16. Кавказдың қола дәуірі. Мегалиттiк ғимараттар. Солтүстiк Кавказ мал
шаруашылығы тайпаларының арасында мүлiктiк жiктелу. Майкоп мәдениетi және оның
көне Шумер ескерткiштерiмен байланысы. Закавказье жер шаруашылығы, мал
шаруашылығы тайпаларының обалары. Куро-аракс мәдениетi, үй орындары, жерлеу әдет-
ғұрыптары, шаруашылығы. Қоладан жасалған еңбек құралдары мен қару-жарақтары.
Триалет қорғандарындағы тайпа көсемдерiнiң қабiрлерi. Семсерлердiң пайда болуы.
Кавказдың Кобан ескерткiштерi. Солтүстiк Кавказ қола дәуiрi мәдениетi, шаруашылығы,
кәсiбi. Лейлатепин мәдениеті. Ялойлутепин мәдениеті және оның ерекшелігі.
17. Шетелдік Азияның қола дәуірі. Гандхар мәдениеті. Таралу аймағы мен
уақытнамасы. Тұрғын үй құрылыстары. Сват мәдениеті. Жерлеу ғұрпы мен ерекшелігі.
Таралу аймағы. Көршілес мәдениеттермен ұқсастығы. Үндістанның қола дәуірі. Хараппа
өркениеті. Зерттелу тарихы мен сипаттамасы. Тұрғындарының өнері мен дүниетанымы.
Джирофт мәдениеті. Уақытнамасы мен таралу аймағы. Оңтүстік-Шығыс Азияның қола
дәуірі мәдениеттері. Сяцзядянь мәдениеті. Жерлеу орындарының архитектуралық
құрылымы.
18. Орта Азия қола дәуірі. Қола дәуiрiн кезеңдерге бөлу мәселелері. Намазга және
Анау ескерткіштері және топырақ қабаттары. Оңтүстiк Өзбекстан Сапалли ескерткiштер
кешені. Көп бөлмелi үй орындары. Оңтүстiк Түркменстан жерiндегi көне қалалық
өркениеттiң дамуы. Алтын-депе және Намазга-депе ескерткiштерi. Қоныстардың қоршау
қамалдары, iрi дiни-сенiм ғимараттары. Саз ыдыстары мен терракоталық мүсiндердегi
өзгешелiктер. Мургаб оазисiнiң жер шаруашылық мәдениетi. Хорезм жерiндегi Тазабагьяб
мәдениетiнiң ескерткiштерi.
19. Қазақстанның қола дәуірі. Қазақстан қола дәуiрiнiң кезеңделуi. Металл
өндiрiсi орындарының ашылуы. Бұғылы, Ақсу-Аюлы обалары. Атасу қонысы. Беғазы–
Дәндiбай қорымы. Солтүстiк және Батыс Қазақсан жерiндегi Алексеевск және Садчиково
тұрақтары. Тасты-Бұтақ обалары. Көне қала мәдениеті – Арқайым ескерткiшi. Шығыс
Қазақстан жерiндегi Қанай, Текебұлақ, Трушниково ескерткіштері. Тарбағатай теріскейі
қола дәуірі ескерткіштері. Ертiс бойында қола дәуiрi үй орындарының ашылуы. Шiдертi
өзенiнiң бойындағы Нұрмамбет обасы. Жетiсу және Оңтүстiк Қазақстан жерiндегi қола
дәуiрiнiң ескерткiштерi: Тамғалы, Қарақұдық, Таутары, Ойжайлау, Асы бойы және т.б.
ескерткiштерi. Арал бойының Түгiскен мавзолейi.