60х84 1-8 Сарыбаев indd


Контент – (ағыл. Сontent–


бет98/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Контент – (ағыл. Сontent құрам) ақпараттық ресурсты (мысалы, веб-сайт) кез 
келген маңызды ақпараттық толықтыру, мәтіндер, графика... 
Кэш (ағыл. «cache» – «қолма-қол ақша») – банкнотта және тиындар формасында 
заңды түрде төлем жасау. Ал тағы бір мағынасы – сатып алушының несие немесе 
бөліп төлеусіз бірден тауар ақысын төлеу. 
Кэшбэк (Cash back) – тікелей аудармасы қолма-қол ақшаны қайтару, алайда бұл 
терминді интернет-сауда саласында, банк ісінде және ойын бизнесінде клиенттер-
ді тарту мен адалдықпен жаулап алу мақсатында ұйымдастырылатын бонус бағ-
дарламасы ретінде түсінген дұрыс. Интернет саудасында кешбэк уақыт өте қай-
тарылатын жеңілдік болса, банк саласында клиентті банк картасы арқылы сауда 
жасауға шақыратын бағдарлама. 
Лайк және лайк басу. Лайк – (ағылшыннан аударғандаI Like «маған ұнайды» 
дегенді білдіреді) – бұл әлеуметтік желілердегі әйгілі батырма. «Лайк басу» неме-
се тек «лайктау» – белгілі бір «өте күлкілі, қызық, әсерлі» сөйленімге немесе «өте 
әдемі» сурет соңына «маған ұнайды» батырмасына басу. Бұл жағдай керісінше де 
болуы мүмкін. Онда адам «маған ұнамайды» мағынасын білдіріп, түрлі белгілер-
мен жауап беруі де ықтимал. 


186
Лайфха́к. неол. («life» және «hack» – «өмірді бұзу) – уақыт үнемдеуге көмекте-
сетін пайдалы, қолайлы кеңес немесе қулық. Лайфха́к практикалық міндеттердің 
шешімдерін өте ықшам мәтінде немесе ақпарат графикте, түсіндірме суретте тү-
сіндіру болуы мүмкін. 
Логин (login) – бұл өзіңіз әлдебір форумға тіркелген кезде жазуға тиісті, өзіңіз 
ойлап тапқан сөз. Кейіннен тіркелген сайтқа кіргіңіз келгенде әрқашан жазып оты-
расыз. Бұл сөзді ешкім көрмейді, ол сайттың немесе форумның кілті тәрізді. 
Маркетинг – (ағыл. marketing «нарықтық қызмет») сатып алушыларға өнім не-
месе қызметті жасау, ілгерлету мен ұсынуды және ұйымға пайда әкелу арқылы 
олармен өзарабайланысты ұйымдастыратын қызмет және үдерістер жиынтығы. 
Барынша қысқаша, маркетинг – пайда табу мақсатында нарықтық қажеттілікті 
қанағаттандыруға бағытталған қызмет. Кең мағынасында, маркетинг қолданысы 
«адами және қоғамдық қажеттіліктерді анықтау мен қанағаттандырудан» тұ-
рады. 
Мейнстрим (ағыл. «мainstream» – негізгі, басты ағым) – бұл адам тіршілік әре-
кетінің (мәдениеттану, көркем әдебиет, театр, музыка және т. б.) белгілі бір сала-
сындағы қоғамның даму векторын, басым мүдделі саласын, танымал бағытын бел-
гілеу үшін қолданылатын заманауи термин. Бұл – әлдебір жаппай үрдіс. Синоним-
дері: тренд, бренд, хайп. 
Мем – (ағыл. meme) ақпарат мәдениетіне арналған маңызды бірлік. Мем – адам-
нан адамға сөйлеу, хат, бейне, жоралғы, ым және т. б. арқылы берілетін кез келген 
идея, символ, әрекет манері мен бейнесі. «Мем» термині мен оның түсінігін эво-
люция биологы Ричард Докинз в 1976 жылы «Эгоистік ген» кітабында енгізген 
болатын. 
Менеджер (ағыл. manager – басқарушы) – жалдамалы басқарушы, өндірісті 
ұйымдастырушы маман. Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық 
жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым ал-
дындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет