66. «Шу батыр» дастанындағы батырдың тапқырлығы Түркі халқының ұлы перзенттерінің бірі Махмұд Қашқари ХІ ғасырда жазылған, үш кітаптан тұратын «Диуани лұғат ат-түрік»


Әбу Насыр әл Фарабидің «Өлең өнерінің тарихы» атты трактатының әдебиеттану ғылымындағы орны



бет5/6
Дата09.05.2023
өлшемі33,6 Kb.
#91341
1   2   3   4   5   6
70. Әбу Насыр әл Фарабидің «Өлең өнерінің тарихы» атты трактатының әдебиеттану ғылымындағы орны
Әл-Фарабиді өлең табиғатын терең зерттеуші ғұлама-ғалым ретінде танытатын шығармаларының бірі - «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» болып табылады. Мұны Лондонда үнді диуаны (Хиндиан офис) кітапханасынан белгілі шығыстанушы ғалым Артур Арберри 1937 жылы тапқан болатын. [1, 196]
Трактат аудармасынан үзінділер:
Бұдан әрі ешкім «софистика» мен «еліктеу» екеуін төркіндес санамауы тиіс. Керісінше, олар кейбір арақатыста ерекшеленеді. Ең алдымен олардың мүддесі әр түрлі: софист тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады; сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды; ал оған қарама-қарсы еліктеуіш тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді. [2, 103]
Ондай араб пен парсы поэзиясын бүге-шігесіне дейін білетін білімдарлар біздің кезімізде де өмір сүріп отыр. Кітап та жазып жүр. Олар поэзияны сатира, поэтика, айтыс, комедия, газель, жұмбақ және басқаларға бөледі. Сөйтіп, өз кітаптарында әртүрлі топты келтіреді; оған көз жеткізу онша қиын емес, демек, біз мүлдем кең көсіліп, негізгі нысанадан ауа жайылмаймыз. Мысал келтіреміз.
Басқа білетін қазіргі және ежелгі халықтардың көптеген ақыны фабула мен өлшем арасын шектемейді, сонымен қатар ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қоймайды. Бұдан тек көне гректер ғана тыс тұр. Олар әрбір ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қолданған. Оларда пэонның өлшемі сатира өлшемінен, ал комедия өлшемінен тіптен өзгеше. Соған қарамастан басқа халықтар мен тайпалар пэон үшін де сатираға т.б. қолданатын өлшем түрін қолданады; сөйтіп, өлшемнің көпшілігі жалпы болып есептеледі және олар әрбір, топты ежелгі гректер сияқты мұқият топқа бөлмейді. Енді біз грек поэзиясының түрлеріне тоқталамыз. Философтың поэзия өнеріне байланысты тұжырымдарында келтірген топтауына сәйкес өз ретімен келтіре кеткен жөн. Грек поэзиясы мен сипаттағандай, төмендегі топқа бөлінеді:
1. Трагедия 8. Сатира
2. Дифирамбы 9. Поэма
3. Комедия 10. Эпос
4. Ямб 11. Риторика
5. Драма 12. Амфигеноссос
6. Эпос (космогония)
7. Диаграмма 13. Акустика [2, 105]. Осылайша әл-Фараби поэзияның жанрларын ажыратып, оларға анықтама береді. Сонымен қатар, ол ақындарды үш топқа бөледі:

Ақындарды үш топқа бөлген абзал. Біріншісінің табиғи дарыны, өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті бар: олар поэзияның көптеген түрінде, не қайсыбір жеке түрінде бейнелілікке, тамаша теңеулер құруға керемет бейім тұрады. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең өнерінің сын-сыпатымен онша таныс емес, тек аса алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады. Бұл ақындардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һәм өнерден берік қоныс теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындар қатарына жатпайды; тек олардың жалпы поэзиясымен айналысатынына қарап [2, 107] екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындарға қосқанның жөн-жосығы келеді.


Екінші топтағы ақындар – өлең өнерімен толық таныс: қай тәсілді таңдамасын олар қағиданың да, бейнелеу құралының да қайсысына болсын жетік келеді. Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтын ақындар сапына толық жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет