6М070100 Биотехнология мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата02.01.2017
өлшемі0,67 Mb.
#1021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Күтілетін  нəтижелер:  Амин  қышқылдары,  биологиялық  белсенді  қосылыстардың 

өндіріс  принциптерін  білу.  Микроағзалардың  өндірістік  штаммдарын  бөліп  алу, 

оларды  сұрыптау,  сақтаудағы  тəжірибелік  дағдылар  жəне  вакциналар  мен 


антигендерді  дайындау  үшін  қолдану.  Емдік  пен  диагностикалық  сарысулар  мен 

гамма-глобулиндер, пробиотиктер,  антибиотиктер, ферменттер, витаминдер жəне т.б. 

əзірлеу технологиясын білу; рекомбинантты ДНҚ, гендік инженерлік вакциналар мен 

моноклонды  антиденелерді  алу  технологиясы  жəне  олардың  ветеринарлық 

медицинада қолданылуын білу; биологиялық препараттарды бақылау, стандарттау мен 

сертификаттау жəне өндірістік желіні аттестаттау əдістерін білу. 

 

OGKSSGN 5209 Өсімдіктер генқорын құру мен сақтаудың селекция-

генетикалық негіздері 

 

Кредит саны - 2  

Пререквизиттер:  Ауыл  шаруашылық  дақылдар  селекциясы  мен  тұқым 

шаруашылығы,  Ауыл  шаруашылық  дақылдар  генетика  негіздері,  Өсімдіктердің 

генетикалық  инженериясы,  Молекулалық  биология,  Өсімдіктер  биотехнологиясы, 

Өсімдіктердің жеке селекциясы. 



Постреквизиттер: Болашақ кəсіби қызмет.  

Мақсаты:  Өсімдіктер  генқорын  құру  мен  сақтаудың  селекция-генетикалық  негіздері 

туралы теориялық жəне тəжірибелік мағлұматтар алу. 



Мазмұны.  Селекцияның  негізгі  бағыттары  мен  даму  тарихы.  Сұрыптап  алынатын 

материалды  бағалау  əдістері.  Өсімдіктердің  жіктелуі.  Генқорын  сақтау  əдістері. 

Генетикалық  резерваттар.  Клондардың  мұрағаты.  Интродукция  есебіне  ағаш 

өсімдіктердің селекциясы үшін бастапқы материалды байыту. Түр жəне түрдің пайда 

болуы.  Түрішілік  полиморфизм  мен  популяция  генетикасы.  Жоғары  сатыдағы 

өсімдіктердің генқорын сақтаудың дəстүрлі түрлері: тұқым банкін құру жəне жасанды 

егу.  Маңызды  қасиеттерін  селекциялау;  селекциялық  үрдісті  ұйымдастыру  мен 

техникасы,  іріктеу  əдістері.  Өсімдіктердің  мүшелер,  ұлпалар  мен  жасушалар  өсіндісі 

əдісін  генқорын  сақтауда  қолдану.  Оқшауланған  ұрықтар  өсіндісі.  In vitro 

ұрықтандыру  əдісі.  Өсімдік  материалын  сұйық  азотта  криоконсервілеу.  Криосақтау 

технологиясы мен  өсімдіктердің жабайы, жойылып бара жатқан түрлері мен бұрынғы 

селекция  сорттардың  гендер  ортақтастығын  кеңінен  қолдану  үшін  заманауи 

криобанктердің  маңызы.  Өсімдіктердің  гаплоидтық  түрлерін  алу  əдісі.  In vitro 

жағдайында генқорын сақтау. 



Күтілетін  нəтижелер:  Сорт  туралы  ұғым  жəне  оның  ауыл  шаруашылығы 

өндірісіндегі маңызы;  шағылыстыру техникасын,  мүшелер, ұлпалар мен жасушалар 

өсіндісі  əдісін;  In vitro  ұрықтандыру  əдісін;  Өсімдіктердің  гаплоидтық  түрлерін  алу 

əдістерін меңгеру 



 

МGGI 5209 Молекулалық генетика жəне генетикалық инженерия   

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттер: 

Генетика, 

Органикалық 

химия, 


Биоорганикалық 

химия, 


Микробиология, Вирусология, Молекулалық биология, Молекулалық генетика. 

Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет. 

Мақсаты:  Негізгі  молекулалық  генетикалық  үрдістер  мен  түсініктерді  меңгеру, 

олардың  негізінде  берілген  қасиеттері  бар  трансгенді  ағзаларды  гендік  инженерлік 

құрастыру туралы түсініктер. 


Мазмұны: 

Тұқым 


қуалаушылықтың 

молекулалық 

механизмдері. 

Гендік 


экспрессияның  механизмдері.  Транскрипция.  РНК-полимеразалары.  Эукариоттар 

гендерінің үзілмелі құрылысы. Сплайсинг. Аутосплайсинг, механизмдері мен маңызы. 

Биологиялық  кодтың  ашылуы.  Генетикалық  код.  Генетикалық  кодтың  қасиеттері. 

Өзгергіштіктің  молекулалық  механизмдері.  ДНҚ  құрылымы.  Геннің  құрылымы. 

Генетикалық код. Эукариоттардағы ерекшеліктері. Қайта кодтайтын сигналдар немесе 

екінші    генетикалық  код.  Нонсенс  жəне  миссенс  супрессорлары.  Трансляцияның 

инициация  деңгейіндегі  бақылау.  РНҚ  деградациясын  реттеу. C-value парадоксі – 

геномдар  қасиеттері  мен  олардың  таксономиялық  орналасу  арасындағы 

корреляцияның  жоқтығы.  Геннің  құрылысы  туралы  заманауи  түсінік.  Геннің 

құрылымдық  элементтері.  Табиғатта  генетикалық  ақпараттық  тасымалдау  тəсілдері. 

Генетикалық  инженерияда  қолданылатын  ферменттер.  Гендерді  алу  əдістері. 

Рекомбинантты  ДНҚ  техникасы.  Секвендеу.  Жаңа  белгілері  бар  ағзаларды  гендік 

инженерлік  əдіспен  құрастыру  принципі.  Гендік  жəне  генетикалық  инженерия 

əдістемесінің  негіздері – түрлі  тектегі  жəне  түрлі  аранжировкада  гендер 

комбинациясын алу.  

Күтілетін нəтижелер: Прокариоттар мен эукариоттардың гендері түрлі класстарының 

құрылысын  білу;  гендер  репликациясы,  рекомбинациясы  мен  репарациясы  негізгі 

механизмдерін;  гендер  транскрипциясы  мен  ақпараттық  РНҚ  түзілуі  (сплайсинг) 

үрдісін реттеу негізгі механизмдерін; ақуыздың биосинтезін (трансляция) қамтамасыз 

ететін негізгі механизмдерін; гендік инженерияның маңызды əдістерін (гендерді бөліп 

алу,  гендердің  өзгеруі,  гендерді  тігу,  реципиент  ағзаларына  бөтен  гендерді  енгізу). 

Нуклеин қышқылдарымен жұмыс істеу заманауи əдістерімен; ДНҚ мен РНҚ бөліп алу, 

жасушалардың  алуан  түрлерінде  гендер  экспрессиясы  деңгейін  анықтау  əдістерімен; 

түрлі  ауруларға  тұқым  қуалаушылық  бейімделгіштікті  молекулалық  диагностика 

əдістерімен танысу. 

 

OGI 5209  Өсімдіктердің генетикалық инженериясы 

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттер:  Ботаника,  Генетика,  Органикалық  химия,  Биоорганикалық  химия, 

Жасушалық биология, Молекулярлық биология, Молекулярлық генетика. 



Постреквизиттер:Дипломдық жұмыстарды орындау, болашақ кəсіби қызмет. 

Мақсаты:  Өсімдіктердің  генетикалық  инженериясы  теориялық  жəне  тəжірибелік 

негіздері 



Мазмұны:  Жасушада  өтетін  тіршілік  үрдістерінің  молекулалық-  биохимиялық 

механизмдермен  жағдайы  туралы  заманауи  түсінік.  Өсімдіктер  генетикалық 

инженерияның  теориялық  негіздері.  Прокариоттар  мен  эукариоттар  гендері  жағдайы 

туралы  заманауи  түсінік.  Гендер  жұмысын  реттеуде  репликация,  транскрипция, 

трансляция  механизмдері.  Ген  құрылымы.  Мутациялық  өзгергіштікте  мобильді 

элементтердің  рөлі.  Аппликацияны  клондау  əдістерінің  теориялық  негіздері.  Өсімдік 

жасушасы  ДНҚ-н  секвендеу.  Өсімдіктер  генетикалық  инженериясы,  негізгі  зерттеу 

бағыттары.  Өсімдіктер  генетикалық  инженериясы  мақсаты  мен  міндеттері.  Зерттеу 

объектілері  мен  əдістері.  Өсімдіктер  генетикалық  инженериясы  зерттеу  бағыттары. 

Гендік инженерияның даму тарихы. Өсімдіктер гендік инженериясының биологиялық 

ғылымдарымен  байланысы.  Генетикалық  инженерияның  ферменттері  мен  оларды 

рекомбинантты  ДНҚ  алу  үшін  қолдану  ерекшеліктері.  Клондау  жəне  клондауға 



арналған  векторлар.  Векторлық  жүйелердің  түрлері.  Клондау.  Плазмидалық 

векторлардың  құрылымы  мен  оларда  ДНҚ  фрагменттерін  клондау.  Трансформация 

əдістері  мен  трансгенді  өсімдіктерді  алу.  Трансформация  арналған  векторлардың 

түрлері.  Агробактериялардың Ti- плазмидаларының  құрылымы. Ti- плазмидалары 

негізіндегі векторлар. Өсімдіктердің трансформация əдістері. Түрлі биотикалық жəне 

абиотикалық факторларға төзімді трансгенді өсімдіктерді алу. Трансгенді өсімдіктерде 

прокариотты  жəне  эукариоттты  гендер  экспрессиясы  мəселелері.  ГТӨ  (генетикалық 

түрлендірілген  өсімдіктер)  мен  ГТ(генетикалық  түрлендірілген)  өнімдердің  əлемдік 

нарығы жəне геномды молекулалық маркерлеу мен талдау əдістері. Қолдануға рұқсат 

берілген  трансгенді  өсімдер  мен  олардың  егістік  көлемі.  Өсімдіктер  геномын 

молекулалық талдау мен маркерлеу заманауи əдістері. 

Күтілетін  нəтижелер:  Өсімдіктердің  генетикалық  инженериясы  теориялық  жəне 

тəжірибелік  негіздерін  білу;  стресс  жағдайларына,  зиянкестерге,  саңырауқұлақтарға, 

бактериялық  мен  вирустық  инфекцияларға,  гербицидтерге  төзімді  трансгенді 

өсімдіктерді алу.  

 

BG 5209 Ветеринариялық генетика  

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттер:  Математика,  Микробиология,  Морфология,  Физиология,  Химия, 

Ботаника, Биохимия. 



Постреквизиттер:  Гендік  инженерия,  Өсімдіктер  мен  жануарлар  биотехнологиясы, 

Микроағзалар, Өсімдіктер мен жануарлар селекциясы. 



Мақсаты:  Жалпы  жəне  ветеринарлық  генетиканың  заманауй  жағдайымен 

студенттерді  таныстыру,  аурудың  тұқым  қуалаушылық  бейімділігін  жəне  тұқым 

қуалаушық  аномалиясы  профилактикасы  мен  генетикалық  диагностикасы  аумағында 

теориялық жəне практикалық білім беру. 



Мазмұны. Генетика – тұқым қуалаушылық жəне өзгергіштік жайлы ғылым, заманауй 

биологияның  негізі.  Жəндіктер  мен  басқа  жануарлар  ағзасы  үшін  өзгергіштік  жəне 

тұқым  қуалаушылық  заңы.  Биологиялық  зерттеулердегі  генетикалық  əдістер.  Тұқым 

қуалаушылықтың  молекулярлық  негізі:  Тұқым  қуалаушылықтағы  ДНҚ  рөлі 

айқындығы,  нуклеин  қышқылының  структуралық  ұйымы.  Тұқым  қуалаушылықтың 

цитологиялық негізі. Жасуша генетикалық жүйесі сияқтылығы. Хромосома құрылымы 

мен функционалдығы. Кариотип. Кариотип ережесі. Митоза мен мейоза патологиясы 

жəне  генетикалық  мəні.  Қан  тобы  жəне  ақуыздың  биохимиялық  полиморфизмы.  Қан 

топтары мен иммуногенетикасы жайлы түсінік. Селекциядығы жəне ветеринариядағы 

ақуыздық  полиморфизмның  жəне  қан  тобының  мағынасы.  Аурудың  тұқым 

қуалаушылыққа  бейімділігі.  Жануарлардағы  ауруларға  бейімділігі  жəне  генетикалық 

тұрақтылығы.  Қабылдауы  жəне  резистенттілік  мұрасы.  Гельминтозға  жəне 

протозойлық  ауруға,  бактериалдық  қабылдау  мен  генетикалық  тұрақтылығы. 

Вирустық  инфекцияларға  қабылдаушылығы  мен  тұрақтылығы.  Генетикалық 

сараптама,  цитологиялық  жəне  тұқым  қуалаушылықтың  молекулярлық  негізі    жайлы 

заманауй көзқарасы; жануарлар селекциясы теоретикалық негізі сияқты мутациондық 

процесс,  түр  аралық  жəне  тума  аралық  гибридизация.  Генетика  дамуы,  жануарлар 

генетикасы,  генетика  популяциясы  мен  эволюциялық  генетика.  Ветеринариядағы 

генетика заңылығы. 


Күтілетін  нəтиже:  Тұқым  қуалаушылық  пен  өзгергіштіктің  заңдылықтарын  білу, 

заманауй  генетиканының  деңгейінің  жағдайын,  диагностика  əдістерін,  генетикалық 

аномалиясының  таралу  іс  шаралары  мен  жануарлардың  аруларға  төзімділігін  тұқым 

қуалаушылығын жоғарлату.  Мутациялық өзгерістер жайлы түсінік, генетиканың жеке 

дамуы,  популяция  генетикасы,  иммунитетін  негізгі  генетикасы,  фармакогенетика, 

биотехнологиясы,  кейбір  генетикалық  аномалиясы  мен  тұқым  қуалаушылыққа  бейім 

аурулар,  трансгенез,  ген  көшіру,  зерттеудің  молекулярлы-генетикалық  əдісі. 

Гибридологиялық,  цитогенетикалық,  биохимиялық  жəне  генеалогиялық  сараптама, 

сараптама  ақпаратын  экспериментальді  зерттеу  жəне  биометриалық  өндеу  əдістерін 

меңгеру,  əдебиетпен  жұмыс  жасай  білу,  биохимиялық  полиморфтық  жүйе  мен  қан 

тобын қолдану арқылы жануарлардың тегін нақтылығын анықтау.  

 

Модуль 6 – Мамандық бойынша бағытталған 

 

EZhA 5210 Эпизоотология жəне жұқпалы аурулар  

 

Кредит саны - 2 

Пререквизиттер: Анатомия, Гистология, Зоология, Генетика, Биохимия, Физиология, 

Микробиология, Вирусология, Иммунология, Патология. 



Постреквизиттер: Магистерлік жұмыстарды дайындау, болашақ кəсіби қызмет  

Мақсаты:  Жануарлардың  жұқпалы  ауруларының  таралуы  мен  пайда  болу 

заңдылықтары  жайлы  білімі,  олармен  күрес  жəне  прафилактикалық  жағдай  мен 

əдістері. 

Мазмұны:  Эпизоотикалық  процестің  жалпы  заңнамасы.  Эпизоотикалық  ошақ  жəне 

жұқпалы аурулардың табиғи ошақтануы. Жұқпалы ауруларға қолайсыз эпизоотикалық 

пункттер  бойынша  зерттеулер.  Жұқпалы  аурулардың  пайда  болу  жəне  таралу 

себептері.  Жұқпалы  ауруларды  жою  жəне  алдын  ала  емдеу,  сауықтырушы 

шаруашылықтың жалпы қағидалары. Төлдерді жұқпалы аурулармен күрес жəне алдын 

ала  іс  шара  негіздерін  жасауды  магистранттарға  оқыту.  Ауру  жануарларды  емдеу, 

диагноз  қою,  төлдер  арасында  жұқпалы  аурулардың  таралуы  жəне  əсер  ету  себебі. 

Сауықтырушы іс шара жəне емдеу, прафилактикалық жоспарды өндеу. Серологиялық 

зерттеу,  диагноз  қоюдағы  серологиялық  зерттеудің  ролін  бағалау.  Серологиялық 

зерттеуді көлемді ұйымдастыру. Серологиялық зерттеуді көлемді ұйымдастыру  жəне 

аллергиялық  диагностикалық  үлгі.  Жұқпалы  ауруларға  қарсы  вакцинация  жүргізу 

жəне  ұйымдастыру.  Жануарларды  бір  уақытта  көлемді  вакцинация  əдісі.  Жұқпалы 

аурумен ауру жануарларды емдеу. 

Күтілетін  нəтиже:  Зооантропоноздық  инфекциялықтан  адамдарды  сақтау  жəне  жеке 

профилактикалық іс шара көз қарас болу; инфекциялық ауру жануарларды жою жəне 

профилактикалық жабдықтар жəне іс шаралары.  

Пəндер  арасындағы  эпизоотологиялық  жəне  оның  орнын  білу,  жұқпалы  ауруларды 

тану, жануарлардың инфекциялық аурулардың негізгі мінездемесі; инфекцияның түрлі 

формалы  эпизоотологиялық  маңызы,  табиғи  резистенттілігі  мен    профилактика 

кезіндегі  иммунитеті  жəне  сауықтырушы  іс  шаралар;  инфекциялық  ауру  кезеңі  жəне 

негізгі клиникалық түрі. 



 

 

 

PIA 5210 Паразитология  жəне инвазиялық аурулар  

 

Кредит саны – 2  

Пререквизиттер: Анатомия, Гистология, Зоология, Генетика, Биохимия, Физиология, 

Микробиология, Патология.  



Постреквизиттер:  Адамдар  мен  жануарлардың  аса  қауіпті  ауруларының 

профилактикасы жəне диагностика əдістері. 



Мақсаты:  Жануарлардың  инвазиялық  ауруларын  профилактикасы  мен  емі, 

диагностика əдістерін оқыту, дамытуды оқу.  



Мазмұны: Инвазиялық процестің жалпы заңдылығы. Паразитарлық жəне инвазиялық 

аурулардың  табиғи  ошақтылығы.  Инвазияға  қолайсыз  пункттерді  зерттеу. 

Паразитарлық  аурулардың  пайда  болуы  мен  таралуы.  Паразитарлық  ауруларды  жою 

жəне  дауалау,  шаруашылықты  сауықтырудың  жалпы  принциптері.  Төлдердің 

инвазиялық  ауруларымен  күрес  жəне  профилактикасының  ерекшеліктерін 

магистранттар жасай білу. Төлдер арасындағы паразитарлық аурулардың таралуы мен 

пайда болуы себептерін анықтау, диагноз қою,  ауру жануарларды емдеу. Сауықтыру 

жəне  емдеу  іс  шаралары,  профилактикалық  жоспарды  өңдеу.  Жануарлардың 

трихомонозы  мен  трипаносомозы  диагностикасы.  Құстың  гистомонозы 

диагностикасы. Ішкі жұқпалы емес аурулардың диагностикасы. Ішкі ағза патологиясы. 

Ішкі жұқпалы емес аурулардың этнологиясы. Қан айналым ағзаларының патологиясы. 

Травматикалық  перикардит жəне  жүрек  ақауы.  Тыныс  алу  ағзаларының  патологиясы 

(ринит, 

трахеит, 

бронхиты, 

пневмония). 

Гастроэнтериттер. 

Жалпы 


паразитологиялардың заманауи мəселелері. Экологиялық паразитология. Адамдар мен 

жануарлардың  аса  қауіпті  инвазиялық  аурулары.  Паразитологияның  биологиялық 

негізі.  Паразитизм  жəне  паразитттер  классификациясы.  Инвазиялық  аурулар  жайлы 

түсінік. Мамандық пəні жəне биологиялық жүйесінің паразитологиядағы орны. Түрлі 

паразиттер типтерінің түрлері арасындағы патогенді жəне биологиялық ерекшеліктері.  

Күтілетін  нəтиже:  Аурудың  клиникалық  белгілері,  патогенез,  этиологиясы  жайлы 

түсініктерді  білу;  патологиялық  процестер  кезіндегі  структуралық  арақатынасы  жəне 

функционалдық  өзгерістері;  Зат  алмасудың  ішкі  жəне  сыртқы  себептері;  жануар 

ағзасындағы  патологиялық  өзгерістер.  Инвазиялық  аурулар  мен  инфекциялық 

аурулар, жұқпалы емес аурулар кезінде ауру жануарлардың клиникалық зерттеулерін 

өткізу; инвазиялық жəне инфекциялық аурулар пайда болу кезінде эпизоотологиялық 

зерттеу əдісін қолдану; жануарлардың ауруларында зертханалық диагностикасы əдісі 

мен  зертханалық  зерттеудің  негізігі  қағидаларын  пайдалану;  жануалармен  жұмыс 

істеу кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтау. 

 

VSSShATK 5210

 

Ветеринарлық-санитарлық сараптама жəне  шикізаты пен 

азық түлік қауіпсіздігі

 

 

 

Кредит саны – 2  

Пререквизиттер:  Ауыл  шаруашылық  өнімін  стандарттау  жəне  сертификаттау, 

Патанатомия,  Эпизоотология,  Паразитология,  Микробиологии,  Вирусология, 

Физиология, Анатомия, Гистология. 

Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны орындау, болашақ кəсiби қызмет . 

Мақсаты:  Ветеринарлық-санитарлық  сараптама  жəне    шикізаты  пен  азық  түлік 

қауіпсіздігі  негізінің  теориялық  жəне  практикалық  білімі  мен  тағам  өнімінің  білу 



жүйедегі білімді біріктіруге көмектеседі жəне оларды ғылыми  мен өндірістік салада 

қолдану. 



Мазмұны:  Жануар  жəне  өсімдік  текті  шикізат  технологиясы  мен  мал  шаруашылық 

өнім,  азық-түліктерді  санитариялық-гигиеналық  зерттеу  əдістері.  Олардың 

ветеринарлық-санитарлық    сапасын  бағалау  жəне  қауіпсіздігі  ережелері. 

Ветеринарлық-санитарлық  сараптама  жəне    шикізаты  пен  азық  түлік  қауіпсіздігі 

əдістері.  Мал  шаруашылығы  өнімдерін  ветеринарлық-санитариялық  сараптауды 

жүргізу  жəне  ұйымдастыру.   Азық-түліктерді  жəне  шикізаттарды  ветеринарлық-

санитариялық  сараптау,  жануар  текті  өнімдерді  өндіру,  қайта  өңдеу,  сақтау, 

тасымалдау  жəне  азық  түліктерді  əзірлеу  барысында  қажетті  санитария  мен  гигиена 

шаралары  мен  жағдайлары.  Мал  шаруашылығы  өнімдерінің  сапасы  мен  қауіпсіздігін 

бағалау үшін ҚР мемлекеттік стандарттары. Шекара мен көліктердегі ветеринарлық – 

санитарлық  бақылау  ветеринарлық  санитарлық  дəрігерді  оқытудағы  басты  пəндердің 

бірі. Оны оқу барысында жануар текті өнімдерді, шикізаттарды, жануарларды көліктің 

кез  келген  түрімен  тасымалдауды  ұйымдастыруды  жəне  тасымалдау  жолында 

аурулардың таралмауының алдын алу шараларын  арқылы үйренеді. 



Күтілетін  нəтиже:  Мал  шаруашылығы  өнімдерін  ветеринарлық-санитариялық 

сараптау, жануар текті шикізаттардан біріншілік өңдеуден өткізілген азық-түліктердің 

қауіпсіздігін, технологиясы негіздерін, гигиенасын,  санитариялық-гигиеналық зерттеу 

əдістерн  білу.  Ветеринарлық-санитариялық  сараптау  саласында  алған  білімдерін 

қолдану, тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау, жануар текті жоғары 

сапалы өнімдерді шығару.  



 

TB 5210   Топырақ биологиясы  

 

Кредит саны– 2  

Пререквизиттер: Ботаника, Биология, Химия, Топырақтану, Агрохимия. 

Постреквизиттер:  Егіншілік,  өсімдіктерді  қорғау,  Өсімдік  шаруашылығы, 

топырақтану. 



Мақсаты: Топырақтану құнарлығы мен топырақтың қалыптасуындағы жануарлардың 

рөлін анықтау. 



Мазмұны:  Топыраққа  антропогендік  əсер  етуге  байланысты  топырақ  биологиясы, 

топырақ  биотикасының  беспатшалығы  өкілдерінің  құрылысы  мен  функциялары.  Тірі 

табиғаттың  топырақтағы  бес  патшалығы:  өсімдіктер  патшалығы  (жер,  сары  жасыл, 

көкшіл  жасыл,  диогномдық  балдырлары),  топырақ  жануарлары  патшалығы,  сонымен 

бірге  тіршілік  үлгісі  мен  топырақ  əсері,  қоректену  сүлесіне  байланысты  топырақ 

биотикасының  өкілдерін  жіктеуді  оқып-үйрену.  Топырақ  балдырларының  жалпы 

мінездемесі.  Топырақ  балдырларының  топтары.  Балдырлардың  морфологиялық 

ерекшеліктері. Балдырлардың қоректену типтері. Əр түрлі топрақтағы балдырлардың 

биомассасы  мен  түрлерінің  алуандығы,  саны.  Топырақ  балдырларының  экологиялық 

ерекшеліктері:  Балдырлардың  өмірлік  формасы.  Топырақтану  профилі  бойынша 

балдырларды анықтау. Терең тұзды топырақтарда балдырларға мекендеуге мүмкіндік 

беретін ерекшкліетері. Топырақтанудағы балдырлардың рөлі. Топырақтың ластануына 

балдырлардың  сезімтал  көрсеткіші.  Жануарлар  топырағының  жалпы  ерекшеліктері. 

Топыраққа  байланысты  жануарлар  топырағының  ерекшеліктері.  Топырақ  ортасына 

өмір сүруге ыңғайлану. Топырақтың қарапайым негізгі топтары жəне олардың жалпы 

мінездемесі.  Топырақтағы  биомасса.  Қарапайым  түрлі  топтардың  қоректену 



ерекшеліктері.  Топырақ  диагностикасы  мен  биологиялық  индикациясының  негізгі 

түрлері.  Топырақты-альгологикалық  индикация.  Микробиологиялық  диагностика 

жəне  топырақтың  биологиялық  ерекшелігі.  Ластанған  топырақ  ортасының 

биологиялық  индикациясы  (пестицидтер,  ауыр  металдар,  мұнаймен  ластану  жəне 

оның  өндірілген  өнімі,  минералды  қи  жоғары  дозада,  топырақтың  микробтық 

ластануы).  Топырақтың  биотының  зақымдалуының  ерте  диагностика  əдістері  мен 

өндіру принциптері – топырақ биологиясының негізгі тапсырмасы. 

Күтілетін  нəтиже:  Топырақ  ағзасының  негізгі  топтары,  олардың  систематикасы  мен 

морфологиясы  ерекшеліктері;  биосферадағы  энергиясы  мен  зат  алмасудағы  топырақ 

микроорганизмдерінң  рөлі  жəне  микробтық  метаболизм  негіздері;  топырақ  профилі 

бойынша  организмдерді  анықтау  ерекшеліктері,  топырақты  түрлі  топтардың  бір 

бірімен  арақатынасы  мен  олардың  сукцессиясы  заңдылығы.  Зертханалық  жəне 

суармалы  жағдайда  топырақ  ағзаларын  зерттеу  əдістері.  Топырақтың  индикациялық 

жəне биологиялық принциптері.  

 

TBN 5210 Топырақтану биогеотехнология негіздерімен 

 

Кредит саны – 

Пререквизиттер: Жалпы биология, Органикалық жəне биоорганикалық химия 

Постреквизиттер:  Магистерлік  жұмысты  орындау,  Мамандықтың  келешектегі  іс-

шаралары. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет