«6М020800 – археология и этнология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы


шаруашылығы мәдениеттері (б.з.д. І – б.э. V ғ.)



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата16.10.2023
өлшемі328,38 Kb.
#116005
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
«6М020800 – АРХЕОЛОГИЯ И ЭТНОЛОГИЯ»

шаруашылығы мәдениеттері (б.з.д. І – б.э. V ғ.). 
Қаңлылардың археологиясы, жазба 
деректері. Жетіасар қойнауы, Отырар-Қаратау бойлары мәдениеттері. Қауыншы мәдениеті 
туралы мәселе. Алтышар, Томпақ Асар археологиясы. Сырдарияның орта ағысы – Көк-
Мардан, Алтын төбе, Ақтөбе т.б. Ескерткіштердің түрлері, қалалардың бөліктері, үй 
орындары, қоғамдық ғимараттары, қорғаныс қамалдары. Материалды мәдениет. 
28. Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары. 
VI-XIII ғасырларда 
Оңтүстік Қазақстанда қалалардың өсу динамикасы. Қалалардың орналасуы. Баба-Ата 
және Ақтөбе-1 қалаларындағы археологиялық қазбалар. Отырар және Отырар оазисінің 
ерте ортағасырлық қоныстары, керуен сарайлар. Төрткүлтөбе және қалалар. Отырар 
туралы жазба деректері. Отырар қаласының топографиялық құрылымы мен 
стратиграфиясы. Отырардағы археологиялық зерттеулер. Отырар апаты. Қаланың тұрғын 
үйлері. Қоғамдық ғимараттар.
29. Шу-Талас өнірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері. 
Ұлы Жібек 
жолы және қалалардың пайда болу проблемалары. Соғдылықтар мен түркілердің 
арақатысы. Талас өңіріндегі қалалар туралы дереккөздер. Көне Тараздың археологиясы. 
Қаланың абаттандырылуы: монша, су құбырлары. Тараз және оның маңындағы 
архитектуралық ескерткіштер. Қарахан мавзолейі, Айшабибі, Бабажақатын ескерткіштері. 
Саз ыдыстарының ерекшелігі және жіктелуі. Оққұм, Тектұрмас, Кіші Барсхан, Садыр 
Қорған археологиялық қазбалары. 
30. V-XIII ғғ. Баласағұн қаласының проблемасы. 
Тақырып өзектілігі. Баласағұн 
қалашығының орналасуы туралы. Ақтөбе ескерткішінің стратиграфиясы. «Мәдени мұра» 
бағдарламасы бойынша Ақтөбе (Баласағұн) қалашығын археологиялық зерттеу. 
Ескерткішті консервациялау және қайта өңдеу және оны туристік орталыққа айналдыру. 
Ақтөбе (Баласағұн) қалашығын зерттеу қорытындыларын жариялау. 
31.
Солтүстік-Шығыс Жетісудің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері. 
Солтүстік-Шығыс Жетісудің географиялық орналасуы. Ортағасырлық Талғар және сол 
аймақтың қалалары, бекіністері мен керуен сарайлары. Алматы аумағындағы көне 
қалалар, археологиялық қазбалары. Көне Алмалық қаласының тарихы. Ақсеңгір, Қастек, 
Шілік, Жақсылық т. б. көне қалашықтардың топографиясы мен типологиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет