60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет57/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

аманатқа алынған ноғайлық 
Петр Урусовпен елге қайтпақшы болады. Дегенмен өзінің отбасы тұтқынға түсіп, 
ойы жүзеге аспайды. 


108
Тарих сахнасына тек бір ел ғана аманат алмайды, екі жа та аманат, кепілдік беретін 
тұстар да жетерлік. Әрі екі жақтың да кепіл адамдарын өзара мәмілеге келе отырып, 
босатылуы айтылады: «... Тәуке Тобылға қасына Түркістанда аманатқа ұсталып қал-
ған орыс елшілігінің қызметкері Александр Алемасов пен тілмаш Жолай Шаманаев-
ты ертіп Тайқұмыр би Аталық ұлын жөнелтіп еді. Оған: «Келдей елге қайтпайынша, 
орыс елшісі Неприпасов та қайтарылмайды, бұл талабымыз орындалмаса ат-құйры-
ғын біржора үзісеміз», — деп ашып айту қатаң тапсырылды. Тәукенің ойынша, мұн-
дай үзілді-кесілді талап екі жақты иә біржола ұғыстыруға, иә біржола шағыстыруға 
тиісті. Айтса айтқандай-ақ, патша Келдейді босатып, ат-шапан айыбын төлеп, еліне 
риза қып аттандыруға әмір етті. Келдей Тобыл казактары Федор Скибин мен Матвей 
Трошин деген екі елші Түркістанға барған кезде қайтарылатын болды... » [7]. 
«Жанталастағы» кездескен әр аманат концептісі екі ел арасында жүрген адамның 
кепілдікке берілуі екендігін анық көрдік. Демек, екі елдің мәмілеге келуі, екінші елдің 
айтқан сертін орындауына дейінгі уақытта міндетті түрде аманатқа ұлы, бауыры ба-
ратынын зерделедік. Әрі аманатталған жан барған елінің саяси оқиғаларына белсене 
қатысқандығын, сауатын ашқандығын да байқаймыз. Сөзім дәлелді болуы үшін тағы 
да дереккөздерді ұсынайын. Ежелгі орыс князі Ярослав Алтын Орданың билеушісі 
Батыйдың билігін толық мойындағанының белгісі ретінде өзінің ұлы Александрды 
аманатқа берген. Ал Иван Грозный Сайын-Болатты кепілдікке ұстап отырғаны тарих-
тан белгілі. 
Аманат ретінде өзге елге жіберілген Мұрат сұлтанның сырт келбетін, тұлғалық 
қасиетін, өзі шөбере болып келетін әжесі Әз ханыммен қоштасу сәтін автор шебер 
суреттеген: «... Ораз-Мұхамедке айырбас ретінде аманатқа жіберілген Мұрат сұлтан 
—дене бітімі нәзік, сұңғақ бойлы, сәнмен өрілген ұзын қос тұлымды сегіз жасар бала 
еді. Қызыл шырайлы, желқақты, сұлу жүзінде өз жасынан бөтен салмак, жұқалтаң 
ернінде қатқыл пішім бар. Өткір қара көздерінен мұңды акыл танылғандай. Жүріс- 
тұрысынан, ісі мен қамылынан жасанды мінез емес, қалыпты дағды, сүйекке біткен 
бекзаттық байқалады. Тіпті балалықпен айтқан сөздерінің өзінде байып бар. 
– Енді бәрің де қайтасың. Сендердің орындарыңа келдім, — деп еді, Мырза Жұр-
тына жетіп, ағайын-туыстарымен тегіс қауышып, үлкен әже — Әз-ханымның кұша-
ғынан шыққан бетте. 
Өңі толқи құбылып кеткен Әз-ханым: 
Алда, жарығым-ай, —деген көзіне жас алып. Жер түбінен, қатерлі, алыс жолдан 
келген кішкентай шөберені қайтадан бауырына басты. — Ел-жұрты үшін басы бәй-
геге тігілген асыл тұқым! Абдан туған арысым!— Еңіреу, өксусіз ағыл-тегіл жыла-
ған...». Берілген үзіндіден аманат ретінде ауыстырылған немесе жіберілген тұлғаға 
жақындарының, елінің көзқарасын көреміз. Аманатталған тұлғаның өмірі қауіпте 
екендігін де көріп отырмыз. Тарихта аманатқа қиянат жасайтын тұстары да бар. «... 
Бірақ хан одан жақында өзінің Ордасына Жанкентті тексеруге прапорщик Муравин 
келетінін, ал оның негізгі қызметі ханды аңду екенін білді. Ал сол күні түнде Неп-
люев Петербургке, сыртқы істер коллегиясына: «Әбілқайыр туған баласын 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет