63. Бәмсі-Байрақ туралы жырды әңгімелеп жазыңыз. 64. Домрул туралы жырды баяндап жазыңыз


«Құтты білік» дастанындағы Айтолды бейнесінің сыр-сипаты жайлы жазыңыз



бет4/4
Дата19.05.2022
өлшемі22,84 Kb.
#35096
1   2   3   4
Байланысты:
63-69 хандык

67.«Құтты білік» дастанындағы Айтолды бейнесінің сыр-сипаты жайлы жазыңыз.
Кітапта төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтуды бек - әділет бейнесі; Айтолды уәзір – бақыт бейнесі; Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесінде алынған, әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы дамиды.Енді осы кітап желісі бойынша Айтолды бейнесінің сыр-сипаты жайлы сөз қозғайтын болсақ ол патшаның оң қолы болып көптеген халықтық мәселелерді шеше білді.Яғни халық пен хан арасында мықты көпір бола білді.Сондай ақ қолында билігі бар құрығы ұзын ханның жаңсақ жасаған іс әрекеттерін бетіне басып айта білді.Халықты қалай басқару керектігін тәртіптік жүйені қалай дұрыс қою керектігін ханға айта білді.Жалпы айтқанда автор Айтолды бейнесі арқылы бақытқа бастайтын жолды нұсқады.Мұндағы негізгі мағына елдің ел болып қалыптасуының ең маңызды бейнесі ретінде Айтолдыны көрсетіп оның бойындағы құнды қасиеттер арқылы мәрттігін мақұлдатып,өлместің отын жағатұғын керегесі кең қабырғасы бекем мемлекеттің іргетасын ақылы толысқан кемеңгер тұлғаға негіздеді.
68.«Құтты білік» дастанындағы Күнтуды бейнесінің сыр-сипаты туралы жазыңыз.
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанында Күнтуды бек құдіретті әділ патша бейнесінде келеді.Өз елін тек әділеттілікпен басқарды.Әлеуметті әрі-сәрі әңгімелерге жетелеп сол замандағы қоғам пікірін қырық пышақ қылып қойған мәселелерді оңтайлы жолмен шеше білді.Қол астындағы қалың жұртына адалдықтың ақ туын желбіретін өз әмірлігін жүргізе білді.Халықтың жағдайын жақсартуға бар күш-жігерін жұмсады сондай ақ адам бойындағы құнды қасиеттер адам өмірі үшін елеулі орын алатынын үндеді.
69.«Құтты білік» дастанындағы Өгдүлміш бейнесінің сыр-сипаты туралы жазыңыз.
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік кітабында Өгдүлміш бейнесі кереметтей бейнеленген.Кітап желісі бойынша Өгдүлміш Айтолды уәзірдің баласы болып келеді.Өгдүлміш ақыл парасат бейнесінде келіп,адам құдіреттілігіне ой жете бермейтін, саналылығының, даналығының, қабілеттілігінің шегі, теңі мен телісі жоқ, киелі де қасиетті, аса күрделі жаратылыс екенін жеткізеді.Адамның адам болып қалыптасуындағы ақыл-парасаттылықтың орны жоғары екенін көрсетеді.Әкесі Айтолды өлген соң Күнтуды бекке қызмет атқарады.Халықтың қамы үшін Өгдүлміште аянбай қызмет етті.Қандай да болсын мәселелерді өзінің ақылы мен парасаттылығына салып көптеген мәселелердің оң шешімін шығара білді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет