дердегі еңбек-терден-ақ қазақ тілінде жергілікті ерекшеліктер бар деген тұжырымды 
анық байқауға болады. Мысалы, Н. Ильминский « Материалы к изучению киргиз-ского 
наречия» деген еңбенінде «... для человека, живущего в Оренбурге, вовсе невозможно 
познакомиться с киргизским наречием по книгам... Изу-чение его можно только сре-
ди киргизов», – деп жазады [1]. Мұндай пікір П. М. Мелиоранский еңбектерінде де 
кездеседі. Зерттеуші былай деп жазады: «Оренбургская губерния представляет из себя 
весьма интересное поле наблюдения для тюрколога, так как в ее смешанном татар-ско-
башкирско-киргизском населении можно знакомиться не только с эти-ми тремя наре-
чиями, но местами и с различными переходными говорами. Язык киргизов Оренбургс-
кой губернии несколько иной, чем язык их соро-дичей в степях Западной Сибири» [2]. 
Ендеше қазақ тілінде жергілікті тіл ерекше-ліктері кездесетіні туралы пікірдің тарихы 
өте ертеден басталатынын көреміз. Халықтың ауызекі тіліндегі өзгешеліктер туралы 
XX ғасырдың басында да жан-жақты сөз болған. Жалпы тіліміздегі диалектілер мен 
говорлар диалекто-логия мәселелерін қарастырып, шешу үшін ғана зерттелмейді. Жер-


85
гілікті тіл ерекшеліктерін, диалектілерді, ондағы тіл ерекшеліктерін танып білудің тіл-
дің өткенін, тарихын зерттеуде, ұлт тілінің сөз байлығын меңгеруде оның теориялық та, 
тәжірибелік те мән-маңызы зор. Жалпы алғанда, XX ғасырдың басында қазақ зиялыла-
рының ағартушылық саласында тынбай ізденіп, ғыл-ымның қай саласында болмасын, 
батыл қадамдар жасағаны тарихтан белгілі. Алайда жазудың түрлілігіне, материалдың 
тапшылығына байланысты ол кезең әлі толық зерттеу нысанына айнала алмай келеді. 
Сондықтан бұл шағын мақаламда XX ғасырдың басындағы қазақ тіліндегі жергілікті 
тіл ерекшеліктері туралы барлық пікірді санамалап шығамыз деген ойдан аулақ-пыз. 
Бірақ қолда бар мәлімет, деректерге қарағанда, бұл кезеңде бірқатар батыл тұжырым-
дар айтылған. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері туралы пікір ғалым, Қ. Кемеңге-
рұлының «Қазақша-орысша тілмаш туралы түсініс», Ж. Аймауытовтың «Тіл туралы», 
«Әдебиет тілі мен емле» т. с. с. мақалаларда сөз болады. Аталған мақаласында Қ. Ке-
меңгерұлы «Қазақша-орысша тіл-машта» бірқатар, көптеген түсініксіз сөздердің кезде-
сетінін, себебі сөздік құрастырушылардың көпшілігі Ақмоладан болғандықтан, сөздік-
те бірқатар Ақмоланың жергілікті сөздері кіріп кеткенін ескертеді [3]. Ғалымның осы 
сөздерінен-ақ қазақ тілінде жер-гілікті тіл ерекшеліктері кездесетінін байқауға болады. 
Бұл орайда, әсіресе Жүсіпбек Аймауытұлының мақалаларына назар аударарлық. «Тіл 
туралы» деген мақаласында: «Қазақтың әр елінде, әр гүбір-несінде өздері ғана қолдана-
тын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғыл-ым тілінде 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет