Пәні: Ана тілі Күні: 17.03.2023ж Сыныбы: 1 «A» Сабақ тақырыбы: Құрау,құрау құлыным.Тасымал Сабақты өткізуші және талдаушы: машықкер Бекішова І.Қ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1.мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау; 2.мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу
3. жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғары және төмен сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу, бағалау
Сабақтың мақсаттары :Өлеңде не туралы айтылғанын анықтау
Түйенің пайдасын айту
Білімділік: Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Қолданған әдіс-тәсілдерім :түсіндіру, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік. Көрнекілігі : интерактивті тақта, бейнежазба.
Пәнаралық байланыс : ана тілі, дүниетану.
Сабақ жоспарында сабақтың барлық кезеңдері қамтылды.
Сабақ басында мәтінді оқу арқылы жаңа тақырыпты ашуға тырыстым. Бейнежазба және кіріспе сөз арқылы тақырыпты аша түстім. Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту әдісі арқылы балалардың білім және тәжірибесіне сүйене отырып, адам сезімдері, адалдық, өтірік пен шындық туралы ойларын ашқыздым. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояттым.
Жаңа тақырыпты мәтінді оқу, сұрақ қою, жауап қайтару тәсілдері арқылы меңгерттім. Оқушылар сабаққа белсенді ат салысты. Тапсырмалар сабақ мақсатына сай таңдалынған,оқушылардың өз ойларын жүйелі қорытып айтуға көмектестім.
Осы сабақта мен жаңа оқыту тәсілдерін, АКТ қолдану арқылы оқушыларға тақырыпты түсіндіре алдым деп ойлаймын. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болды.
Тәрбиелік мақсаты сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асты.
Сабақ өз мақсатына жете алды.