24. Қазақстанның ерте темір дәуірі. Сақ-скиф тайпалық одақтары. Металлургия
мен зергерлiк. Сақ тайпаларының кескiн келбетi. Сақтар этногенезi. Ат әбзелдерi,
қарулар және әшекей бұйымдары. Жартас суреттерiнiң ерекшелiгi. Оңтүстiк Қазақстан
мен Жетiсу жерiндегi сақтар ескерткiштерi. Арал маңы сақтары, зерттелу тарихы.
Түгiскен және Ұйғарақ қорымдары. Есiк қорғаны. Бесшатыр обасы, олардың
құрылымы, жерлеу әдiсi. Отырықшы мәдениет ескерткiштерi. Орталық Қазақстанның
Тасмола мәдениетi. «Мұртты» қорғандардың құрылымы, генезисi және функциясы.
Солтүстiк Қазақстанның сақ және ғұн-сармат кезеңдерi ескерткiштерi, хронологиясы.
Жерлеу құрылыстары, қоныстары мен тұрғын-жайлары. Шығыс Қазақстанның
Майемер, Берел, Құлажорға кезеңдерi.
25. Ортағасырлық қалалар және қоныстар. Ортағасырлық қалалар мен
қоныстардың зерттелуі және негізгі мәселелері. Отырықшы, жартылай отырықшы және
қалалық мәдениет орталықтарының аймақтары: Онтүстік Қазақстан, Оңтүстік-батыс
Жетісу (Шу, Талас өңірі), Солтүстік-шығыс Жетісу (Іле өңірі), Орталық және Шығыс
Қазақстан, Батыс Қазақстан. Орта ғасырдағы саяси жағдайлардың әсері. Мал
шаруашылығы және жер шаруашылығының ара қатысы. Ұлы Жібек жолы және
ортағасырлық қалалар мен елді мекендер туралы тарихи деректер.
26. Ортағасырлық қалалар мен қоныстардың археологиясының зерттелу тарихы. Қазақстанның ортағасырлық археологиясының тарихы. Ортағасырлық
археологиялық зерттеулердің негізгі кезеңдері. П.И. Рычков, С.О. Гуляев, Ш.Ш.
Уәлиханов, П.И. Лерх, П.И. Паллас, және басқалардың зерттеулрі және іргелі еңбектері.
В.В.Батальдтың Орта Азия мен Қазақстанның ортаңасырлық археологиясын зерделеуге
қосқан үлесі.
27. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың жер шаруашылығы және мал