40) Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидің мистикалық дүниетанымы
Қожа Ахмет Ясауи ортағасырлардың танымал,әсіресе түркі тілдес халықтардың арасында, жазушы, ақын, пәлсапашы және ұлы ойшыл. Түркістандық ғұламаның 90 мыңдай шәкірттері болған және ілімі Хорезм, Мəуренаһр, Анадолыға дейін жеткен. Алайда тарихта үлкен із қалдырған тұлғалардың барлығы тек қана еселі еңбектерін емес, жұмбақ өмір сүрген ғұмырларында қалдырады десек болады. Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын жете түсіну үшін көптеген зерттеулер мен іздестіру жұмыстары жүрген болатын. Шынында да бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткердің дүниетанымы өз алдына танылмаған ғарыш секілді.
Қожа ахмет Яссауи дүниетанымының негізін қарастырғанда оны екіге бөлуге болады. Біріншісі Сопылық филсофия –басқа танымдардан ерекше исламдық дүниетаным формасы. Бұл топтарға уағыз-насихат, өсиет үлгісінде жазылған тəлім- тəрбие сипатындағы еңбектер жатады. Екіншісі оны қоғам қайраткері ретінде және ақындық өнері тұрғысынан сипаттайтын қағаздары. Сопылық танымды, Иасауиді әр түрлі адамдар әр түрлі қабылдайды.Мәселен осы сала Мамандары сопылардың еңбектерін түсініп пайдалана алса, ал басқа маман иелері бұл ағым туралы еңбектерді мүлде ұғына алмайды. Әпине оның өзіндік себептері бар. Ең басты себеп, құдайлық және адамдық таным арасындағы өзара байланыс мәселесі. Құдайлық танымның объектісі – мәтін, Құран Алланың сөзі, ал Мәтін мен “Иасауидің” ішкі тәжірибесі немесе ойлау жүйесі арасындағы ең үлкен қиындықтардың біріншісі, шектеулі сөздер феномендерінің шексіз рухани құндылықтарды сипаттауда және жеткізу мақсатында жеткіліксіз қалып коюы. Демек, сөз арқылы сопылық ондағы ақиқатты жеткізуде қиындақтарға толы, яғни шектеулі десе болады. Сопылық философиясында сөз феномені әрқашан екінші орында,ал бірінші кезекте хәл тұрады. Ол дегеніміз, сөз «қал» болса, рухани тәжірибеміз «хәл» деген мағына. Шексіз болмысты адам қалай және қай дәрежеде түйсіне алады,осы тұрғыдан әулие Иасауи шетсіз, шексіз рухани ішкі әлеміндегі тәжірибелерін соншалықты сөз арқылы түсіндіре алды.
Хәл дегеніміз сопылықтың әлемімен бірге болған рухтың шексіз жемісі.Егер адам Иасауидің шығармасын оқиыса, онда ол білімі мен танымы негізінде Иасауидің мәтінінен өзінше түсінік алады. Сонымен бұл дегеніміз оқылған мәтін адам мен Иасауи арасындағы ойдың берілуіндегі ортақ дүние. Осы мәтіндегі рухани тәжірибелердің ойшылдың қай дәрежеде қаншалықты жеткізгендігі бір мәселе деп алсақ, адамның мәтінді оқып, түсінуде Иасауидің сопалық ақиқаттарымен үндесе алады ма, бұл мәселенің екінші қыры болмақ. Сонымен Иасауидің дүниетанымы шынында да өте күрделі және оны түсіну үшін оның шығармаларын оқу жеткіліксіз болып табылады. Ұлы Қожа Ахмет бабамыздың шеберлігі көпқырлы болса сонымен бірге оның дүниетанымы да сондай сырлы болған десек болады.