66. е-learn!kz платформасының ерекшелігі



Дата31.10.2022
өлшемі14,94 Kb.
#46556
түріБағдарламасы
Байланысты:
66,67


66. е-learn!kz платформасының ерекшелігі.


E-Learning электронды оқыту бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі 2010 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республикада E-Learning электронды оқыту жүйесін енгізу көзделген. 2015 жылға электронды оқытумен білім беру ұйымдарының 50 пайызын қамту, 2020 жылға көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу мақсаты қойылған. Электронды оқыту E-Learning жүйесі жаңа ақпараттық қатынастық технологиялардың кең мүмкіндігі арқылы жалпы орта білім берудің көптеген маңызды мәселелерін шешуге ықпал етеді. Атап айтсақ: - Оқыту үшін аумақтық шектеудің болмауы; - Оқытудың өзіндік ырғағын таңдау мүмкіндігі; - Оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістері; - Жоғары сапалы материалдарға қол жеткізу. E-Learning жүйесінің ерекшелігі, ол алыс аудандардағы білім берудің сапасын арттыруға, қала мектептері мен ауылдағы мектептердің білім деңгейін теңестіруге мүмкіндік береді. E-Learning бүгінгі күні оқытудың басым түрлерінің бірі болып танылады, ол әлемнің көптеген елдерінде білім беру жүйесіне енгізілген. Алматы облысы өңірегіндегі алғашқы мектептердің қатарында Талдықорған қаласы Бақтабай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі E-Learning электронды оқыту жүйесіне енгізілді. Мектебіміз бүкілқазақстандық электрондық оқу жүйесіне қосылды. Электронды оқыту жүйесін ендіру мақсатында мектепке ең заманауи техника – аса жоғарғы жылдамдықты локальді желі, 4-10 с/Мбит кең көлемді Интернет, оларға кез-келген кабинеттен қосылатын сымсыз Wi-Fi нүктелері, ең заманауи сервер- компьютер, мультимедиалық сандық подиум, интерактивті тақтамен жабдықталған жаңа информатика сыныбы, қуатты проектор, мультимедиалық-лингафондық ноутбуктер сыныбы, моноблоктар, дербес компьютерлер, жоғары сапалы принтр құрылғылары, әрбір сыныпта, әр мұғалімнің, қызметкерлердің алдында жеке компьютерлер, электрондық мұғалімдер бөлмесімен жабдықталды. Енді ата-аналар өз балаларының оқу үлгерімін ғаламтор арқылы тексеріп отыру мүмкіндігіне, ал оқушылар – үйде отырып оқу мүмкіндігіне ие болды. Мұғалімдер үшін көптен күткен жақсылық. Бұрыннан мультимедиалық сыныптың мүмкіндіктерін барынша толық пайдаланып, локальді желіде, электрондық оқулықтармен, Интернет ресурстарды пайдаланып сабақ өткізіп жүрген мектеп ұжымының E-Learning электронды оқыту жүйесіне көшу еш қиындық тудырмады. E-Learning – мемлекетіміздің білім сапасындағы жаңа бір үлкен асуы деп қабылдаймын. Ол балаларымыздың жарқын болашағына жасалған маңызды қадам. 


67. Bilgen academy платформасының ерекшелігі.
BILGE орталығы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы жеткіншектерге қосымша білім беру курстарын ұсыну мақсатында 2016-2017 оқу жылында құрылды. Еліміздің жас ұрпақтарын білімді, білікті, отаншыл, рухани азат етіп тәрбиелеу мақсатын алға қойған орталық. 2017 жылдың қыркүйек айында қабылданған BILGEN (Bil-Білімді Gen-Ұрпақ) бағдарламасы аясында бірнеше әлеуметтік жобалар іске асуда. 2017 жыл қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық облыстарында BILGE орталығының филиалдары ашылды.Әр обылыстағы методикалық орталықтар Білім басқармаларына қарасты мектептермен тығыз байланыс орната отырып жұмыс жасауды бастады.


Bilgen UBT – 10-11 сынып оқушыларын таңдау пәні бойынша ҰБТ-ға дайындау курсы. «Bilgen Baige» бастауыш сынып оқушыларына, «Bilgen Alaman» жоғарғы сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиадалар. «BilGen» ұлттық олимпиадаларының басты мақсаты оқушылардың арасында білімді, білікті, дарынды оқушыларды анықтау, олардың білім шыңына ұмтылысын ынталандыру, қолдау білдіру, ұстаз бен ата-ана мәртебесін көтеру. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту мен еліміздің өркендеуіне үлес қосар ұрпақтың білімін жетілдірудегі сұранысын қанағаттандыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет