Тақырып: Мұсылман құқығының қайнар көздері



бет1/2
Дата09.10.2024
өлшемі39,96 Kb.
#147468
  1   2
Байланысты:
мұсылман (1)


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Құқықтану кафедрасы
БӨЖ

Тақырып: Мұсылман құқығының қайнар көздері



Қабылдаған: Мергенбаев Е.
Орындаған: Әнуарбек А.
Тобы: ЗҚТ – 111
Түркістан-2024
Жоспар:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім

  1. Құран

  2. Сүндет амалдар

  3. Иджма

  4. Қияс

  5. Фирман, Канун

III.Қортынды


IV.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Мұсылман құқығы-қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелердің бірі. Кезінде ол Шығыс елдеріне көптеген ықпалын тигізген және қазір де ықпалын тигізуде. Мұсылман құқығы VIII ғасырдың басында фикх ілімінің ерекше бөлігі ретінде пайда болды. Фикх ілімін оқудың негізгі қайнар көзі ретінде Қалам Аллах пен Суннат ан-Набиді қарастыруға болады. Ол Алланың сөзі мен Мұхаммед Пайғамбардың сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер. Сүннеттерде- Сунна, шиіттерде-ахбар. Юридикалық және діни нормалар Исламда қызмет ету механизмі арқылы мұсылман елдеріндегі реттеуші нормалар болып табылады.
Тақырыптың өзектілігін екі тезис арқылы түсіндіруге болады. Соңғы кездері мұсылман дүниесі мен мұсылман емес дүниенің қарым-қатынасы ушығып кетті. Оны біз Шешенстанда болған террористік акт, Косовода болған конфликт, Израиль мен Палестинаның арасында болған дау арқылы көріп отырмыз. Бұл дауларда басты рөлді саясат атқарып отыр, бірақ құқықтық аспектті шетке ысырып тастауға болмайды. Бұл конфликтердің қарулы қақтығыс стадиясына ауысып кетпеуі үшін, мұсылман адамының дүниетамыны қалыптасатын, мұсылман құқығының негізін, әдет-ғұрыптарын, дінін әр жақты білу қажет. Шариғатты талқылау исламның маңызды жағына сүйену деген сөз. Бұл құбылысты түсіндіру, елестету соңғы кезге дейін тек академиялық басылымдардан көрініс тапқан. Ал Бұқаралық Ақпарат Құралдарында бұл діни ілім көне заманға ауытқыған, шыдамсыздық пен шектеулілік ретінде түсіндірілген. Ислам дінінің болашағы жоқ және қазіргі кездегі жағдайға сәйкес келмейді деп айтылған. Ол өз көрінісін тек ортағасырлық әдеттер қалып қойған мемлекеттерде табады деп есептелген.
Құран
Шариғаттың бастауы мұсылмандардың киелі кітабы – Құран, ( араб тілінен аударғанда, ал-құран-“дауыстап оқу”, “ілім”). Ол 610 және 632 ж ж аралығында Мұхаммед қалдырған хадистерден, үгіт-насихаттардан тұрады. Зерттеушілер Құраннан ерте Шығыстың құқықтық ережелерін және Исламға дейінгі Аравияның салт-дәстүрлеріне ұқсас жақтарын тапты.
Алғашқыда пайғамбар хадистері ауызба–ауыз беріліп отырды. Олардың көбісін дінге сенушілер жазып алып отырды, кейіннен Мединада Мұхаммед пайхамбардың бұйрығы бойынша олар жүйелі түрде жазылып алынып отырды. Құран мазмұнын заңдастыру және оны басып шығару Олиф халиф (644-656жж) тұсында болды. Құран арабтарға “әкелер дәстүрін” тастап, Ислам орнатқан ережелерді ұстануға шақырады. Оның құқықтық маңызы жөнінде Құранның өзінде былай делінген: “Сонымен, біз оны арабтардың құқықтық жинағы ретінде жібердік”.
Құран 6219 аятқа бөлінген, 14 сүреден тұрады. Аяттардың көп бөлігі аңыз тұрінде, тек 500 аяты ғана мұсылмандардың өзін-өзі ұстау ережелерінен тұрады. Соның ішінде оның 80 көбін ғана құқықтық ережелерге (бұл ережелердің басым көпшілігі отбасы мен жанұяға арналған), қалған бөлігі діни міндеттер мен дәстүрлерге арналған. Құранның басым бөлігі кездейсоқтық сипатта және Пайғамбардың басынан өткен жағдайларды талқылайды. Бірақ көпшілік ережелердің мағынасы анық емес және жағдайға байланысты оны әр-түрлі талқылауға болады. Көпшілік діни соттарда және құқықтық доктринада олар әр-түрлі талқыланып отырды, кейде мүлде қарама-қайшы сипатқа ие болды.
Сунна
Мұсылмандарға міндетті тағы бір құқықтық ереже, Мұхаммедтің іс-әрекеті мен ой-пікірлерінен (хадис) тұратын –Сунна. Хадистерде де араб қоғамының әлеуметтік дамуын көрсететін құқықтық ережелерді көруге болады. Хадистерді соңғы басып шығару 9 ғасырда жүзеге асты, ол кезеңде суннаның жинақтарыда шығарылды, ол әсіресе Бұхарада мәлім болды. Суннадан неке және мұра,сот құқығы, құл туралы ережелер т.б. алуға болады. Сунна хадистері, талқылаудан өткеніне қарамастан көптеген қарама-қайшы ережелерден тұрды және оның ішіндегі ең нақты делінгендердің өзі діни көсемдер мен соттардың еркімен бұрмаланып отырды. Мұхаммедтің шәкірттері айтқан хадистер ғана заңды күшке ие деп саналды, ал сүннитерге қарағанда шейттар халиф Али мен оның жақтастарын мақтаған хадистерді ғана мойындады. Сонымен, “Сунна Алла елшісі” (Суннаның толық аты) – Мұхаммедтің өмірін, оның сөзі мен ісін баяндаған мәтін жиынтығы, ал толық қарастырсақ - Құранды толықтыратын және онымен бірге киелі саналатын, діни ережелер жиынтығы. Суннаны оқыту- діни білім мен тәрбиенің ең маңызды бөлігі, ал Суннаны білу және оны ұстану- дін жолындағы адамның ең алғашқы бастаушысы.
Иджма
Мұсылман құқығының үшінші сатысы иджма, мұсылман қоғамының жалпы келісімі. Құран және Суннамен бірге, ол шариғаттың ең беделді бастауының бірі болып табылады. Иджмада Мұхаммедтің жақтастары немесе мұсылман діндарлары (имам, муфти) айтқан діни және құқықтық мәселелер қарастырылған. Иджма, Құран және Суннаның мәтіндерін түсіндіру арқылы және де Мұхамедке қатысы жоқ, жаңа ережелер арқылы да дамып отырады. Олар, өзін ұстау ережелерін қамтып, егер мүфтилер мен муджатахидтер қолдаса міндетті ережеге айналып отырды.
Мұсылман құқығының мұндай жолмен дамуы “Иджитихад” деп аталды. Шариғаттың негізгі бастауы болған иджманың заңдылығын Мұхамедтің мына сөзінен білуге болады: “Егер сендер өздерің білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар”. Шариғаттың дамуындағы иджманың үлкен рөлін мынадан көруге болады: ол Араб халифатының діни, билеушілеріне, басып алған елдердің ерекшеліктері мен феодалдық қоғамның өзгерістеріне сәйкес, жаңа құқықтық ережелер енгізуге мүмкіндік берді. Шариғатты толықтыратын құқықтық ереженің бастауы иджмаға, мүфтилердің жеке көзқарастары мен шешімдері – Фетвада кіргізілді.
Қияс
Мұсылман құқығының әр бағытында көп талас тудыратын даулы бастауы, қияс – құқықтық істерді ұқсастығына байланысты шешеді. Қиясқа сәйкес Құранда, Суннада немесе Иджмада орнатылған ережелер, бұл бастауларда тікелей көрсетілмеген істерде де қолданылуы мүмкін. Қияс жаңа қоғамдық қатынастарды тез реттеп қана қоймай, сонымен қатар, шариғатты теологиялық шабуылдан қорғап қалады.
Бірақ мұсылман соттарының қолында Қияс көпшілік кездерде мықты қаруға айналды. Мұндай әдісті әсіресе Абу Ханиф және оның ізбасарлары – халифаттар қолданды.Мұсылман құқығына кірмеген, бірақ оның ережелеріне қайшы келмейтін жергілікті дәстүрлер де шариғатқа қосымша ретінде қолданылады.
Соның ішінде араб қоғамында (УРФ) орын алған, сонымен қатар арабтар жаулап алған көпшілік халықтардың және мұсылман құқығының әсеріне іліккен елдердің құқықтық дәстүрлерін есепке алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет