6М020800-Археология және этнология мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған емтиханның бағалау өлшемдері


Солтүстік және Орталық Америка халықтары



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата22.12.2016
өлшемі0,54 Mb.
#197
1   2   3

Солтүстік және Орталық Америка халықтары. 

Алғашқы  адамдардың  континентке  қоныстануы.  Палеоиндейцтер  және  олардың 

шаруашылығы.  Субарктикалық  және  арктикалық  аймақтар.  Әртүрлі  экологиялық  орталарға 

адамдардың  бейімделуі.  Американың  жергілікті  халқын  шаруашылық  кәсібіне  байланысты 

классификациялау.  Солтүстік  Америка.  Солтүстік  Американың  (эскимостар)  арктикалық 

облыстары. Мезоамерика. Майялардың мәдениеті.  



Оңтүстік Америка халықтары. 

Оңтүстік  Американың  орманы  және  далалары  (Бразилияның,  Аргентинаның,  Боливияның 

және  Парагваяның  аңшылары  мен  терімшілері).  Тілдік  семьялар.  Оңтүстік  Американың 

тропикалық ормандары (аравактар, тупи-гуарандар). Орталық Андтар (Эквадор, Перу, Боливия, 

Чили).  Еуропалықтардың  отарлауына  дейінгі  Америка  халықтарының  шаруашылығы  мен 

материалдық  және  рухани  мәдениеті.  Қазіргі  заманғы  Америкадағы  этникалық  үдерістер. 

Континент  ішіндегі  көші-қон.  Америка  континенті  халықтарының  мәдениетаралық  өзара 

әрекеттесуі.  

 

«Еуразияның қола және ерте темір дәуірі» пәні 

Еуропаның қола дәуірі 

Эгей  (крито-микен)  мәдениеті.  Троя,  Кипр,  Киклад  аралдарының  қола  дәуірі  және 

олардың  Еуропа  мәдениетіне  тигізген  әсері.  Унетиц  мәдениеті.  Майсбирнбаумдағы  (төменгі 

Австрия) көзелер қоймасы, Загордағы (Словакия) көзе шеберханасы, Дунай жазығы мен Бавария, 

Чехия  мен  Карпат  қазаншұңқырындағы  қоныстар  ізі.  Ляска  (Польша)  қорымдары,  Седдина 

обалары және төменгі  лужиц мәдениетіне жататын Гаверниц (Дрезден) обасы. Оңтүстік-шығыс 

Еуропаның  қола  дәуірі.  Трансильваниядағы  зираттар.  Бонатадағы  периам-печка  мәдениеті. 

Сербия  мен  Румыниядағы  ватина,  орталық  Подунавьедегі  вербичора,  орталық  Подунавье  мен 

Балкан түбегіндегі дубовачжуто-брдо мәдениеттері.  

Ресейдің далалық аймағы мен Орал бойының қола дәуірі 

Қолалық  өндiрiстiң  даму  кезеңдерi.  Тұрғын  жайлар.  Орманды  даланың  шылбыр  бедерлi 

(шнуровая  керамика)  керамикасын  жасаушы  тайпалар.  Жерлеу  дәстүрі.  Ақыреттік  заттары. 

Негізгі  ерекшелік  белгілері.  Бессарабия  көмбесi.  Ескерткіштің  уақытын  белгілейтін  негізгі 

белгілер.  Киммерилер  туралы  археологиялық  қазбалардағы  дәлелдеулер.  Ойық  және  тарақ 

бедерлi керамикалы тұрақтар, олардың шаруашылығы. Фатьянов мәдениетi: сеймин-турбин типтi 

ескерткiштер. Фатьянов обалары, олардың керамикасы, тас және қола құралдары, шаруашылығы, 

обаларының үш тобы және олардың айырмасы.  



Сібірдің қола дәуірі 

Афанасьев  мәдениеті,  оның  негізгі  белгілері,  тайпалардың  шаруашылығы.  Окунев 

мәдениеті.  Мәдениеттің  зерттелу  тарихы  және  жерлеу  ғұрпының  ерекшелігі.  Андрон  дәуiрiнiң 

обалары. Таралу аймағы мен уақытнамасы. Алексеев қоныстары, қола бұйымдары, керамикасы. 

Қарасұқ  мәдениетi,  жерлеу  ғимараттары,  шаруашылығы,  қола  бұйымдары.  Қарасұқ  саз 

ыдыстарының  ерекшелiктерi.  Ирмен  мәдениеті,  тайпалардың  шаруашылығы  мен  өнері.  Сузгун 

және  Глазков  мәдениеттері.  Уақытнамасы  мен  өзара  ықпалдастығы.  Сеймин-Турбин  феномені. 

Тайпалардың жерлеу дәстүрі мен өнері. 

Кавказдың қола дәуірі 

Мегалиттiк    ғимараттар.  Солтүстiк  Кавказ  мал  шаруашылығы  тайпаларының  арасында 

мүлiктiк  жiктелу.  Майкоп  мәдениетi  және  оның  көне  Шумер  ескерткiштерiмен  байланысы. 

Закавказье  жер  шаруашылығы,  мал  шаруашылығы  тайпаларының  обалары.  Куро-аракс 

мәдениетi,  үй  орындары,  жерлеу  әдет-  ғұрыптары,  шаруашылығы.  Қоладан  жасалған  еңбек 

құралдары  мен  қару-жарақтары.  Триалет  қорғандарындағы  тайпа  көсемдерiнiң  қабiрлерi. 

Семсерлердiң  пайда  болуы.  Кавказдың  Кобан  ескерткiштерi.  Солтүстiк  Кавказ  қола  дәуiрi 

мәдениетi,  шаруашылығы,  кәсiбi.  Лейлатепин  мәдениеті.  Ялойлутепин  мәдениеті  және  оның 

ерекшелігі. 

Шетелдік Азияның қола дәуірі 

Гандхар  мәдениеті.  Таралу  аймағы  мен  уақытнамасы.  Тұрғын  үй  құрылыстары.  Сват 

мәдениеті. Жерлеу ғұрпы мен ерекшелігі. Таралу аймағы. Көршілес мәдениеттермен ұқсастығы. 

Үндістанның қола дәуірі. Хараппа өркениеті. Зерттелу тарихы мен сипаттамасы. Тұрғындарының 

өнері мен дүниетанымы. Джирофт мәдениеті. Уақытнамасы мен таралу аймағы. Оңтүстік-Шығыс 

Азияның қола дәуірі мәдениеттері. Сяцзядянь мәдениеті. Жерлеу орындарының архитектуралық 

құрылымы.  

Орта Азия қола дәуірі 

Қола дәуiрiн кезеңдерге бөлу мәселелері. Намазга және Анау ескерткіштері және топырақ 

қабаттары.  Оңтүстiк  Өзбекстан  Сапалли  ескерткiштер  кешені.  Көп  бөлмелi  үй  орындары. 

Оңтүстiк  Түркменстан  жерiндегi  көне  қалалық  өркениеттiң  дамуы.  Алтын-депе  және  Намазга-

депе ескерткiштерi. Қоныстардың қоршау қамалдары, iрi дiни-сенiм ғимараттары. Саз ыдыстары 

мен  терракоталық  мүсiндердегi  өзгешелiктер.  Мургаб  оазисiнiң  жер  шаруашылық  мәдениетi. 

Хорезм жерiндегi Тазабагьяб мәдениетiнiң ескерткiштерi.  

Қазақстанның қола дәуірі 

Қазақстан  қола  дәуiрiнiң  кезеңделуi.  Металл  өндiрiсi  орындарының  ашылуы.  Бұғылы, 

Ақсу-Аюлы обалары. Атасу қонысы. Беғазы–Дәндiбай қорымы. Солтүстiк және Батыс Қазақсан 

жерiндегi  Алексеевск және Садчиково тұрақтары. Тасты-Бұтақ  обалары. Көне қала мәдениеті  – 

Арқайым ескерткiшi. Шығыс Қазақстан жерiндегi Қанай, Текебұлақ, Трушниково ескерткіштері. 

Тарбағатай  теріскейі  қола  дәуірі  ескерткіштері.  Ертiс  бойында  қола  дәуiрi  үй  орындарының 

ашылуы.  Шiдертi  өзенiнiң  бойындағы  Нұрмамбет  обасы.  Жетiсу  және  Оңтүстiк  Қазақстан 

жерiндегi  қола  дәуiрiнiң  ескерткiштерi:  Тамғалы,  Қарақұдық,  Таутары,  Ойжайлау,  Асы  бойы 

және т.б. ескерткiштерi. Арал бойының Түгiскен мавзолейi.  

Еуропаның ерте темір дәуірі 

Темір ғасырының жалпы сипаттамасы. Греция мен Эгей аралдарындағы қара металлургия. 

«Ерте темір ғасыры» термині. Протовиландар мәдениетінің шығуы туралы көптеген болжамдар. 

Голасек  мәдениетінің  кезеңдері.  Этрусскілер  Аппенин  тарихында.  Ерте  «дөңгелек  молалар». 

Черверти,  Вульчи,  Попупони,  Тарквинни,  Реджопипи  –  Галасси  және  т.б.  Гальштат  мәдениеті. 

Зерттеу тарихы. Таралау аймағы. Хронологиясы. Виксе, Онегейм, Апремондегі соғыс арбалары 

мен жерлеу орындары. Материалдық мәдениет. Күшейтілген қала жұрттар. «Фрако-киммерилік» 

мәдениет. Феттерсфельд (Польша) көмбесі. Латен мәдениеті. Латен мәдениетінің хронологиялық 

дәуірленуі. Т  

Ресейдің ерте темір дәуірі 

Урарту археологиясы. Закавказьенiң бiрқатар жерлерiнiң Урарту мемлекетiне қосылуы. 

Кавказ  және  Закавказьедегi  жергiлiктi  тайпалардың  скиф  дәуiрiндегi  ескерткiштерi.  Казбек 

көмбесi.  Ресейдiң  далалық  орманды  аймақтарының  ерте  темiр  дәуiрi.  Жоғары  Еділ  және 

Окадағы Дьяково қалалары. Дьяково мәдениетi, тайпаларының этникалық құрамы. Ананьино 

обасы  және  Камадағы  көне  қалалар.  Скифтер,  савроматтар  және  сарматтар  мәдениетi. 



Архаикалық және классикалық патша обалары. Чертомлык, Солоха, Күлоба т.б. ескерткіштер. 

Прохоров,  Суслов  мәдениеттерi.  Алтай  және  Сiбiрдiң  ерте  темiр  дәуiрi.  Енисейдегi  тагар 

мәдениетi.  

Шетелдік Азияның темір дәуірі 

Қара  және  қызыл  керамика  мәдениеті.  Таралу  аймағы,  ерекшелігі,  уақытнамасы. 

Ахаменидтер  дәуірі:  Персополь  археологиясы,  архитектурасы.  Бехистун  жазбасы.  Сузы 

қаласының  археологиясы.  Инь  мәдениеті,  инь  патшалығының  ақырғы  астанасының  табылуы. 

Қытай архитектурасының ерекшеліктері.  

Орта Азияның ерте темір дәуірі 

Орта  Азия  өркениетi  дамуының  алғы  шарттары.  Егiн  шаруашылығының  басым  болуы. 

Жердi  суландырудың  маңызы,  оның  әдiстерi.  Соғдының  көне  қалалары.  Әмудария  көмбесi. 

Грек-бактрия  ақшалары.  Самарқанд  жанындағы  Афрасиаб  көне  қаласы.  Грек-Бактрия 

мемлекетi.  Дальверзиитепе,  көне  Термез,  Зартепе,  Кей-кобад  шах  археологиясы.  Сазды 

ыдыстары.  Көне  Ниса,  Койне  қала  өндiрiс  ғимараттары,  Мургаб  аймағының  археологиясы. 

Гаур  қала  (Эркала),  көне  Мервтегi  билеушiлер  архитектуралық  ескерткiштерi.  Көне  Хорезм, 

Топырақ қала, Қойқырылған қала, Жетiсар комплексi, шаруашылығы.  



Қазақстанның ерте темір дәуірі 

Сақ-скиф  тайпалық  одақтары.  Металлургия  мен  зергерлiк.  Сақ  тайпаларының  кескiн 

келбетi.  Сақтар  этногенезi.  Ат  әбзелдерi,  қарулар  және  әшекей  бұйымдары.  Жартас 

суреттерiнiң ерекшелiгi. Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу жерiндегi сақтар ескерткiштерi. Арал 

маңы сақтары, зерттелу тарихы. Түгiскен және Ұйғарақ қорымдары. Есiк қорғаны. Бесшатыр 

обасы,  олардың  құрылымы,  жерлеу  әдiсi.  Отырықшы  мәдениет  ескерткiштерi.  Орталық 

Қазақстанның  Тасмола  мәдениетi.  «Мұртты»  қорғандардың  құрылымы,  генезисi  және 

функциясы.  Солтүстiк  Қазақстанның  сақ  және  ғұн-сармат  кезеңдерi  ескерткiштерi, 

хронологиясы. Жерлеу құрылыстары, қоныстары мен тұрғын-жайлары. Шығыс Қазақстанның 

Майемер, Берел, Құлажорға кезеңдерi.  



 

 

 

 

 

5. Ұсынылатын әдебиет тізімі 

 

Негізгі әдебиет: 

 

1

 



Археология. Учебник под ред. В.Л. Янина. – М, 2006.  

2

 



Археология. Учебник/А. И. Мартынов. – 5-е изд., перераб. – М.: Высш. шк., 2005. – с.447  

3

 



Аристов Н.А. Этногенез и этническая культура казахов Т.2 // Библиотека казахской 

этнографии 50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007. 

4

 

Радлов В.В. Труды по казахской этнографии Т.3 // Библиотека казахской этнографии 50 



томов. – Астана «Алтын кітап», 2007. 

5

 



Шорманов М. Казахские народные обычаи Т.4 // Библиотека казахской этнографии 50 томов. 

– Астана «Алтын кітап», 2007. 

6

 

Маргулан А.Х. Труды по культуре казахского народаТ.8 // Библиотека казахской этнографии 



50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007. 

7

 



Аргынбаев Х.А. Историко-культурные связи русского и казахского народовТ.10 // 

Библиотека казахской этнографии 50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007. 

8

 

Харузин Н.   История развития жилища у тюркских и монгольских народностей России Т.20 



// Библиотека казахской этнографии 50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007. 

9

 



Сборник. Российские академические  экспедиции XVIII в. об этнографии казахов Т.25// 

Библиотека казахской этнографии 50 томов. – Астана «Алтын кітап», 2007. 

10

 

Ахметжан Калиолла.  Этнография традиционного вооружения казахов. – Аматы, 



Алматыкітап, 2007. 

11

 

Традиционная одежда казахов (иллюстрированный научный каталог). - Алматы: Өнер, 2009. 



- 343 с.  

12

 



Шевцова  А.А.  Казахский  традиционный  свадебный  костюм  (XIX  -  начало  ХХ  века)  // 

Среднеазиатский  этнографический  сборник  /  Ин-т  этнологии  и  антропологии  Н.Н.  Миклухо-

Маклая РАН. - Вып. V. [отв. ред. С.Н. Абашеев, В.И. Бушков]. - М.: Наука, 2006. 

13

 



Омирбекова М.Ш. Энциклопедия. Казахские орнаменты. -  Алматы, Алматыкитап, 2005.  

14

 



Байпаков  К.  Великий  Шелковый  путь  (на  территории  Казахстана).-  Алматы,  Аруна  Ltd., 

2007.  


15

 

Алимбай  Н.,  Муканов  М.С.,  Аргынбаев  Х.А.  Традиционная  культура  жизнеобеспечения 



казахов: Очерки теории и истории. – Алматы, 1998. 

16

 



Археология Казахстана. Кітап-альбом. – Алматы, 2006. 

17

 



Великий шелковый путь. – Алматы, 2007. 

18

 



Дәстүр: ұғым мен тәсіл. 3 том. – Алматы, 2005. 

19

 



История Казахстана в произведениях античных авторов. 1-том. – Алматы, 2005. 

20

 



История Казахстана в произведениях античных авторов. 2-том. – Алматы, 2006. 

21

 



Мәдениеттің типологиясы және тарихи өлшемдері. 5-том. – Алматы, 2005. 

22

 



Кочевое жилище народов Средней Азии и Казахстана. – М., 2000. 

23

 



Қазақстан мәдениеті. – Алматы, 2005. 

24

 



Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1 – том. – Алматы, 2005. 

25

 



Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 2 – том. – Алматы, 2005. 

26

 



«XVI  –  XX  ғасырлардағы  орыс  дереккөздеріндегі  Қазақстан  тарихы».  5  –  том.  –  Алматы, 

2006. 


27

 

Постмодернизм және мәдениет. 7-том. – Алматы, 2005. 



28

 

Постмодернизм және мәдениет. 8-том. – Алматы, 2005. 



29

 

Средневековые города Казахстана. Кітап-альбом. – Алматы, 2006. 



30

 

Токтабаев А. Древние города Казахстана: научно-популярная литература - Алматы, 2002.  



31

 

Токтабаев  А.У.  Традиционный  тренинг  коня  и  казахов  /А.  У.  Токтабаев  //  Краеведческие 



записки / Самар. обл. ист.-краевед. музей им. П. В. Алабина, 2000. Вып. 9. - С. 203-208. 

32

 



Катран Д.  Традиции казахского дастархана: научно-популярная литература. - Алматы, 2003. 

 

Қосымша:  

1.

 



Ажигали  С.Е.  Традиционная  система  скотоводческого  поселения  казахов  //  Этнографо-

археологические комплексы. – Т.5. – Новосибирск, 2002. – С.143-191. 

2.

 

Ергазы  К.Е.  Домашняя  утварь  казахов  в  XVI-XIX  вв.  (историко-этнографическое 



исследование): Автореф. дисс. к.и.н. – А, 1995. 

3.

 



Тохтабаева Ш.Ж. Серебряный путь казахских мастеров. – Алматы, 2005. 

4.

 



Шаханова Н.Ж. Мир традиционной культуры казахов.  – Алматы, 1999. 

5.

 



   Райымхан К.Н. Ата кәсіп. Монғолиядағы қазақтардың қолөнері. – Алматы, 2001.  

6.

 



Средняя Азия в эпоху камня и бронзы. – М., 1966 

7.

 



 Кузмина Е.Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. – Фрунзе, 1986 

8.Членова Н.Н. Хронология памятников Карасукской культуры. – М., 1972 

9.

 

 Древнейшие государство Кавказа и Средней Азии. // Археология СССР. 20 т. – М.,1985 



10.

 

Степи европейской части СССР в скифско-сарматское время // Археология СССР. 20 т. – М., 



1989 

11.


 

 Лунина С.Б.  Археология Средней Азии. – Ташкент, 1986 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет