«6М020800 – археология и этнология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы


Қазақстан территориясындағы тайпалар мен рулардың киім үлгілері мен



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата16.10.2023
өлшемі328,38 Kb.
#116005
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
«6М020800 – АРХЕОЛОГИЯ И ЭТНОЛОГИЯ»

6. Қазақстан территориясындағы тайпалар мен рулардың киім үлгілері мен 
әшекей бұйымдары.
Киімді, бас киімді дайындаудың көне материалдары, үй 
жануарларының жүндері, терісі. Петроглифтардағы, тасқа салынған суреттердегі тас 
ғасыры, неолит және қола дәуірлерінің киімдерінің фрагменттері (үзінділері) бейнеленген 
суреттер, сюжеттер мен композициялар.
 
Орта ғасырлар және Қазақ хандығы дәуіріндегі 
әшекейлер мен киімдер кешені. Түрік дәуіріндегі тасқа салынған бейнелердегі, мүсін 
ескерткіштеріндегі, тас балбалдардағы киімдердің композициясы. Сырттан әкелінген 
маталардың, шыт бұйымдарының таралуы. 
7. ХІХ-ХХ ғ. басындағы дәстүрлі киім-кешек және әшекейлер кешені. 
Этникалық, экономикалық және табиғат жағдайларына байланысты көне әдет-
ғұрыптардың қазақтардың ұлттық киімінен көрініс табуы. Қарапайым халық арасында 
үйде қолдан жасалған киімдермен (теріден, жүннен) қоса, шыт маталардан жасалған 
фабрика өнімдерінің: шыт, бөз, мақтадан тоқылатын кездеменің, сонымен қатар 
ортаазиялық қолөнер бұйымдарының таралуы. 
8. Дәстүрлі тағамдану жүйесінің экологиялық жүйемен және шаруашылық 
түрімен байланысы.
Тамақтану жүйесінің құрылымы: өсімдік және мал өнімдерінің


басым түсуі. Балық өнімдерін пайдалану. Қазақтардың дәстүрлі тағамдануындағы үй 
құсы етінің болмауы. Сүт тағамдары. Өсімдік тағамдары. Тамақтану: режим, этикет. 
Қазақтардың тамақтану жүйесінің өзгеруі. Тамақтануға байланысты ырымдар мен әдеп-
ғұрыптар.
9.
Пәннің теориялық-методологиялық аспектілері. 
Әлем халықтарының 
этнографиясы пәні және оның міндеттері. Әлем халықтарын географиялық 
классификациялау принциптері. Австралия және Мұхиттық аралдар халықтары. Азия 
халықтары. Африка халықтары. Америка халықтары. Европа халықтары. ТМД елдері 
халықтары

Кавказ халықтары. Сібір халықтары.
 
Әлем халықтарының шаруашылық-
мәдени классификациясы. Алғашқы тип: терімшілік, аңшылық және балық аулау. Екінші 
типі: кетпенді қол егіншілігі және мал шаруашылығы. Негроидты нәсіл. Эфиопиялық 
(аралас) нәсіл. Европеоидты нәсіл. Американдық метистер. Монголоидтық нәсіл және 
аралас типтер. Австралоидты нәсіл. Тілдік классификация. Тілдік классификацияның 
ұстанымдары. Әлем халықтарының діни нанымдарының пайда болуы. Әлемдегі негізгі 
діндер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет