64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы 71. Орта ғасыр философиясындағы діни дүниетаным


) Қоғамдық сана және оның формалары



бет78/99
Дата10.05.2022
өлшемі244,65 Kb.
#33920
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   99
54) Қоғамдық сана және оның формалары

Әлеуметтік философиядағы негізгі мәселелердің ішінде қоғамдық болмыс үлкен орын алады, ал оның өзін анықтауда қоғамдық сананың рөлі айрықша маңызды. Қоғам дегеніміз - адамдар арасындағы күнделікті қатынастар. Қоғам өмірі - алуан түрлі қатынастардан тұратын аса күрделі және жан-жақты құрылым болып табылады. Қоғам өмірінің аса күрделі саласына рухани өмір жатады. Қоғамдық сана не деген сұраққа тоқтап, бұл ұғымның мәнін түсініп алайық.

Қоғамдық сана дегеніміз қоғамның рухани және матриалдық өмірінің, дүниетанымының, адам санасындағы шындықтың нағыз көрінісі ретінде, оның барлық формаларын қамтитын философиялық термин. Ондағы әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі осы сананы құрайды. Бұл түсінік өзінде қоғамдық идеяларды, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, философияларын және діни бағыттар мен ғылыми білімдерді қамтиды.

Сонымен қоғамдық сана қауымдастық сезімдер мен көңіл-күйлерді, салт-дәстүрлер мен мінез-құлықтарды, қалыптасқан әдептерді, әр алуан ұлттар мен халықтардың ерекшеліктерін қамтиды. Бұл ұғым қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың көрінісі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді деген сөз. Алайда қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалып қоюы мүмкіндігі бар. Жалпы Қоғамдық сананың құрамдық жағынан қарастырсақ:саяси, эстетикалық, діни, атникалық және т.б. болып бөлінеді. Енді оларды қарастыратын болсақ:

Мұндағы саяси сана дегеніміз осы өмірдегі саяси қатынастарды сипаттайтын, адамдардың осы саладағы іс-әрекеттеріне жолдайтын бағыт беретін қоғамдық сезімдер, көзқарастар мен идеялар жиынтығы. Демек, ол адамдардың саяси өмірді анықтап,оны сезінуі деген мағына. Бұл аталмыш санаға ең алдымен әлеуметтік саяси идеяларды, пікірлерді, мақсат-армандарды түсіну, саяси билікке деген өзіндік қатынасуы кіреді. Құқықтық сана болса мұндағы сана формасы ретінде қабылданған адамдарды мемлекеттегі заңдарға, өзіндік құқыққа сәйкес олардың қағидалары мен мәніне деген көзқарастар, пікірлер және ішкі сезімдердің жүйелік жиынтығы.Құқықтық сана саяси санамен өзара тығыз байланысты болып табылады. Оның құрамына әр бір тиiстi мемлекетте орнатылып отырған құқық нормалары, принциптері және заңдық тәртiбке сәйкес қылмыстың жазалануы, барлық қауымдастықтағы құқықтар кіреді. Құқықтық сананың негізін адамдардың өзіндік меншікті қатынастары мен жеке құндылықтары құрайды,сондай-ақ ол құқықтық мекемелермен толыққанды әрекеттестікте болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет