«6М020600 – дінтану» мамандығы бойынша


Құқықтық жүйелер типологиясы



Pdf көрінісі
бет31/67
Дата03.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#133367
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67
Байланысты:
6М020600-Религиоведение (1)

 
Құқықтық жүйелер типологиясы
Құқық типі ұғымы. Құқық типін анықтаудағы өркениеттік және 
формациялық ұстындар. Құқықтың тарихи типі. Құлиеленушілік құқық: 
сипаты мен ерекшеліктері. Ежелгі Шығыстық және антикалық құқықтық 
жүйелер. Феодалдық құқық: сипаты мен ерекшеліктері. Буржуазиялық 
құқық: қалыптасуы мен дамуы. Құқықтық жүйелердегі діннің орны мен рөлі.
Діни сенім және ар-ождан мәселесі 
Діни сенім және оның мәндік белгілері. Дін мен философия 
тарихындағы еркін ойшылдық мәселесі. Еркін ойшылдықтың тарихи типтері. 
Діни сенім бостандығы ұғымы және мәні. Ар-ождан бостандығының тарихи 
эволюциясы және заңнамалық сипатқа ие болуы. Еуропалық ағартушылық 


30 
философиясындағы ар-ождан бостандығы туралы көзқарастар. Ислам 
дініндегі діни сенім бостандығы. Исламдағы адам құқы.
Зайырлық және зайырлы мемлекет. Зайырлық принциптері 
Зайырлық ұғымы. Зайырлық діни дүниетанымнан өзгеше принциптер 
мен ұстанымдарға негізделетін көзқарастар жүйесі. Зайырлық ерекше 
құндылықтар жүйесі ретінде. Зайырлық мемлекеттік басқару мен әлеуметтік 
қатынастарды реттеудің діни құқық нормаларынан ажыратылғаны ретінде. 
Зайырлы мемлекет ұғымы. Мелекеттің зайырлы сипаты: анықтамалары мен 
белгілері. Мемлекеттің діни бірлестіктерден ажыратылуы. Мемлекеттік 
қызмет пен мемлекеттік білім беру жүйелерінің зайырлы сипаты. 
 
Шет елдік зайырлы мемлекеттердегі діни сенім және ар-ождан 
мәселесін реттеудің құқықтық негіздері 
АҚШ-тың Конституциясы мен заңнамаларындағы діни сенім және ар-
ождан бостандығы көріністері. Француз Республикасы Конституциясындағы 
діни сенім және ар-ождан бостандығы көріністері. Қазіргі заманғы Еуропа 
елдерінің заңнамаларындағы ар-ождан бостандығы. Тәуелсіз мемлекеттер 
достастығы елдерінің құқықтық құжаттарындағы діни сенім және ар-ождан 
бостандығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет