6D020800-Археология және этнология мамандығы бойынша PhD докторантураға түсуге арналған емтиханның бағалау өлшемдері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі442,06 Kb.
#6116
  1   2   3

 

 

 

6D020800-Археология және этнология мамандығы бойынша 

 PhD докторантураға түсуге арналған емтиханның бағалау өлшемдері 

 

 



«Үздік» деген баға мына өлшемдерге сәкес келгенде қойылады: 

-

 



Жауапта тарихи терминологияны дұрыс әрі орынды, сауатты қолдану;  

-

 



Тарих ғылымының категориялық аппаратын қатесіз игеру;  

-

 



Билетте көрсетілген сұрақтардың басты мәселелерін нақты айқындай алу; 

-

 



Фактологиялық материалды баяндағанда кейбір қателіктерге жол бермеу; 

-

 



Билетте көрсетілген сұрақ шеңберінде толыққанды тарихнамалық білім көрсету; 

-

 



Жауаптың логикалық тұрғыда өзара байланысы, ғылыми тілде жан-жақты 

баяндау. 

       «Жақсы» деген баға мына өлшемдерге сәйкес келгенде қойылады: 

-

 



Жауапта тарихи терминологияны дұрыс әрі орынды қолдану;  

-

 



Тарих ғылымының категориялық аппаратын игеру;  

-

 



Билетте көрсетілген сұрақ шеңберінде  басты мәселелері баяндау

-

 



Фактологиялық материалды баяндағанда қателіктерге жол бермеу; 

-

 



Билетте көрсетілген сұрақ шеңберінде тарихнамалық білімді үстірт көрсету; 

-

 



Жауаптың логикалық тұрғыда өзара байланысы мен ғылыми тіл нормаларын 

бұзу. 


«Қанағаттанарлық» деген баға мына жағдайда қойылады: 

-

 



Жауапта тарихи терминологияны қолданбау;  

-

 



Тарих ғылымының категориялық аппаратын игеру;  

-

 



Билетте көрсетілген сұрақтардың  басты мәселелері жалпылама сипаттау,негізгі 

мәселелерді айқындап,  баяндай алмау; 



«Қанағаттанарлықсыз» деген баға мына жағдайда қойылады 

-

 



Фактологиялық материалды баяндағанда жаппай қателіктерге жол бермеу; 

-

 



Билетте көрсетілген сұрақ шеңберінде тарихнамалық білім көрсете алмау; 

-

 



Жауаптың логикалық тұрғыда өзара байланыстың болмауы.  

 

Әріппен 



бағалау  

Балдық 

сандық 

көрсеткіш 

%-г  оқу  пәні 

меңгеру 

мазмұны  

Дәстүрлі 

жүйе 

бойынша бағалау  

А 

4,0 



90-100 

үздік  


3,33 


75-89 

жақсы  


2,33 


50-74 

қанағаттанарлық  

1,33 


49-0 

қанағаттанарлық  





қанағаттанарлықсыз 

 

 



 

6D020800 – «Археология және этнология» мамандығы бойынша докторантураға түсуге 

арналған емтихан билет сұрақтары тізімі 

 

1.

 



«Андронов 

археологиялық 

мәдениеті» 

түсінігінің 

қазіргі 

кезеңдегі 

тұжырымдамасының мазмұны.  

2.

 



Ертесақ  дәуірінің  қоныстары  –  ескерткіштердің  жаңа  түрінің  ашылу  маңызы  мен 

зерттелуі.  

3.

 

Археология және әлеуметтік антропология, олардың түрлі ұлттық және теоретикалық 



мектептердегі өзара байланысы. 

4.

 



Қазақстандағы  кейінгі  қола  археологиялық  мәдениеті.  Ашылу  тарихы  және  негізгі 

ескерткіштері. 

5.

 

Қазақстанның ортағасыр археологиясын зерттеудің негізгі мәселелері. 



6.

 

Этнология ғылымындағы этностардың класификациялық түрлері.  



7.

 

Еуразияның  қола  дәуірі  мен  ерте  темір  дәуірі  тарихи-мәдени  контекстегі  Беғазы-



дәндібай археологиялық мәдениетінің рөлі мен қалыптасу мәселесі.  

8.

 



Бозоқ қалашығының тарихи-мәдени және саяси маңыздылығы. 

9.

 



Орталық Азияның қазіргі кезеңдегі этникалық көрінісі.  

10.


 

Сақ археологиялық мәдениетінің шығуы туралы қазіргі кезеңдегі тұжырымдамалар.  

11.

 

Оңтүстік  Қазақстан  қала  мәдениетінің  (1946-1990  жж.)  археологиялық  материалдар 



негізінде зерттелу тарихы. 

12.


 

Этнологиядағы ғылыми мектептер: функционализм

13.

 

Қазақстандағы ертеалакөл мәдениеті.  



14.

 

Мұртты  обалардың  мерзімделуі  мен  этномәдени  белгілеріне  қатысты    заманауи 



пікірлер. 

15.


 

Этнология ғылымының тарихы: шығуы, қалыптасуы, дамуы. 

16.

 

Жетісудың  ерте  темір  дәуіріндегі  ертесақ  мәдениетінің  мерзімделуіне  қатысты 



мәселелер (К.А. Ақышев зерттеулері бойынша). 

17.


 

Түрік  қағандарының  ғұрыптық  ғибадатханалары.  Күлтегін  кешенінің  қазба 

жұмыстары бойынша. 

18.


 

ХХ ғ. ортасындағы қазақ этнологиясының қалыптасуы. 

19.

 

Аржан обасы және Еуразияның скиф-сақ мәдениетінің  тарихи-мәдени кезеңделуі. 



20.

 

Ежелгі түріктердің шығу мәселесі. Л.Н. Гумилев тұжырымдамасы негізінде. 



21.

 

Қазақ халқының тұрмыс-салтын зерттеудің тарихнамасы. 



22.

 

Тасмола археологиялық мәдениеті:  шығу мәселесі, таралуы. 



23.

 

Х-ХІІ ғ.ғ. Жетісу және Оңтүстік Қазақстан қала мәдениетінің гүлденуі. 



24.

 

Этнология және пәнаралық байланыстар: археология, тілтану және т.б. 



25.

 

Қазақстан жеріндегі ғұн-сармат археологиялық мәдениетінің  зерттеу мәселесі. 



26.

 

Оңтүстік Қазақстанның  кейінгі ортағасыр қалалары: локализациясы мен типологиясы. 



27.

 

Х.А. Арғынбев және қазақ этнологиясы. 



28.

 

Қазақстанның энеолит дәуірінің  зерттелу тарихы.  



29.

 

Ежелгі түріктердің  жерлеу ескерткіштері. 



30.

 

Шетелдік этнологияның негізгі концепциялары.  



31.

 

Далалық өркениет концепциясы: далалық өркениеттің  археологиялық белгілері. 



32.

 

Ортағасырлық  Сары-Арқа  қала  мәдениеті  (Ә.Х.Марғұлан,  Ж.  Смайлов  археологиялық 



зерттеулері бойынша).  

33.


 

Этнологиядағы қазіргі бағыттар: этнопсихология. 

34.

 

Андронов мәдени-тарихи қауымдастығының хронологиясы мен кезеңделу мәселесі. 



35.

 

Түркі дәуірінің тас мүсіндері: типологиясы мен мерзімделуі.  



36.

 

Ө. Жәнібеков  және оның қазақ этномәдениетіне қосқан үлесі. 



37.

 

Қола  дәуірінен  ерте  темір  дәуіріне  өтетін  өтпелі  кезең  мәселесінің  зерттеу 



тарихнамасы.   

38.


 

Солтүстік Қазақстаның Ботай археологиялық мәдениеті. 

39.

 

Этнологиядағы ғылыми мектептер. Эвалюционизм. 



40.

 

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудің тарихи-географиялық аймақтануы және Ұлы Жібек 



жолы бойындағы  қалашықтардың типологиясы.  

41.


 

Қазақстанның қола дәуірін кезеңдеуге Ә.М. Оразбаев пен К.Ақышев еңбектері 

42.

 

Ш.  Құдайбердіұлы,  Ш.Ш.  Уалиханов,  М.Ж  Көпеев,  Н.  Наушабаев  еңбектеріндегі 



қазақ шежіресі. 

43.


 

Ортағасыр 

кезеңіндегі 

қала 


мәдениетінің 

қалыптасуының 

негізгі 

тұжырымдамалары.  

44.

 

Этностардың діни жіктелуі. (ұлттық және әлем діндері).  



45.

 

Этнологиялық зерттеулердің әдістері мен тұжырымдамалары. Мәдени релятивизм. 



46.

 

Ұлы  Жібек  жолы  қалаларындағы  тұрғын  үй  архитектурасы:  қарапайым  үйлердің 



эволюциясы (Отырар қалашығы бойынша). 

47.


 

Кеңестік кезең этнологиясындағы этнос теориясы. 

48.

 

Этностардың  жіктелу  түрлері:  тарихи  мәдени  аймағы  және  мәдени-шаруашылық 



түрлері.  

49.


 

Қазақстанның оңтүстігіндегі ерте ортағасырлық жерлеу ғұрпы.  

50.

 

Этнос. Этникалық қауымдастық. Негізгі теориялар мен тұжырымдамалар.  



51.

 

Этнология бағытындағы ғылыми мектептер: Диффузионизм.  



52.

 

Талғар қалашығы: жобасы, мекен-жайдың құрылысы. 



53.

 

Этногенез. Этникалық тарих. Этногенетикалық үдерістердің түрлері. 



54.

 

Қазақстандағы ежелгі жене ортағасырлардағы наным сенімдер.   



55.

 

Отырардың  қазба  жұмыстары:  топография,  жобасы,  тұрғылықты  –мекеннің 



құрылысы.  

56.


 

(ХХ-ХХІ ғ.ғ) Еуразиядағы этникалық және этномәдени процестер. 

57.

 

Орталық Азияның қазіргі кезеңдегі этноконфессианальдық көрінісі.  



58.

 

Көне түркілердің жерлеу ғұрпы: Құдырге, Катанды ІІ, Берел обалары.  



59.

 

Орталық Азияның қазіргі кезеңдегі этникалық көрінісі.  



60.

 

Қазіргі  кезеңдегі этнологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары. 



61.

 

Түркі тарихи-мәдени кешеннің қалыптасуы.  



62.

 

Этнологиялық зерттеулердің әдістері мен деректері.  



63.

 

ХХ ғ ортасындағы қазақ этнологиясындағы зерттеулер: М. Мұқанов, В. Востров, Р. 



Ходжаев. И.В. Захарова. 

64.


 

Орталық Азиядағы зороастризм, буддизм және ерте хрестиандық: ену және таралу 

жолдары. 

65.


 

Шығыс Қазақстаның қола дәуірінің кезеңделу мәселелері. 

66.

 

Әлем халықтарының жіктелуі. Лингвистикалық жіктеу. Алтай тілдік семьясы.  



67.

 

VI-VIII ғғ. Ерте түркілер: этносаяси тарихы. 



68.

 

Ә. Х. Марғұланның этноархеологияға қосқан үлесі. 



69.

 

Қимақ қалалары: ғылыми пікірлер мен тұжырымдар. 



70.

 

Қазақ Алтайындағы көне түркілердің мәдениеті. Жаңа ашылымдар.   



71.

 

Қазақстандағы Орыс жағрафиялық қоғамының этнография бөлімінің қызметі. 



72.

 

XIX-XX ғғ. Қазақстандағы аз топты  халықтардың қалыптасу тарихы.  



73.

 

Ш.Ш. Уәлихановтың қазақ этнологиясына қосқан үлесі.  



74.

 

Қазақтың тұрақты баспанасын этноархеологиялық  деректер негізінде   жаңғырту. 



75.

 

Отандық этнографияның жаңа заманауи бағыттары. 



76.

 

VI-VIII ғғ. жататын жазба деректер бойынша қыпшақтардың ерте тарихы.  



77.

 

Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы: өткені мен бүгіні.  



78.

 

Көне және дәстүрлі мәдениеттер. Жаңа модернизацияланған мәдениет түсінігі.  



79.

 

Этнологияның жаңа бағыттары: этнолингвистика және этнополитология. 



80.

 

Орталық Қазақстанның Нұра-Феодоров археологиялық мәдениеті жаңа ашылымдар. 



81.

 

Шетелдегі    казақ  диаспорасын  зерттеу  мәселесі:  дәстүрлі  шаруашылығы  мәдениеті, 



сақталуы, өзгеруі. 

82.


 

Этностың және этногенездің теориясы.  

83.

 

Қазақ  халқының  этногенезі.  Қазақ  халқының  этногенезінің  зерттеу  тарихы  мен 



дереккөздері.  

84.

 

Потерстарлық этнография: пәні, негізгі қағидалары мен мәселелері.  



85.

 

Қазақстандағы ислам: тарихы және қазіргі ахуалы.  



86.

 

Қазіргі Қазақстан халқы және этникалық тарихы.  



87.

 

Әлеуметтік  және  мәдени  антропология  тарихындағы  отбасы  мен  туысқандық 



мәселелері.  

88.


 

Қазақстан  территориясындағы  көне  этникалық  процестерді  зерттеудің  өзекті 

мәселелері (археологиялық деректер негізінде.  

89.


 

Этнологиялық зерттеулердегі ауызша тарихтың ролі.  

90.

 

Қазақ  халқының  этнографиясы.  XIX-ХХ  ғғ.  басындағы    отандық  және  шетелдік 



зерттеушілер.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ 

  

1.

 

Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері 

6

D



020800  -  Археология  және    этнология  мамандығы  бойынша 

докторантураға 

тапсырушыларға арналған емтихан сұрақтары олардың аталған ғылым салаларындағы жалпы 

білім деңгейі мен дайындығын анықтауға арналған. Бұл мамандық археология және этнология 

салалары бойынша жоғарыквалификациялы мамандарды дайындауға негізделген. 

Міндеттері: 

 



археологиялық және этнологиялық зерттеулердің теория-әдістемелік негіздерін білу; 

 



кешенді саралау және ғылыми әдебиет және тарихи деректерді қолдану әдістерін меңгеру; 

 



қолда бар материалды қарастыру үшін алынған теориялық білімді қолдана білу;  

 



ғылыми 

мәселелерді 

салыстырмалы 

зерттеуде 

шығармашылық-аналитикалық 

қабілеттілікті жүзеге асыра білу;  

 

зерттеу тақырыбы бойынша жиналған материалды саралай және жүйелеу білу; 



 

археологиялық және этнологиялық әдістерді материалды жинау мен өңдеуде қолдану;   



 

отандық  және  шетелдік  археология  және  этнология  ғылымы  саласындағы  білімді  еркін 



меңгеру.  

 

Түсу емтиханының формасы – жазбаша, емтихан сұрақтары бойынша өзінің жауаптарын 



жауап  парағына  жазып,  емтихан  комиссиясына  жауап  парағы  арнайы  код  арқылы  келеді. 

Апелляция  берілген  жағдайда  жауап  парағындағы  жазбаша  жауаптары  арқылы 

қарастырылады.   

 

 

2. Докторантураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талап  

Алдыңғы білім деңгейі – жоғары базалық білім (бакалавриат). 

Тапсырушылар  білуі  керек:  археология  және  этнология  ғылымдарының  іргелі  мәселелерін, 

аталмыш  тақырып  бойынша  әдіснамалық  негіздерді,  этнос  теориясының  этникалық 

зерттеулеріндегі  теориялық  аспектілерді,  қазақтардың  этникалық  тарихы  мен  этногенезі 

мәселелерін. 

Сонымен қатар оларда отандық және шетелдік антропология ғылымы алдында тұрған негізгі 

мәселелер  жайлы  нақты  түсініктер,  археологиядағы  негізгі  өзекті  бағыттар  жайлы, 

археологиялық  зерттеулердің теориялық  аспектілері мен әдіснамасы жайында, археологилық 

ізденістердің  ережелері  жөнінде,  маңызды  археологиялық  ашулар  мен  қазақтардың  мәдени-

шаруашылық түрлері және қазақ халқының заттық және рухани мәдениетіндегі зерттеулердегі 

мәселелері туралы нақты көзқарастары болу керек. 



 

 

 

 

3. Емтихан тақырыптарының атауы  

Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. 

Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың құрылымы төменде берілген тақырыптардан 

ерекшеленеді. 



 

 

«Қазақ халқының материалдық мәдениеті» пәні 

1.  Мәселенің  дереккөздері  мен  тарихнамасы.  Археологиялық  материалдар.  Көне  және 

ортағасырлық  тұрғын  үйлердің,  қоныстардың,  қалалардың  көркем  суреттерден,  ыдыстардан, 

барельефтерден  және  т.б.  заттардан  көрініс  табуы.  Революцияға  дейінгі    тарихи-

этнографиялық әдебиет. Шет елдік, кеңестік және қазақстандық тарихшы, археолог, этнолог, 

архитекторлардың зерттеулері.  Музей коллекциялары мен мұрағат мәліметтері.  Революцияға 

дейінгі суретшілердің еңбектері. 



2.  Қола  және  ерте  темір  дәуірлеріндегі    тұрғын  үйлер  мен  қоныстар.  Шығысында 

Минусинскіден батысында Оралға дейінгі андрон  археологиялық  мәдениеті  тайпаларының 

обалары,    қоныстары  және  тұрғын  үйлері.  Жер  кепелер,  жер  бетіндегі    тікбұрышты    тұрғын 

үйлер,    Солтүстік  Қазақстандағы    көне  қалалардың    (Арқайым)    негізін  салушы  қоныстар.  

Сырдарьяның  төменгі  ағысындағы    Тегіскен  мазарлары.  Сақтар  мен  совроматтардың  


қоныстары  мен  тұрғын  үйлері.  Жаңадарьядағы    Бәбіш-Молла,  Шірік-Рабад  қалалары  мен 

отырықшы  қоныстары.  Тянь-Шань  таулы  аудандарындағы,  Шу  даласындағы  үйсіндердің 

қоныстары  мен  тұрғын  үйлері.  Қаңлылардың  Ақтөбе,  Шаушұқым,  Жаман-Тоғай,  Төребай-

Тұмсық қоныстары. 



3.  Ерте  және  дамыған  ортағасырлық  қалалар,  қоныстар  және  тұрғын  үйлер  (VІ  – 

ХІІІ  ғғ.).  Көшпелі  және  отырықшы    тайпалардың,  халықтардың  өзара  қатынастары,  Жетісу 

мен  Оңтүстік  Қазақстанның  далалары  мен  қалалары.  Қала  мәдениетінің  қалыптасуының 

автохондық және соғдылық үлгілері. Арыстан-Баб мешітінің, Қожа Ахмет Яссауи мазарының  

құрылысы. Жаңа архитектуралық  стильдің қалыптасуы, құрылыс ісінде: кірпіш дайындаумен, 

қаптау материалдарымен, байланысты құрылыс әдістерінің жаңартылуы. 

4.  Ресей    империясының  құрамындағы    Қазақстанның    елді  мекендері,    тұрғын 

үйлері  мен    қалалары  (1734-1917  жж.).  Кіші,  орташа  және  ірі  қалалар.  Қалалар  уездердің, 

облыстардың  және  генерал-  губернаторлықтардың  орталығы  ретінде.  Қалалардың  

жоспарлары  мен  архитектурасы.  Отырықшы  қоныстар  мен    тұрғын  үйлер.  Тұрғын  үйлер, 

үйдің    жеке  бөліктерінің    қызметі.    Құрылыс материалдары  мен    техникасы.    Елді  мекендер 

мен  жылжымалы  түрлері,    уақытша  және  мезгілдік.  Көшпелі  және  жартылай  көшпелі  өмір 

салтымен  байланысты  қоныстар  мен  киіз  үйлер.  Киіз  үйдің  ішкі    жабдықтары.  Киіз  үй 

бөліктерінің    даярлануы.    Тұрғын  үй  құрылысымен  және  оған  көшіп,  кіру  салтымен 

байланысты әдет-ғұрыптар мен ырымдар. 



5.  Қазақстанның  Кеңес  дәуіріндегі  және    тәуелсіз  дамуы  жылдарындағы    елді 

мекендері,  тұрғын  үйлері    мен  қалалары.  Ауылдар  мен  селолардың  архитектуралық  – 

жоспарлануы мен  орналасуына революцияның, 1920-30 жж. ұжымдастырудың және 1950 ж. 

тың  игерудің  әсері.  Ауыл  тұрғын    үйлерінің    көлемдері    мен    жоспарлары.  Құрылыс 

материалдары  мен  құрылыс    әдістері.    Архитектуралық  безендіру.    Интерьер  (бөлменің  ішкі 

көрінісі).  Үй-жайлардың  құрылысы.    Тұрғын  үйдегі    жалпы  және  жеке    жабдықтар.  Кіші,  

орташа  ірі  қалалар.  Облыс  орталықтары,  Солтүстік    және  оңтүстік    астана  (Астана  мен 

Алматы).    Қалаларды  салу  және    жоспарлаудың  ерекшеліктері.  Қала  шаруашылығы. 

Қалалықтардың тұрғын үйлері. Қала типтес кенттер, ауылдар мен селолар. 



6. Қазақстан территориясындағы тайпалар мен рулардың  киім үлгілері мен әшекей  

бұйымдары.    Киімді,  бас  киімді  дайындаудың    көне  материалдары,    үй  жануарларының  

жүндері, терісі. Петроглифтардағы, тасқа салынған суреттердегі тас ғасыры, неолит және қола  

дәуірлерінің  киімдерінің    фрагменттері  (үзінділері)  бейнеленген  суреттер,  сюжеттер  мен  

композициялар.  Орта  ғасырлар  және  Қазақ  хандығы    дәуіріндегі    әшекейлер  мен  киімдер 

кешені.  Түрік  дәуіріндегі    тасқа  салынған    бейнелердегі,  мүсін  ескерткіштеріндегі,  тас 

балбалдардағы  киімдердің    композициясы.  Сырттан  әкелінген  маталардың,  шыт 

бұйымдарының таралуы. 

7.  ХІХ-ХХ  ғ.  басындағы  дәстүрлі    киім-кешек  және    әшекейлер  кешені.  Этникалық,  

экономикалық  және  табиғат  жағдайларына  байланысты  көне  әдет-ғұрыптардың  қазақтардың 

ұлттық киімінен көрініс табуы. Қарапайым халық арасында үйде қолдан жасалған киімдермен 

(теріден,  жүннен)  қоса,  шыт  маталардан  жасалған  фабрика  өнімдерінің:  шыт,  бөз,  мақтадан 

тоқылатын кездеменің, сонымен қатар ортаазиялық қолөнер бұйымдарының таралуы. 

8. Дәстүрлі тағамдану жүйесінің  экологиялық жүйемен және шаруашылық түрімен 

байланысы.  Тамақтану  жүйесінің  құрылымы:  өсімдік  және  мал    өнімдерінің    басым  түсуі. 

Балық өнімдерін  пайдалану. Қазақтардың дәстүрлі тағамдануындағы үй құсы етінің болмауы. 

Сүт  тағамдары.  Өсімдік  тағамдары.  Тамақтану:  режим,  этикет.  Қазақтардың  тамақтану 

жүйесінің  өзгеруі. Тамақтануға байланысты ырымдар мен әдеп-ғұрыптар.  

 

«Қазақстанның ортағасырлық археологиясы» пәні 

1.  Ортағасырлық  қалалар  және  қоныстар.  Ортағасырлық  қалалар  мен  қоныстардың 

зерттелуі  және  негізгі  мәселелері.  Отырықшы,  жартылай  отырықшы  және  қалалық  мәдениет 

орталықтарының  аймақтары:  Онтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік-батыс  Жетісу  (Шу,  Талас  өңірі), 

Солтүстік-шығыс Жетісу (Іле өңірі), Орталық және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан. Орта 

ғасырдағы  саяси  жағдайлардың  әсері.  Мал  шаруашылығы  және  жер  шаруашылығының  ара 


қатысы.  Ұлы  Жібек  жолы  және  ортағасырлық  қалалар  мен  елді  мекендер  туралы  тарихи 

деректер. 



2.  Ортағасырлық  қалалар  мен  қоныстардың  археологиясының  зерттелу  тарихы. 

Қазақстанның  ортағасырлық  археологиясының  тарихы.  Ортағасырлық  археологиялық 

зерттеулердің негізгі кезеңдері. П.И. Рычков, С.О. Гуляев, Ш.Ш. Уәлиханов, П.И. Лерх, П.И. 

Паллас,  және  басқалардың  зерттеулрі  және  іргелі  еңбектері.  В.В.Батальдтың  Орта  Азия  мен 

Қазақстанның ортаңасырлық археологиясын зерделеуге қосқан үлесі.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет