6М070100 Биотехнология мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата02.01.2017
өлшемі0,67 Mb.
#1021
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Күтілетін нəтиже: Стандартты əдістердің көмегімен шикізаттардың, материалдардың, 

дайын  ет  өнімдерінің  физико-химиялық,  биохимиялық,  құрылымдық-механикалық 

көрсеткіштерін  анықтау;  заманауи  ғылыми-техникалықлық  прогресс  нəтижесінде 

қалыптасқан  əдістердің  практикалық  жəне  теориялық  негіздемелерін  ет  өнімдерін 

өңдеу  барысында  қолдану,  эксперимент  əдістерін  жоспарлау;  барлық  талаптарға  сай 

келетін ет өнімдерін өндіретін технологияларды жеттік меңгеру. 



 

OShOSOT 5309 Өсімдік шаруашылығының өнімдерін сақтау жəне өңдеу 

технологиясы  

 

Кредит саны – 3 

Пререквизиттер:  Математика,  Экология,  Өсімдік  шаруашылығы,  Өсімдік 

шаруашылығы өнімдерін стандарттау жəне сертификациялау. 



Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби мамандық. 

Мақсаты:  Екінші  курс  студенттерін  негізгі  ауыл  шаруашылық  өнімдері  мен  түрлі 

мақсатта 

өндірілетін 

қоспалармен 

таныстыру, 

сынамаларды 

жинақтауда 

қолданылатын  əдістерді  меңгеру,  алғашқы  документтерді  жəне  товарларды 

тасымалдау  барысында  қолданылатын  документтерді  тіркеу  жүйесін  енгізу:  дəннің, 

картоптың, көкөністің, зығырдың. 



Мазмұны: Өсімдік шаруашылығының өнімдері түрлі тағамдық заттар мен шикізаттар 

ретінде əр түрлі өндірістер салаларына жіберіледі. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу 

жəне  сақтау  аймағындағы  негізгі  міндеттер.  Өңделген  өнімдердің  ассортиментінің 

кеңеюі. Өсімдік шаруашылы өнімдерінің сапаларына қойылатын басты талаптар. Дəн 

сапалығының  нормасы.  Кондиция  түрлері.  Сапа  көрсеткіштерінің  классификациясы. 

Дəндердің,  жеміс-жидектердің  жəне  көкөністердің  сапасына  баға  берудің  стандартты 

əдістері.  Реализация  барысында  өсімдік  шаруашылығы  өнімдерінің  сапалық 

көрсеткіштері.  Өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін  сақтаудың  принциптері.  Дəнді 



дақылдарды  сақтаудың  теориялық  жəне  практикалық  негіздемесі.  Нысандардың 

сақталуына  абиотикалық  жəне  биотикалық  факторлардың  тигізетін  əсері.  Дəнді 

дақылдарды 

сақтау 


барысындағы 

сандық-сапалық 

көрсеткіштер. 

Өсімдік 


шаруашылығының  негізгі  өңделген  өнімдері.  Дəнді  дақылдарды  өңдеудің  негізі. 

Картопты,  көкөністерді  жəне  жеміс-жидектерді  сақтау.  Картопты,  көкөністерді  жəне 

жеміс-жидектерді  өңдеудің  негізі.  Қант  қызылшасын  сақтау  жəне  өңдеу. 

Комбижемдерді  өндірудің  негізі.  Өсімдік  талшықтарын  сақтаудың  жəне  алғаш 

өңдеудің  негізі.  Темекінің  алғаш  өңделуі.  Көкөністер  мен  картопты  сақтаудың 

сипаттамалық  ерекшелігі  ретінде.  Табиғи  қасиеттеріне  байланысты  дəнді 

дақылдардың жіктелуі. Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау барысында олардың 

инфекциялық  қоздырғышртарға  төзімділігін  айқындайтын  биохимиялық  негіздемесі. 

Көкөністерді  жəне  картопты  сақтау  барысында  жүретін  микробиологиялық 

процесстер.  Жеміс-жидектер  мен  көкөністерді  сақтау  барысында  оларға  зиян 

келтіретін  микроорганизмдердің  ерекшеліктері.  Жеміс-жидектер  мен  көкөністерді 

сақтау барысында иммунитеттің қалыптасуына əсер ететін факторлар. 



Күтілетін  нəтиже:  нан  өнеркəсібіне  қажетті  сапалы  дəнді  дақылдарды  таңдап  алу 

үшін  сынамаларды  дұрыс  таңдау  əдістерін  меңгеру  (ПК-12);  көкөністер  мен  картоп 

өнімдерінің  сапасына  дұрыс  баға  беру  үшін  орташа  сынамаларды  меңгерудің  негізгі 

ережелерін  сақтау  (ПК-11);  зығыр  өндірісінің    негізімен  танысу,  зығырды  сақтаудың 

технологиясын  меңгеру;  көкөніс  жəне  картоп  өнімдерін  сақтау  барысында 

атқарылатын жұмыстарды орындау. 



 

MShOShOT 5309 Мал шаруашылығының өнімдері жəне  

шикізатын өңдеу технологиясы 

 

Кредит саны – 3 

Пререквизиттер:  Қой  шаруашылығы,  Мал  шаруашылығы,  Шошқа  шаруашылығы, 

Жүнді жəне қой еті өндірісінің технологиясы, Сиыр етінің  өндірісінің технологиясы, 

шошқа еті өндірісінің технологиясы. 

Постреквизиттер:  Мал  шаруашылығының  өнімдерін  өндіру  жəне  өндеу 

технологиясы.  



Мақсаты:  Ауыл  шаруашылық  кəсіпорындарының  түрлі  салаларының  сүтті,  етті, 

шошқа етін, сиыр етін, қой өнімдерін, құс өнімдерін, бал өнімдерін өңдеу жəне қайта 

өңдеу технологияларын меңгеру.    

Мазмұны: Мал өнімдерін алу, сақтау жəне өңдеу саласындағы негізгі міндеттер. Мал 

шаруашылығы  өнімдерінің  сапасына  қойылатын  талаптар.  Мал  шаруашылығы 

өнімдерін  классификациялау  жəне  сақтауды  стандарттау.  Мал  шикізатын 

классификациялау  жəне  тауартанулық  бағалау.  Мал  шикізаты  мен  өнімдерінің 

сапасына  əсер  етуші  факторлар.  Мал  шаруашылық  өнімдерінің  стандарты  жəне 

оларды  шаруашылықта  алғашқы  өңдеу.  Азық-түлік  қауіпсіздігі:  түсінігі,  мəні  жəне 

жету  жолы.  Мал  шаруашылығының  экологиялық  сапалы  өнімдерін  алу  жағдайлары: 

шаралары,  топырақтың  уытсыздандыруға  бағыттау.  Тағамдық  қоспаларды 

қолданудың гигиеналық талаптары.  Тағамдық қоспалар туралы жалпы мəлімет.  

Күтілетін  нəтиже:  шұжықтарды  əзірлеу  технологиясын  білу;  ауыл  шаруашылық 

жануарларды  толық  құнды  жəне  үздіксіз  азықтандыруды  ұйымдастыра  алу; 

жануарлардың  төлдерін  өсіру  үшін  ыңғайлы  жағдай  қалыптастыра  білу,  ірі  қара 


малдың, шошқаның, қойдың, құстардың  өнімділігін анықтай білу,  мал шаруашылығы 

өнімдері өндірісінің экономикалық есебін жүргізе белу.   



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет