«КӨНЕ ТҮРКІ СӨЗДІГІНІҢ» ОРНЫ
Шойбеков С., Ракишева З.
№94 жалпы білім беретін мектеп
Шымкент қаласы
Көне түркі сөздігі ҮІІ-ХІІ ғасырлар арасындағы түркі халықтарының қолданған
тілдік бірліктерін қамтиды. Осы кезеңдегі түркі жәдігерлері түрлі графикамен жа-
зылғанмен, «Көне түркі сөздігінде» латын графикасымен беріледі. Мысалы, Ор-
хон-Енисей жазбалары «Білге қаған», «Тоныкөк», «Күлтегін» жырлары көне түркі
графикасымен немесе ғалымдар айтып, жазып жүргендей руникалық жазбамен жа-
зылған. Ал орта ғасыр ескерткіштері араб қарпімен, манихей жазуымен т. б. жазыл-
ған. Біздің түсінігімізде, бұл сөздер әртүрлі графикамен берілген сайын оқылуында
да өзгешелік болып, түпнұсқадан толық алыстамаса да, сөздің алғашқы нұсқасына
(оригинал кейпіне) нұқсан келеді деп ойлаймыз.
Бұл сөздікке 20 000-дай жеке тілдік бірліктер, тұрақты тіркестер енген. Сонымен
қатар осы кезеңдерге тән ономастикалық атаулар да осы сөздіктен табылады.
Көне түркі сөздігі аударма-түсіндірме сөздік түрінде берілген. Бұл сөздікте тір-
келген сөздер орыс тілінде түсіндіріледі. Әрине, кей сөздерді түсіну үшін энцикло-
педиялық түсіндірулер қажет болғандықтан, кеңінен түсіндіру де бұл сөздікте қол-
данылған. Жекелеген сөздер мен тұрақты тіркестерді түсіндіру үшін жәдігерлер-
ден мысалдар алынып, жанына түсініктемесі қоса берілген. Аудармасында күмәнді
деп танылған кей атаулардың жанында сұрақ белгісі (?) қойылған [1]. Бұл сөзімізді
мына мысалдар дәлелдей алады:
Сөздіктің алғашқы беттеріндегі осы мысал аш сөзінің милость деген аудармасы-
на күмәнмен қарайды. Десек те, бұл сөз түркі тілдерінде оның ішінде қазақ тілінде
жаны ашу мағынасындағы аш сөзі екендігін дәлелдеп тұр. Осыған қарап, түркі
сөзінің ішкі мән-мазмұнын, энергиясын, мағынасын сол халық иесі ғана терең тү-
сінетіндігіне көзіміз тағы бір рет жетті. Осы сөздікті түзушілер үшін, әрине, мың
алғыс. Бірақ түркі сөздерінің ішкі қуатын түркі ғана түсінетініне тағы бір дәлел
ретінде осыны байқаймыз.
Көне түркі сөздігі түркітанушы, тілші ғалымдарға арналып түзілген. Сондай-ақ
бұл сөздікті тек тілтаншылар ғана емес, тарихшылар үшінде тиімді, пайдалы сөздік
танимыз.
Сөздіктің хронологиясы руникалық, манихей жазба ескерткіштерінен бастап,
ХІІі ғасырға дейінгі ескерткіштер тілі қамтылған. Сөздіктің алғысөзінде жазылған-
дай, түркі тілдеріне моңғол шапқыншылығынан кейін көп өзгерістер болған. Сол
141
себепті сөздікке осы ғасырға дейінгні ерекшеліктер ғана енгізілген. Сөзбе-сөз кел-
тіретін болсақ: «К середине ХІІІ в. В результате монгольского нашествия произош-
ли значительные миграции тбркских народов. Это повлекло за собойц резкое из-
менение языковфых особенностей. С указанного времени на базе новых языковых
коллективов начинают складываться и новые литературные центры: Средняя Азия
и Хоразем, Поволжье, крым, Малая Азия. Поэтому письменные памятники ҮІІ-ХІІІ
вв. Оказываются обособленными, а период до ХІІІ в. в известной мере автономным
в истории тюркских языков» осыны негізге ала отырып, жәдігерлерді алуда моңғол
шапқыншылығына дейінгі аралықты қамтығанын айтады [1, 6 б.].
Көне түркі сөздігінің негізгі иллюстрациялық материалы ретінде пайдаланылған
ескерткіштер жазу тұрғысынан, нақтылай айтқанда, графикасы тұрғысынан, 5-ке
бөліп қарауымызға болады: орхон-енисей жазбалары, манихей, брахма, ұйғыр, араб
жазулары негізінде жазылған ескерткіштер. Мұндағы брахма негізінде жазылған
ескерткіштер түркілердің тәңіршілдік заманынан қалған ескерткіштер деуге әбден
болады.
Ең бірінші, руникалық жазба ескерткіштері саналатын Орхон-Енисей жазбалары
сөздікке негіз болды. Бұл ескерткіш үлкен 6 (алты) жазбаны қамтиды. Олар: Күлте-
гин, Білге қаған, Тоныкөк, Мойын-Шор, Кули-шор. Осы ірі алты ескерткіштермен
қатар жүзден аса оқылуы қиын кіші жазбалар қолданылды. Қой-Сары, Қара –Тал
бойынан табылған ескерткіңштер мен қатар «Ырқ бітіг», яғни «Бал ашатын кітап»
та осы сөздіктің сөзтізбе қатарын толықтыруға үлкен үлес қосты.
Екінші дереккөз ретінде үлкен үш ескерткіш қолданылды. Олар: Махмұт Қаш-
қаридың «диуани лұғат ат-түрк» еңбегі, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», соны-
мен қатар «Һибадат ул-хақайық» жәдігерлері. Бұл ескерткіштер ұйғыр жазуымен
жазылған. Бұл ескерткіштерде көптеген жұмбақтар, мақал-мәтелдер, өлеңдер, ха-
лықтық эпикалық өлеңдер, дидактикалық материалдар берілген.
Үшінші топты ұйғыр жазуымен жазылған будда дінін негізге ала отырып жа-
зылған шығармалар құрайды. Бұл топтағы ең үлкен туынды саналатын 700 беттен
тұратын «Suvarnaprabhasa». Бұл шығарма қытай тілінен көне ұйғыр тіліне аударыл-
ған. Сол кезеңге тән көне лексика мен көне грамматикалық форманы сақтай алған
бірден-бір жәдігер деуімізге болады. Ескерткіште қытай тілінен енген кірме сөздер
де бар екендігін байқауымызға болады.
Осы кезең ескерткіштеріне көне түркілердің тұрмыстық лексикасының бай бол-
ғандығын, құжат тілі мен емдеу жайлы еңбектердің де болғанын көреміз. Мұндай
ескерткіштерді С. Е. Малов пен В. В. Радловтың «Памятники уйгурского языка»
атты еңбектерінен көруімізге болады. Сондай-ақ «оғыз қаған туралы аңыз» да осы
кезең ескерткішіне жатады. Сөздікте бұл ескерткіштен де мысалдар алынған.
Көне түркі сөздігінің дереккөзіне айналған төртінші топқа манихей жазуымен
жазылған ескерткіштерді жатқызамыз. Бұған
атты ескерткіш жатады.
Бесінші топ, көп болмаса да, А. Габеннің еңбектерінен алынған 15 шақты брахма
жазбаларын қамтиды. Соғды, тибет, қытай тіліндегі кей жазбалар сөздікке дереккөз
ретінде алынған жоқ.
142
Бұл сөздіктің негізгі міндеті көне түркі тіліндегі барлық сөздерді сөзтізбеге енгі-
зу болды. Бірақ көне түркі сөздігі тезаурус типтегі сөздікке жатпайды. Оның орны-
на көрсетілген мағыналары мәтіндегі қолданысына орай көрсетіледі. Осы себептен
де сөздің семантикалық талдауы толық деп саналады.
Сөздік мақала құрылымы. Көне түркі сөздігінің сөздік мақаласы мына сызба бойын-
ша беріледі: сөз – этимологиялық анықтама – грамматикалық белгі – негізі сөз түсін-
дірмесі – иллюстративті материал – негізі сөз қатысқан тұрақты тіркес – сілтеме. Көне
түркі сөздігіндегі сөздік мақала әліпби жүйесімен берілген. Негізгі сөздер жартылай
қара, латын графикасымен берілген. Грек әріптері баспа таңбаларымен берілген.
Кей таңбалар түркі тілдеріндегі дыбыстардың аллофондарын беру үшін пайда-
ланылған. Дыбыстың сәйкестіктер арқылы пайда болған сөздер бір мағынаны бер-
се де, жеке сөзтізбеде беріледі. Мәселен,
сонымен қатар
секілді сөздер әр ескерткіштерде әртүрлі кейде бір ескерт-
кіштің өзінде әртүрлі жазылатын сәттері кездеседі.
Сөздікте консонантизмге негізделген түркі жазуына тән bk сөзінің тек қана bek
тұлғасы ғана қолданылды.
Сөздіктегі омоним сөздер де жеке сөздік мақалада беріліп, рим цифрымен бел-
гіленген. Етістік негізді сөздер сыртқы тұлғасы сәйкес келгенмен, омонимдер деп
көрсетілмеді. Себебі олардың соңында дефис жазылатындықтан, омонимдер қата-
рына енбеді немесе керісінше жеке омомним құрай алатындай мүмкіндігі бар екен-
дігі көрсетілген.
Мысалы:
Мына суретте көрсетілгендей, есім омонимдер бір сөздік ұяда, ал етістік типтегі-
сі бір сөздік ұяда беріліп отыр.
Кірме сөздердің этимологиялық анықтамасынан кейін сөздікте орысша аударма-
лары берілген. Қажет болған жағдайда бот. (ботаникалық), рел. (діни), астр. (астро-
номиялық) т. б. секілді арнайы қысқартылған белгілер қойылған. Орысша аударма-
лары тік жазумен, ал түсіндірмелер мен арнайы белгілер курсив жазумен берілген.
Көне түркі сөздерінің негізгілері үлкен әріптермен, жекелеген мағыналары бө-
лек-бөлек араб цифрымен белгіленеді. Өзара жақын мағыналары нүктелі үтірмен
ажыратылады.
Жекелеген лексемалардың зат есімге, сын есімге, үстеуге категориалды-грамма-
тикалық қатынасы жеке мағыналарының берілуі арқылы, кейде в знач. сущ., в знач.
прил. деген секілді немесе нақтылайтын дәйектемелер жетіспеген жағдайда нүктелі
үтірмен бір мағына аясында беріледі.
143
Кей сөздердің қызметтік мағынасы немесе мәтін ыңғайында берілетін мағынасы
барлық мағынасы беріліп болғанан кейін в служ. знач. деген белгі арқылы көрсеті-
леді.
Іші-бауырына кіру
Сөз өзінің өмір сүрген әр дәуірінде түсіндіруді қажет етті. Осыған қарап сөздік
жасау жеке сала болып қалыптасты. Сөздің туу тарихы, оның фонетикалық өзгері-
сі, морфологиялық құрылымы, мағына эволюциясы тіл дамуындағы сөз қызметінің
өзгеруін, сол тілдің иемденуші ұлттың мәдени құндылығы ретінде қарау белгілі бір
деңгейде тарихи тіл білімінде қарастырылады. Осы процестердің барлығы сөздік-
тердің негізгі құралы болып есептеледі.
Тарихи бағыттағы сөздіктер іс жүзінде ежелгі дәуір, орта ғасырлардан бері қол-
даныс тапқанымен, оның теориясының қалыптасып, дамығанына көп уақыт өте
қойған жоқ. Орыс ғалымы Г. А. Богатова тарихи бағыттағы сөздіктерді былайша
бөледі: 1) этимологиялық сөздік немесе тарихи-этимологиялық сөздік, 2) тарихи
сөздік, 3) диалектологиялық сөздік [2, 80-89 с.]. Зерттеуші Г. Көбденова «Қазақ ті-
лінің тарихи лексикографиясы: құрылымы мен ұстанымдары» деп аталатын дис-
сертациясында тарихи бағыттағы сөздіктерді бөліп, олардың ішінде қазақ тілінде
144
тарихи сөздіктің жоқ екенін, сөздік түзуді қолға алу керектігін айтады [3, 59 б.].
Лексикография, оның ғылыми негіздері қазақ ғылымында зерттеу нысанына бұ-
рындары аз ілінгенмен, кейінгі жылдары қарқынды дамып келе жатқан салалардың
біріне жатады. Сөздік жасау көнеден келе жатқан, арғысы М. Қашқаридың «Диуа-
ни лұғат ат-түрк» еңбегінен бастап, «Кодекс Куманикус» жалғастырып, 1774 жылы
құрастырылған «Скалон сөздігі», «Кодекс Куманикусты» Парижде бастырып шы-
ғарған Генрих Юлий Клапроттың еңбегі, В. В. Радловтың «Опыт словаря тюркских
наречии» деп аталатын үлкен сөздігі және т. б. түркі тілдеріндегі сөздіктер тарихын
жасауға көмектесті. Бертін келе ХХ ғасырдың басында сөздік жасау ісі біршама
оңғарылды деуге де болады. Бұған дәлел ретінде Қ. Кемеңгерұлының, 1931 жарық
көрген «Атаулар сөздігін» айтуға болады.
Сөздіктер түрік халқының жазба мәдениетімен қатар келе жатыр. Сөздік жасау
саласы тек сөздерді түсіндірумен ғана шектелмей, олардың тарих бетінде қалуын,
мағыналарының дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сөздің өмір сүру сипа-
тын айқындайтын бірден-бір құрал ретінде қызмет етеді.
Қазақ тілінде тарихи сипаттағы көне түркі сөздігін жасағанда төмендегідей фак-
торларды ескерген дұрыс:
– фонетикалық ерекшеліктері;
– грамматикалық факторлары;
– семантикалық ерекшеліктері;
– синтаксистік ерекшеліктері;
– тарихи-мәдени ерекшеліктері;
– сөз мағынасын ашу үшін иллюстративті материалдар берілуі тиіс [4, 130 б.].
1) Тарихи сөздіктердегі сөздік мақалада талданып отырған сөздің фонетикалық
өзгерісі қоса беріледі. Себебі сөз бүгінгі күнге жеткенше түрлі дыбыстық өзгеру
процестерін басынан кешті. Мысалы, қазақ сөзі (түркі сөзі) алғашқыда жуан айты-
лу деңгейін басынан кешірсе, бұл күнде жіңішкеру процесінен өтуде. Сондықтан
фонетикалық өзгерісті беру дұрыс.
2) Грамматикалық фактор сөздің түбірі мен қосымшасын айқындаудағы қажетті
фактор саналады. Тарихи сөздерге анықтама дұрыс берілмесе оның грамматикалық
формасының күрделілігінен сөзді оқырмандар түсінбей қалуы ықтимал. Мысалы
Радловтың сөздігінде өсім сөзінің түп негізі өс сөзі екені былай берілген: өсум (von
ős+um), яғни жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөздің түбірі қайсы екенін
көрсетіп беріп отыр.
3) Семантикалық фактор – сөздік мақаланың жанды жері. Сөзді түсіндіру үшін,
ең бірінші, оның мағынасын ашып беру керек. Егер мағынасы жөнді, жан-жақты
ашылмай қалса, өзге жанама мағыналар тасада қалып көрінбей қалуы мүмкін. Сон-
дықтан, мүмкіндігінше, түсіндіруді анық, кеңінен, барлық салыстырулар мен ұқсас-
тыруларды түгелдей жинақтап беру қажет. Ойды ой қозғайтыны секілді сөздік ма-
қалада берілген ой сөздікте берілген негізгі сөздің мағынасына сәуле түсіріп, оның
тасада жатқан мағыналарын ашып көрсетеді. Мысалы, адарғы сөзін алып қарасақ,
оған түсіндірме сөздікте мынадай анықтама берілген: өрмек жіптердің астыңғы,
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |