BOMTA 5206 Биотехнология өнімдерін маркерлеу жəне тестілеу əдістері
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Генетикалық инженерия, Биохимия, Молекулалық биология,
Өсімдіктер
биотехнологиясы,
Микроағзалар
биотехнологиясы,
Жануарлар
биотехнологиясы, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сертификаттау жəне сақтау
технологиясы,
Мал
шаруашылығы
өнімдерінің
Ветеринарлық-санитарлық
экспертизасы.
Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны жазу, Болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Биотехнология, молекулалық биология ғылымдарының ашылуынан бастап
ғылыми өндіріске еңгізілгенге дейінгі биологиялық ғылымдар жетістіктерінің
арқасында адамзат үшін зор пайдасын, биотехнологиялық өнімдерін маркерлеу жəне
тестілеу əдістерін магистранттарға жеткізу.
Мазмұны:
Микроағзалар, өсімдік шаруашылығы жəне мал шаруашылығы
генетикалық түрлендірілген өнімдерінің таралуы. Биотехнологиялық өнімдерін
белгілеу жəне тестілеу əдістері. ДНҚ рекомбинантты технологиялар əдістері.
Маркерлік гендерді зияндылығы мен маркер гендерін блокадалау əдістері.
Генетикалық түрлендірілген өнімдерінің пайда мен зияны туралы заманауи түсінік.
Генетикалық түрлендірілген өнімдерін пайдаланылуы туралы құжат. Генетикалық
түрлендірілген
өнімдерді
қолданудың
əлеуметтік-экономикалық
аспектілері.
Биоқауіпсіздік. Биоэтика. Биотерроризм.
Генетикалық түрлендірілген өнімдерді алу
əдістері. Генетикалық ақпараттың векторлық молекулалар арқылы таралу қаупі.
Өсімдік шаруашылығының генетикалық түрлендірілген өнімдерінің пайдасы мен
зияны туралы заманауи көзқарас. Өсімдіктердің генетикалық инженериясы,
жетістіктері мен кемшіліктері. Агротехникалық əдістерде генетикалық түрлендірілген
өнімдердің қызметін қолдану. Маркерлеу жəне тестілеу. Биологиялық бүтінділікті
жоғалтудың кең ауқымды ықтималдылығы. Қалыптасқан экожүйеге бөгде тіршілік
түрлерін еңгізу.
Күтілетін нəтижелер: Микроорганизмдердің, жануарлардыңи жəне өсімдіктердің
биотехнологиялық өнімдерін белгілеу жəне тесттілеу əдістерін игеру. Биоинженерия
өнімдерін белгілеу жəне тесттілеудің басты ережелерін магистранттарға үйрету,
сонымен қатар сол салада қолданылатын құрал-жабдықтармен таныстыру
Магистранттар бұл бағытта қолданылатын ТМД, Еуропа елдерінің, Еуроодақ,
Америка елдеріндегі заңдар мен заңнамаларын білуі қажет. Магистранттар Қазақстан
Республикасында биоқауіпсіздік саласында қолданылатын құжаттар мен заң
жобаларын білуі қажет.
OKBN 5206 Өсімдік қорғаудың биологиялық негіздері
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Ғылым мен философияның тарихы; Ауыл шаруашылық
өсімдіктердің аурулары; Биопрепараттар өндірісінің экологиялық аспектілері;
Биоқауіпсіздіктің заманауи мəселері.
Постреквизиттер: Өсімдік шаруашылығы, Тұқым шаруашылығы, Көкөніс
шаруашылығы, Өсімдіктерді қорғау, ауыл шаруашылықты химизициялаудың
экологиялық мəселелері, Агроценоздардың химиялық ластануы, Өсімдік
шаруашылығында биотехнологияның заманауи мəселелері.
Мақсаты: Өсімдік қорғаудың биологиялық негіздерімен, ауыл шаруашылық
дақылдарының негізгі ауруларымен, ауру қоздырғыштарының биологиясымен жəне
оларға қарсы бағытталған кешенді шаралармен таныстыру.
Мазмұны:
Аса қауіпті жəне зиянды ағзалармен күресудің заманауи жолдары мен
əдістер. Əр дақыл жəне оның егістік алқабы үшін өсімдікті қорғаудың əртүрлі əдісін
интеграциялауға негізделген кешенді шаралар жүйесі. Топырақ пен себудің
фитосанитарлық жағдайын бақылаудың ықпалданған бағдарламалары. Өсімдіктерді
қорғау технологиясы. Өсiмдiктердiң заманауи биологиялық қорғау тəсілдері. Зиянды
ағзалардың көбеюін шектейтін паразиттік жəне жыртқыш жəндіктер мен басқа табиғи
зиянкестер, зиянды микроағзалар. Зиянды ағзалармен күресудің заманауи жолдары
мен заманауи əдістер, биопрепараттарды қолдану. Қазақстан Республикасының
биологиялық күресу тəсілдері құралдарының шешiлген тiзiмдерi. Өсімдіктерді
интегрирленген қорғау туралы түсінік. Өсімдік ауруларының классификациясы.
Өсімдіктердің инфекциялық жəне инфекциялық емес аурулары. Саңырауқұлақтар-
өсімдік
ауруларының
қоздырғыштары. Фитопатогендік
бактериялар.
Актиномицеттер-өсімдік ауруларының қоздырғыштары. Фитопатогендік вирустардың
ерекшеліктері.
Фитоплазмалар
жəне
вироидтер – өсімдік
ауруларының
қоздырғыштары. Өсімдіктерді аурулардан қорғаудың химиялық жəне биологилық
заттары. Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына қарсы қолдануға рұқсат
етілген заманауи пестицидтердің түрлерімен таныстыру.
Күтілетін нəтижелер: Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі ауруларының
түрлерін; ауру қоздырғыштарының биологиясы мен морфологиясын; өсімдік
ауруларының таралуына экологиялық факторлардың əсерін; зияндылық шегін;
өсімдіктерді қорғаудың заманауи əдістерін білу.
Ауыл шаруашылық дақылдары
ауруларын балау, ауруларын есепке алу, өсімдік ауруларынан қорғауға бағытталған
шараларды ұйымдастыру.
VBPKMB 5206 Ветеринарлық биологиялық препараттарды қолданудың
мемлекеттік бақылануы
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Микробиология, Вирусология, Эпизоотология, Ветеринарлық істі
ұйымдастыру, Иммунология, Паразитология.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, Кəсіби қызмет.
Мақсаты: Ветеринарлық препараттардың норматив талаптарына сəйкестігі,
ветеринарлық препараттарды қолданудағы мемлекеттік саясат пен бақылауды игеру.
Мазмұны:
Өндірісте, импортта, ветеринарлық препараттарды қолдану жəне жүзеге
асыру барысында заңды жəне физикалық тұлғалар қойылатын талаптар. Ветеринарлық
препараттар сериясының (партияларының) ветеринарлық талаптарға сəйкестігін
анықтау. Ветеринарлық препараттарына нормативті-техникалық құжаттарына
қойылатын талаптар. Ветеринарлық препараттардың республикалық қорын құру жəне
қолдану. Ветеринарлық препараттарды, жемдерді жəне жемдік қоспаларды
зертханалық сынақтарды өткізуге мемлекеттік бақылаудың регламенті. Ветеринарлық
препаратты өндіру жəне жүзеге асыратын объектілерге ветеринарлық-санитарлық
талаптар. Шикізаттар мен материалдардың сапасын кіріс жəне технологиялық
бақылауды ұйымдастыру. Микроорганизмдердің, вирустардың, саңырауқұлақтардың
өндірістік штамдарының дұрыс сақталуын, қолданылуын жəне есепке алуын бақылау.
Əр дайын болған препараттар сериясының сапасын бақылау. Препараттардың
нормативті-техникалық құжаттар талаптарына сəйкес келуін құжат түрінде растау.
Тұтынылатын препараттардың тəжірибе жүзінде қолдануға жарамдылығы туралы
қорытынды хат беру.
Күтілетін нəтижелер: Өндірісте, импортта, ветеринарлық препараттарды қолдану
жəне жүзеге асыру барысында заңды жəне физикалық тұлғалар қойылатын талаптарды
білу. Ветеринарлық препараттар сериясының (партияларының) ветеринарлық
талаптарға сəйкестігін анықтай алу. Ветеринарлық препараттарына нормативті-
техникалық құжаттарына қойылатын талаптарды білу.
EMVShY 5206 Эпизоотологиялық мониторинг жəне ветеринарлық
шараларды ұйымдастыру
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Зоология, География, Физиология, Информатика, Патологиялық
физиология,
Патологиялық
анатомия,
Эпизоотология,
Ветеринарлық
істі
ұйымдастыру, Паразитология, Биологиядағы экономико-математикалық модельдеу,
Фармакология.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, кəсіби қызмет.
Мақсаты: Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотикалық жағдайды
анықтау жəне белгіленген аймақтардағы эпизоотикалық жағдайлардың өзгерісі жəне
олардың ерекшелігі жайлы жаңа мəліметтерді жинау.
Мазмұны:
Эпизоотикалық үрдіс, оның басты жəне қосалқы қозғалтқыш күштері.
Жануарлардың инфекциялық ауруларының номенклатурасы мен классификациясы.
Жануарлардың аса қауіпті аурулары кезінде эпизоотияға қарсы шаралардың
ерекшеліктері. Инфекцияға қарсы иммунитет жəне иммунологиялық реактивтілік
феномендері. ҚР жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотикалық
жағдайы. Кешенді эпизоотологиялық зерттеу əдістері. Эпизоотияға қарсы шаралардың
негізгі принциптері. Эпизоотияға қарсы шаралар жүйесіндегі дезинфекцияның,
дезинсекцияның
жəне
дератизацияның
маңызы.
Эпизоотикалық
үрдістің
интенсивтілігінің статистикалық көрсеткіштері. Жануарлардың денсаулығын сақтау
бойынша халықаралық ұйымның (ХЭБ) жүйесі бойынша инфекциялық аурулардың
классификациясы.
Бруцеллезге қолайсыз шаруашылықты сауықтандыру бойынша
кешенді шаралар. Инфекциялық ауруларды ПТР комегімен молекулалық–генетикалық
балау. ҚР жануарлардың сібір жарасын эпизоотологиялық мониторингісі. ҚР аусыл
бойынша қазіргі эпизоотологиялық жағдайы. Құс тұмауы бойынша эпизоотологиялық
жағдайды талдау жəне вирустың антигендік қасиеттерінің өзгергіштігінің себептері.
Инфекциялық
аурулар
кезінде
стандартты
диагностикумдар
алудың
биотехнологиялық аспектілері. Жұқпалы ауруларды балау мен бақылаудың заманауи
əдістері. Тəуекелді талдау жəне жұқпалы ауруларды болжау. Ветеринарлық география.
Жұқпалы аурулар балаудың заманауи əдістері. Эпизоотикалық үрдістің өтуіне əсер
ететін түрлі факторларды талдау.
Күтілетін нəтижелер:
Эпизоотикалық жағдай белгіленген аймақтағы эпизоотикалық
жағдайлардың өзгерісін жəне олардың ерекшелігі жайлы жаңа мəліметтерді жинау мен
жинақталған бар мəліметтерді одан əрі жетілдіру үшін заманауи ақпараттық-
аналитикалық бағдарламаларды пайдалану. Солардың негізінде эпизоотикалық қарсы
шаралардың ең тиімдісін жетілдіре алу.
BBA 5207 Биопрепараттарды бақылау əдістері
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Микология, Микробиология, Вирусология, Жасушалық технология,
Биоөнімдерді өндіру технологиясы негіздері, Биотехнологиялық қондырғылар,
Ғылыми зерттеу негіздері.
Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны
орындау, болашақ кəсiби қызмет
Мақсаты:
Ветеринариялық
препараттардың
негізгі
түрлерімен
танысу,
биопрепараттарды концентрлеу жəне кептіру, сапасын бақылау əдістерін білу.
Мазмұны: Магистранттарға əртүрлі биопрепараттарды өндірудің технологиялық
негіздерін, оларды технологиялық жəне биологиялық бақылаудан өткізу əдістері
туралы білім беру. Магистранттар келесі бөлімдерден білім алады: Биопрепараттар
топтарын. Вакциналарды алу. Емдік-профилактикалық қан сарысулары мен
иммуноглобулиндерді алу. Диагностикалық препараттарды алу принцптері мен
əдістері. Биопрепараттардың стандарттылығы мен мөлшері. Өндірістік штаммдардың
тұрақтылығын анықтау. Стабилизациялаушы заттарды таңдау. Тірі жəне өлтірілген
вакциналардың зиянсыздылығы, сақтау мерзімдері, аллергиялық əсері, эпизоотиялық
тиімділігі.
Жаңа
препараттарға
нормативті
құжаттарды
əзірлеу.
Түрлі
биопрепараттарды өндірісінің технологиялық ерекшеліктері жəне олардың
технологиялық пен биологиялық бақылау əдістері. Биопрепараттар тобы,
вакциналарды, емдік профилактикалық иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер.
Диагностикалық
антигендерді
дайындау
əдістемесі
мен
принциптері.
Биопрепараттардың саны мен стантдарттілігі. Өндіріс штаммдарын тұрақтылықты
зерттеу. ЛД
50
, ЛД
100
, ЭИД
50
, ТЦД
50
. Тұрақтандыратын заттарды таңдау. Сақтау
мерзімі. Тірі жəне инактивирленген биопрепараттардың зиянсыздығы. Вакциналардың
аллергия туғызатын əсері. Тірі жəне инактивирленген биопрепараттардың
реактогенділігі. Вакциналардың антигендік белсенділігі жəне олардың эпизоотикалық
тиімділігі. Жаңа препараттарға нормативтік құжаттарды құрастыру. Сынақ партияның
технологиялық шарты. Биопрепаратарды даярлау жəне бақылау бойынша уақытша
нұсқамалар, қолданыс бойынша нұсқаулар. Диагностикалық антигендер жəне
сарысулар, алу жəне қолдану. Вакциналар мен гипериммунды сарысулардың сапасын
бақылау. Антибиотиектер, пробиотиктер жəне бактериофагтардың сапасын бақылау.
Биопрепараттарды кептіру əдістері. Вирусқа қарсы заманауи вакцина. Препаратарды
концентрлеу əдістері. Биопрепараттарды сақтау.
Күтілетін нəтижелер: Алуан түрлі вакциналарды дайындау принциптерін білу;
арнайы терапия мен жұқпалы аурулардың алдын алу дəрі-дəрмектерін тағайындау
жəне дайындау принципі; диагностикалық препараттарды дайындау жəне қолдану
принципі; вакциналар, сарысулар, диагностикалық препараттар, антибиотиктер,
пробиотиктер, гамма глобулиндерді бақылау принципі; биопрепараттарды кептіру
əдісі; биопрепараттарды консервілеу əдісі; биопрепараттарды сақтау жағдайлары.
Биопрепарттарды қолданысқа жарамдылығын анықтау дағдыларын меңгеру.
OI 5207 Өсімдіктер иммунитеті
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Биология, Экология.
Постреквизиттер: Егін шаруашылығы, Өсімдік шаруашылығы, Ауыл шаруашылық
өсімдіктердің селекциясы.
Мақсаты: Аурулар мен зиянкестерге қарсы өсімдіктердің иммунитеті механизмін;
патоген-өсімдік-иесі-қоршаған орта жүйесінде өзара қарым-қатынасын білу.
Мазмұны. Паразитизм эволюциясы. Симбиоз, комменсализм, мутуализм ағза
арасында өзара қарым-қатынас түрлері. Өсімдіктер иммунологиясы түсінігі.
Өсімдіктердің ауруларға төзімділігі. Үш компоненттердің өзара əрекеттесу
заңдылықтары (өсімдік, паразит, орта). Токсиндер. Токсиндердің химиялық қасиеті.
Токсиндердің əсер ету механизмі. Өсімдіктердің ферменттері. Өсімдіктердің өсу
заттары. Фитопатогенді микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимиясы.
Созылымдылық. Антибиотиктер. Топырақ микрофлорасы мен өсімдіктер. Өсімдіктің
қорғаныш реакциялардың негізгі түрлері. Тотықтырғыш үрдістердің иммуниттегі рөлі.
Синтетикалық үрдістердің иммуниттегі рөлі. Өсімдіктің қорғаушы механизмі,
енжарлы иммунитет факторлары мен белсенді иммунитеттің қалыптасуы. Табиғи жəне
жүре пайда болған иммунитет. Жасанды иммунизация. Төзімділікті арттыру. Кейбір
заттардың өсімдікке сауықтыратын əсері. Иммунитет генетикасы. Өсімдік
иммунитетіне жарық жəне радиацияның басқа түрлерінің əсері. Онтогенез үрдісінде
өсімдіктердің төзімділігінің өзгеруі.
Күтілетін нəтижелер: аурулар мен зиянкестерге қарсы өсімдіктердің иммунитеті
механизмін; патоген-өсімдік-иесі-қоршаған орта жүйесінде өзара қарым-қатынасын;
аталмыш өзара қарым-қатынастарына қоршаған ортаның əсерін; оларды өсімдіктерді
қорғау жəне аурулар мен зиянкестерге төзімділігін сұрыптау үшін тəжірибелік
қолдану мүмкіндіктерін; ғылыми тақырыпты өздігінен құрастыра, ғылыми зерттеу
қызметін ұйымдастыру жəне жүргізе білу; өсімдіктер иммунитеті саласындағы жаңа
түсініктер, əдістерді меңгеру жəне нəтижелерді кəсіби қызметте қолдана білу керек.
ТOMK 5207 Тағамдық өндірістің микробиологиялық қадағалануы
Кредит саны - 2
Пререквизиттер:
Химия,
Биология,
Жалпы
микробиология,
Тағамдық
биотехнология.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Тағамдық өнімдердің микробиологиясы мен өнеркəсіптік микробиоогия
жəне жалпы микробиологияның негізін тереңірек оқыту, тағамдық өнімдерді сақтау
мен қайта өңдеу үрдістеріндегі микроорганизмдердің маңызы туралы ғылыми
көзқарас қалыптастыру.
Мазмұны:
Тағамдық өнімдердің микробиологиялық қадағалаудың технологиялық
өндірістің бөлек сатысындағы негізгі əдістері. Жасау сатысындағы микробиологиялық
қадағалаудың ережелері, өндірісте қою, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау, сатып
алынуы, тағамдық өнімдерді мемлекетке еңгізу жəне тарату. Əртүрлі тағамдық
өнімдердің қорытындысының микробиологиялық ерекшеліктері. Технологиялық
үрдістердің жеке сатыларында, өндіріске зиянкес микроорганизмдердің ену жолдарын,
ошағы мен көбею деңгейін жедел анықтау жəне жою; түрлі дауалау шараларын
қолдану арқылы бөгде микрофлораның таралуына жол бермеу; сапасы жоғары дайын
өнім алу мақсатында дезинфекция көмегімен оларды дереу жою. Тағамдық өндірістің
микробиологиялық қадағалауға бақыланатын объектінің бактериалдық жұқтырылу
деңгейін анықтауға бағытталған зерттеу мен бақылаудың барлық түрлері жəне
микрофлораны сандық есептеу əдістері жатады. Тағам өнімдері өндірісінің
санитарлық-микробиологиялық аспектілері. Шикізаттардың, жартылай дайын
өнімдердің жəне дайын өнімдердің қауіпсіздігінің микробиологиялық критериі.
Пастерленген (ішетін) жəне стерилденген сүттің микробиологиясы. Өндірістік
бақылау. Сүт қышқылды өнімдер мен ұйытқылардың микробиологиясы. Сүттің
құрамына байланысты сүт қышқылды өнімдердің классификациясы.
Күтілетін нəтижелер: Тағам өнімдерін микробиологиялық зерттей алу.
Микроорганизмдердің таза дақылдарын алу жəне түрін анықтау əдістерін игеру.
Микробиологиялық көрсеткіштерге сəйкес тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімін
анықтай білу. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша өнімнің сапасын анықтау
жəне жүргізілген зерттеулердің нəтижелерін қорытындылау
ZhOTE 5207 Жануарлар өнімінің тауартануы
мен экспертизасы
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Физика, Бейорганикалық жəне аналитикалық химия, Биохимия,
Органикалық
химия,
Микробиология,
Жануарлардың
морфологиясы
мен
физиологиясы, Ветеринарлық санитарлы экспертиза, Жануарлар өнімдерін
стандарттау мен сертификаттау, Патанатомия, Эпизоотология, Паразитология.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Өндірістік жəне сауда əрекетінің объектісі ретінде тауар туралы теориялық
мағлұмат; өндіріс, тауар қозғалысы жəне қолдану кезеңдерінде сапасын бағалауға
жəне оны сақтауға дағдылану.
Мазмұны: Жануар шикізаты туралы жалпы түсінік. Жануар шикізатының
классификациясы мен оның жеке түрлерінің сипаттамасы. Ауыл шаруашылық
жануарлар мен жабайы аңдарының терісінің құрылысы мен химиялық құрамы.
Жануар шикізатының тауарлық қасиеттері мен олардың экспертизасы. Жануар
шикізаттың кемістіктері, біріншілік өңдеу. Жануар шикізатын стандарттау, сараптау,
қабылдау мен іріктеу, сақтау жəне буып тию, маркерлеу мен тасымалдау. Тауартану
мен ветеринарлы-санитарлық сараптаманың ұғымы мен негізгі принциптері. Жануар
өнімдерінің сапасын санитарлық-гигиеналық, технологиялық жəне тауартанулық
бақылау. Жануар өнімдерінің сапасын өңдеу, тасымалдау, сақтау жəне іске асыру
орындарында
сараптау.
Шик
сүт,
ішуге
жарамды
пастерленген
жəне
залалсыздандырылған сүт, сүт қышқылды тауарлар, балмұздақтың сапасының
сараптамасы мен тауартанушылық ерекшеліктер. Шұжық өнімдері, ет, консерві,
жартылай фабрикат жəне аспаздық өнімдер, тез тоңазытылған ет тауарлары мен
шұжық өнімдерінің сапасының сараптамасы мен тауартанушылық ерекшеліктері.
Азық-түлік тауарлардың сапасы жəне бақылауды қамтамасыз ету. Жеке таңбалау
элементтерінің сипаттамасы. Азық түлік тауарлардың сапасын бақылауды қамтамасыз
ету. Мемлекеттік бақылау жəне мемлекеттік стандарт талаптарын сақтауды қадағалау.
Күтілетін нəтижелер: Пəннің негізі болып табылатын ғылыми зерттеулердің
жағдайын талқылау, алған білімдерін қолданудың негізгі салалары туралы түсінік
болуы керек. Негізгі түсініктің болуы, үрдістерін, сипаттамасын, белгілерін,
параметрлерін жүйенің элементтері мен олардың байланыстары, жүйенің жағдайы,
əдістері мен құралдарын, амал тəсілдерін, алгоритмдерін, сұрақтарды шешу
жолдарын, жіктелуін, бағалауы мен бақылауын білу. Нəтижелерін оқылуын білу,
белгілі бір жағдайдың себеп-салдары туралы болжам жасау, белгілерді, параметрлерді,
сипаттамаларды бағалау, анықтау жəне есептеу; критерийлерді, модельдері,
құралдары, əдістері мен тəсілдерін таңдай білу, зерттеу нəтижесінде алынған
нəтижелерді жалпылау жəне түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |