64.Домрул туралы жырды баяндап жазыңыз. Домрул жөніндегі халық аңызы — түгелдей дерлік ислам дініне қарсы айтылған жыр. Бұл жырдың исламға дейінгі дәуірде айтылған мотиві шығарманың сюжетінен-ақ айқын көрінеді.Домрул деген бір алып батыр аң аулап, өзен жағасында жүреді екен. Бір күні сол маңайға бір ауыл келіп қонады. Көп ұзамай солардан бір сұлу жігіт қайтыс болады. Бүкіл ел азан-қазан болып жылайды. Жас жігіттің қыршын кеткеніне Домрул қатты ашуланады. Ол ызаланып елден сұрайды:— Оны өлтірген кім?— дейді. Ел айтады:—Тәңірінің бұйрығымен өлді, оның жанын алған қызыл қанатты әзірейіл — дейді.Қаһарына мінген ер Домрул бостан-бос кісінің жанын алатын әзірейілмен соғысып, жас жігіттің жанын өзіне қайтарып бермек болады. Сонда тәңірі әзірейілге: “Домрулдың өз жанын алып кел” деп бұйырады. Әзірейіл іздеп үйіне келеді. Домрул қылышын қынабынан шығарады. Сол сәтте әзірейіл көгершінге айналып ұшып кетеді.Қорқыттың ажалмен күресудегі басты мотивтерінің бірі осы жырдан көрінеді.Ал, енді бұл жырдың “Қорқыт ата кітабына” енген жазбаша нұсқасында Домрул әзірейілден қорқып, құдайдан кешірім сұранады. Өзі тірі қалуы үшін қартайған әке-шешесінің жанын әзірейілге әперуге келіседі. қартайса да әке-шешесі баласы үшін өлгісі келмейді. Сонда Домрул әйелімен қоштасып шыкпақ бола-ды. Әйелі күйеуі үшін өз жанын беруге келіседі. Бірақ әзірейіл әйелдің күйеуіне соншалықты адал, берілген екенін біліп, оның жанын алмайды. Өлгісі келмеген әке-шешесінің жанын алып жазалайды. Домрул сүйікті әйелімен бір жүз қырық жыл ғұмыр кешіпті.Мұнда ерлі-зайыпты адамдардың бір-біріне деген адалдығы, шын берілгендігі, мөлдір махаббаты туралы жырланған.Дегенмен жырдың жазбаша нұсқасы халыктық эпосқа онша ұқсамайды. Домрул туралы жырдың жазбаша түрі ислам діні енді тарай бастаған дәуірде оны наси-хаттау мақсатымен жазылған секілді. Сондықтан бұл жырдың бізге ауызша, аңыз болып жеткен халықтық нұсқасына көбірек назар аударуымыз керек.
65.Қан – Төрәлі туралы жырды баяндап жазыңыз. Алтыншы жыр былай басталады. Сонау оғыз-қыпшақ дәуірінде Қаңлы-қожа деген бір данышпан кісі болған екен. Бір күні ол өз үлы Қан-Түралыны үйлендірмек бо- лыпты. Бірақ баласы болашақ қалыңдығына бүрын қүлақ естіп, көз көрмеген қатал талаптар қояды: „Маған тием деген қыз төсектен менен бүрын түруы керек, менен бүрын атты ертеп, атқа менен бүрын мінуі тиіс. Мен әлі жауға шабуыл жасамай түрған сәтте ол соғыс ашып, маған жаудың басын кесіп әкелуі керек. Мен тек сондай қызға үйленем»,— дейді. Әкесі үлына: „Ондай қалыңдықты өзің іздеп тап»,— дейді. Жігіт күллі оғыз-қыпшақ елін аралап ондай қалыңдық таппайды.Сонда Қаңлы-қожа қасына бір топ ақсақалдарды ертіп, баласына қалыңдық іздеп сапарға шығады. Ақыры олар Трапезунд еліне келіп, сондағы патша қызы нағыз алып екенін, екі қабат садақты қиналмай тартатынын есітеді. Бірақ патшаның күйеу баласы болам дегендерге қоятын талабы қатал екен. Патша қызына үйленуге дәмеленгендерге алдымен үш жыртқыш аңды: арыстанды, қара өгізді, қара түйені жеңуі керек. Осы шартты орындай алмаған отыз екі жігіттің басы қамал қақпасына қағып қойылыпты. Қаңлы-қожа мүның бәрін баласына айтып келеді. Қан- Түралы қаймықпайды. Сол елге барып, патша шартын орындайды. Қызын алып, той бітісімен дереу еліне қайтады. Жолда батыр бір жерге келгенде үйықтап алмақ болады. Бірақ қалыңдығы үйықтамай, қару-жарағын әзірлеп отырады. Өйткені қыз өз әкесінің опасыздығын, артынан қуып келетінін біледі. Шынында да патша көп әскермен келіп, Қан-Түралыны өлтірмек болады. Сақ отырған қыз үйықтап жатқан жігітті оятады. Қыз батыр- ларша сауыт, дулыға киіп әкесімен шайқасқа шығады. Қан-Түралы жараланады. Қыз қалың қолды жалғыз өзі жеңіп шығады. Бірақ Қан-Түралы өзін ажалдан алып ара- шалаған жігіт емес, қыз екеніне намыстанып қалыңдығын өлтірмек болады. Екеуі жекпе-жекке шығады. Шайқаста ол Қан-Түралыны өлтіріп қоя жаздайды. Сонда ғана екеуі қайта татуласып, жігіт қызды өз еліне апарып үйленеді. Жыр осылай аяқталады.