63. Бәмсі-Байрақ туралы жырды әңгімелеп жазыңыз. 64. Домрул туралы жырды баяндап жазыңыз


Төбекөз дәуді өлтірген Бисат туралы жырды әңгімелеп жазыңыз



бет3/4
Дата19.05.2022
өлшемі22,84 Kb.
#35096
1   2   3   4
66.Төбекөз дәуді өлтірген Бисат туралы жырды әңгімелеп жазыңыз.
Бір күні қалың оғыз елін жау шабады. Бүкіл ел дүрлігіп, көше жөнеледі. Асығыс-үсігісте Аруз-қожаның емшектегі баласы жұртта қалып қояды. Оны ана-арыстан тауып алып, емізеді. Үңгіріне апарып бағады. Арадан біраз жыл- дар өтеді. Ел-журт бұрынғы жайлауына қайта көшіп ке- леді. Күн сайын қамыс арасынан адам секілді бір жәндік шығып, аттардың қанын сорып кетеді екен. Мұны жылқышы жүртқа хабарлайды. Аруз-қожа өзінің жоғалған ұлы сол жәндік екенін біледі. Әкесі оны устап алып, үйіне әкеледі. Бірақ жабайы бала қайта-қайта қалың қамыс ішіне кете береді. Ақыры оған Қорқыт ата өзі барып, оның адамзат баласы екенін, ал адам қашанда адамдар ішінде жүріп тіршілік ететінін түсіндіреді. Бала үйіне келеді. Оған Қорқыт ата Бисат деп ат қояды. Бір жолы Аруз-қожа аң аулап жүріп, бүлақ басында су шашып ойнап жүрген пері қыздарын көреді. Біреуін үстап алып, онымен көңіл қосады. Пері қызы Аруз-қожаға:— «Келесі жылы осы арадан „аманатыңды» алып кет»— дейді де көзден ғайып болады. Бір жылдан кейін Аруз-қожа сол жерден жалғыз көзді бала тауып алады. Ол өсе келе қолына түскен адамды да, малды да шетінен жалмай бе- ретін жалмауыз болып шығады.

Ел-жұрт Төбекөзден қатты қорқып, оның күнделікті азығына екі адам, бес жүз қойдан беріп түрады. Бүл елдің адамы азайып, жүрт қатары сиреп қалады. Ақыры Бисат батыр Төбекөзбен шайқасуға шығады. Бірақ жеңіліп қалып, жалғыз көзді дәу оны қойлармен бірге үңгіріне қамап қояды. Төбекөз үйықтап жатқанда Бисат оның жалғыз көзіне отқа қыздырған темір сұғып соқыр етеді. Бірақ Төбекөз әлі жеңілмейді. Ол Бисатты үстап алып өлтіру үшін қойларды біртіндеп үстап, үңгірден шығара бастайды. Бисат бір қойды сойып, соның терісін киіп шығып кетеді. Кейінірек ол ақыры Төбекөзді өлтіреді.„Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы жыр“— қаһармандық эпосқа үқсас сипаттары бар. Алайда мүнда Бисат жалғыз көзді дәуді батырлар жырындағыдай алып күшімен емес, қулығымен, ептілігімен жеңіп шығады. Мұның өзі Бисат туралы жыр ертегіден туындағанын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет