Күтілетін нəтиже: Функцияның физиологиялық константасын зерттеу бойынша
дағдыларын меңгеру. Экспериментті жəне бақылау əдістері. Аурудың даму механизмі
жайлы білім. Жүктілік пен босанудың асқынуы мен гинекологиялық аурулардың
профилактикасы, реабилитациясы, емделуі мен диагностикасының патогенетикалық
ақталған əдістерін негіз қыла отырып, клиникалық белгілердің патофизиологиялық
талдауын жасау дайындығы мен қабілеттілігі.
BZA 5304 Биогеотехнологияның заманауи əдістері
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Биология, Математика, Физика, Химия, Цитология, Генетика,
Биоорганикалық химия, Молекулалық биология, Молекулалық генетика.
Постреквизиттер:
Магистерлік диссертацияны
орындау, болашақ кəсiби қызмет.
Мақсаты: Биогеотехнологияның негіздерімен танысу; шығарушы өнеркəсіпте жəне
оларды культивирлеу əдістерінде микроорганизмдерді қолданудың негізгі əдістері
жайлы базалық білімдерді қалыптастыру.
Мазмұны: Биотехнологияның биогеотехнологиялық қосымша салалары - кендердi
шығару, байыту жəне өңдеу, ағынды сулардан екіншілік шикiзат ретінде металдарды
бөлу жəне концентрлеу, сарқылатын кен орындарынан мұнайдың қалдық үлестерiнiң
сығындысы. Пайдалы қазбаларды өндiру тиiмдiлiгiнiң жоғарылатуындағы
биотехнологиясының мəселелерi. Биосілтісіздендіру. Кендерден түсті, сирек жəне
бағалы металдарды сілтісіздендіру үрдісінде қатысатын микроағзалар. Күкiрт
бактерия, алтынбактерия, темiрбактериялардың сипаттамасы. Биогеотехнологияның
интенсификациясы үшiн микроағзалардың генді-инженерлік штаммдары. Сирек жəне
асыл металдардың биоөндірісі. Кендерден металдардың сілтісіздендіру мен сульфидті
минералдарының тотығу үрдістерiнiң шарттары жəне негiзгi технологиялық
сұлбалары. Бионысандар – жасушалар мен ферменттер, олардың биохимиялық
белсенділігі. Биоөндірудің негізінде жатқан, ферментативтік реакциялардың алуан
түрлілігі мен микроорганизмдердің мүмкіншіліктері. Биотехнологиялық өндірістердің
негізінде жатқан процесстер; бөліп алу, тазалау мен соңғы өнімнің тауарлық формасы.
Биотехнологиялық өндірістің соңғы өнімдерін алу этаптарының сипаттамасы.
Күтілетін нəтиже:
Курсты оқу нəтижесінде биотехнологиялық өндірісті білу керек:
өндірістің ұйымдастыру əдістері, формалары, типтері, өндірістік процесс жəне оны
ұйымдастыру принциптері; биотехнологияның даму перспективалары мен жағдайы;
технологиялық процессті оңтайландыру міндеттерінің түрлері; заманауи этаптағы
биотехнологиялық
прогрессті
анықтайтын,
жаңа
ғылыми
шешімдер;
биотехнологияның дүние жүзілік жетістіктерін талдау жəне шолу. Инженерлік
энзимология, жасушалық пен генетикалық инженерия, тағамдық биотехнологияның
негізгі түсініктерін меңгеру; қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық өндірісті
қамтамасыздандыру əдістері; экологиялық қауіпсіздік пен тиімділік позициясы
жағынан процесстің болашағын бағалау.
ZhB 5304 Жеке биохимия
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Ботаника, Органикалық химия, Физика. Түрлі өндірістік өнімдер
мен шикізаттардың химиялық құрамын зерттеу, Олардың шаруашылық бағалы
заттардың ара қатынасын анықтайтын үрдістер.
Постреквизиттер: Болашақ кəсіби
қызмет, магистерлік диссертация.
Мақсаты:
Магистранттарда теориялық базаны жəне биологиялық жүйені
механизмдерді молекулярлық функционирлеу жайлы жүйелі білімді құру.
Мазмұны: Астықтың пісуі жəне оны суаруды құжаттауға байланысты үрдістерді
зерттеу, əсіресе қатты жəне өндіріске енгізілген бидай түрлерін, бұршақ
тұқымдастардың дəндерін, майлы, көкөніс, жеміс, азықтық дақылдарды зерттеу.
Дəннің сақтау жəне өңдеу кезінде өтеттін үрдістерді оқу. Энергияның көзі ретінде
қоректік заттар. Қоректік заттардың жалпы катаболизм сызбанұсқасы. Кребстің
үшкарбон қышқылының циклы. Митохондриядағы тыныс алу ферменттердің негізгі
тізбегі. Тотығу фосфорлануы. Ұлпалық тыныс алу. Тотығу фосфорлану мен
биологиялық тотығудың жұмыс істеу механизмінің бұзылуы. Микросомалы тотығу
жəне оның биологиялық рөлі. Оттегінің белсенді формалары. Антиоксидантты
қорғаудың механизмдері. Стоматологияда антиоксидант ретінде А, С, Е дəрумендерін
қолдану.
Күтілетін нəтиже:
Оқу нəтижесінде магистрант мамандану іс-əрекеті барысында
пайда болған мəселені табиғи-ғылыми шешуге қабілетті жəне дайын, ол үшін
сəйкесінше физико-химиялық аппараттарды қолданып, аурудың дамуындағы
биологиялық факторларының рөлін талдау білуі жəне қабілетті болу керек.
BN 5304 Бионанотехнология негіздері
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Биология, Математика, Физика, Химия, Цитология, Генетика,
Биоорганикалық химия, Молекулалық биология, Молекулалық генетика.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмыстарды дайындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты:
Жаңа өнімдерді жасау жəне əзірлеу үшін ұйымдастыру, өз бетінше
биологиялық наноқұрастырылу принциптері, биотехнологиялық өнімдерді қолдану
мен осы салада жобалы, өндірістік-технологиялық əзірлеуді зерттеу іс-əрекеті үшін
қажетті білімді магистранттарға игерту.
Мазмұны: Нанотехнологияларды қолданудың келешегі – молекула, атомдар
деңгейінде мен сондай өлшемдегі жасанды құрылымдардың биологияда, медицинада
жəне
аграрлық
өндірісінде
амалдар.
Мүлдем
түрлі
объектілерді
құру
нанотехнологиясы. Заттың жеке атомдарымен амалдар. Тірі жүйелердің құрылымдық-
функционалдық
деңгейлері
эволюциялық
мерзімді. «Наноқұрылым»
жəне
«нанотехнологиялар» ұғымдарының анықтамасы. Тірі жүйелердің молекулалық жəне
субжасушалық деңгейілерін ұйымдастыру наноқұрылымдармен негізгі амалдары.
Нанобиотехнологиямен
құрастырылатын
негiзгi
бағыттары.
Биологияда
нанотехнологияларжың маңызды бағыттары мен əдістері туралы түсінік.
Биомакромолекулалар. Мономерлер мен биополимерлер. Нуклеин қышқылдар мен
ақуыздар – биомакромолекулалардың сыни межелі. Мембрананың рецепторлық
функциясын зерттеуінде нанобиологияның жетістіктері. Биологиялық белсенді заттар
мен дəрілік препараттардың өндірісінде нанобиотехнологиялардың даму келешегі.
Гендік терапия мен гендік таргетинг.
Күтілетін нəтиже:
Осы пəнді оқу нəтижесінде магистрант – наноөнімдерді алу
технологияларын жəне негізгі əдістерін, кванттық эффектің пайда болуына
байланысты олардың сипаттамасын; ауыл шаруашылығында, медицинада жəне əр
түрлі өндірістік салаларда оларды қолдану бағыттары мен биологиялық нысандарға
нанобөлшектердің əсер ету эффектісі білу керек; нанобиотехнологиялық процесстерді
өткізудің оңтайлы жағдайларын таңдау мен есептей алу керек; жаңа биологиялық,
химиялық жəне басқа қасиеттері бар нысандарды алу үшін наноқұрлымдарды өндіру,
жобалау
принциптері
мен
қолдану
жайлы;
наноөнімдерді
өндірудің
нанобиотехнологиялық процесстерді дəлелдеу жəне ішкі мазмұны жайлы түсінік
негіздерін меңгеруі.
Модуль 8 – Биотехнологиялық өндіріс
BZh 5305 Биотехнология жабдықтары
(бейін бойынша)
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Математика, Информатика, Физика, Жасушалық биотехнология,
Микроағзалар биотехнологиясы, Биотехнология өндірісінің негіздері.
Постреквизиттер: Биопрепараттар өндірісінің технологиясы, ақуыздық заттардың
технологиясы, ББЗ технологиясы, магистерлік диссертация, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Технологиялық ойлаудың негізін құру; жобалаудың заманауи
қаражаттарын қолдану арқылы биотехнологиялық жобалау мен инженерлік есептеу
дағдысын алу; білімді əрдайым жетілдіру біліктілігі мен қажеттілігін тəрбиелеу.
Мазмұны: Биотехнология өндірісінің жабдықтары: тағам өндірісінде,ветеринария мен
мал
шаруашылығында,
өсімдік
шаруашылығы
мен
фитобиотехнологияда;
биогеотехнологияда. Биотехнологиялық үрдістер үшін жабдықтар, тағам өнімдерінің,
биологиялық белсенді заттардың өндірісі үрдістері үшін жылу мен масса алмасу
аппараттары, микроағзалардың кезеңдік жəне үздіксіз өсіруге арналған ферментерлер.
Микроағзалардың сұйық, газ жəне қатты фазды көбейтуге арналған қондырғылар.
Қоректік орталарды жіберу автоматты реттеуге, биотехнологиялық өндірісінің
өнімдерін бөліп алуға, тазалауға жəне тұрақтандыруға арналған қондырғылар.
Тоңазытқыш жабдықтары. Ауаны жəне қоректік орталарды залалсыздандыру
жабдықтары. Термостаттар. Газды жəне сұйық хроматография, электрофорез,
иммунологиялық пен молекулярлы-биологиялық зерттеулер анализдерін жүргізуге
арналған жабдықтар.
Күтілетін нəтиже:
Оқу нəтижесінде магистрант пəн бойынша – биотехнологиялық
өндірістің алуан түрлі технологиясы мен олардың сəйкесінше жабдықтық рəсімделуі;
биотехнологиялық жабдыққа қойылатын талаптар, жұмыс істеу принципі мен
тағайындалуы; биоинженерия мен биотехнологияның заманауи жетістіктері жайлы
білу.
BON 5305 Биотехнология өндірісінің негіздері
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Микробиология, Биохимия, Генетика, Гендік инженерия,
Иммунология, Химия, Машина жəне құрал жасау.
Постреквизиттер: Биотехнология циклінің пəндері, Магистерлік жұмысты орындау,
болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты:
Қайта өңдеу өнеркəсіптерінде жəне тағамдық кəсіпорындардың
рентабелділігін жоғарлату мен аймақтағы биоресурстарын сақтау, биотехнологиялық
тəсілмен алынған тағам өнімдерінің сапасын бақылау, биотехнологиялық өндірісті
ұйымдастырудағы практикалық дағдылар мен теориялық білімдіерді қалыптастыру.
Мазмұны: Биотехнология дамудың негізгі бағыттары. Биотехнология өндірісінің
негізгі кезеңдері. Шикізат түрлері, сипаттамасы, өндірістік екіншілік өнімдері мен
қалдықтары. Микроағзаларды өсіру əдістері. Биообъектілер – жасушалар мен
ферменттер, олардың биохимиялық белсенділігі. Микроағзалардың мүмкіндіктері мен
биоөндіріс негізінде өтетін ферментациялық реакциялардың əр түрлілігі.
Биотехнологиялық өндіріс негізінде өтетін үрдістер; соңғы өнімдерді бөліп алу,
тазалау жəне тауарлық түрлері. Биотехнологиялық өндірістің соңғы өнімдерін алу
кезеңдерінің сипаттамасы. Микроорганизмдерді культивирлеу. Микробтық, жануар
мен өсімдік жасушалар арқылы пайдалы заттар мен қосылыстарды алудың негізгі
процесстері. Тағам өндірісінің əр түрлі салаларында қолданылатын, дəстүрлі
биотехнологиялық процесстер.
Күтілетін нəтиже:
Курсты оқу нəтижесінде биотехнологиялық өндірісті білу керек:
өндірістің ұйымдастыру əдістері, формалары, типтері, өндірістік процесс жəне оны
ұйымдастыру принциптері; биотехнологияның даму перспективалары мен жағдайы;
технологиялық процессті оңтайландыру міндеттерінің түрлері; заманауи этаптағы
биотехнологиялық
прогрессті
анықтайтын,
жаңа
ғылыми
шешімдер;
биотехнологияның дүние жүзілік жетістіктерін талдау жəне шолу. Инженерлік
энзимология, жасушалық пен генетикалық инженерия, тағамдық биотехнологияның
негізгі түсініктерін меңгеру; қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық өндірісті
қамтамасыздандыру əдістері; экологиялық қауіпсіздік пен тиімділік позициясы
жағынан процесстің болашағын бағалау.
MB 5305 Микроағзалар биотехнологиясы
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Биология, Биохимия, Органикалық Химия, Микробиология,
Физиология, Генетика.
Постреквизиттер: Биотехнологиялық бейін пəндері, магистерлік жұмыстарды
дайындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты:
Микробтық синтезбен микробтық масса, заттар алу, өнеркəсіптік
микроорганизмдер, микробтық биотехнологияның заманауи технологиясы саласында
магистранттардың білім қалыптастыруы.
Мазмұны: Микробтық биотехнология негіздері. Өндірістік микроағзалар. Микроб
метаболизм пен өсуі басқару негіздері. Шикізат биотехнологияның негізгі құраушы
бөлігі. Микробтық биомассаны алу. Амин қышқылдар, дəрумендер, ферменттердік
микробтық синтезі жəне препараттарды өндіру технологиясы. Полисахаридтер,
липидтер, органикалық қышқылдар, бейтарап өнімдерді биотехнологиялық алу.
Дəрілік жəне профилактикалық өнімдердің биотехнологиялық өндірісі. Металдардың
биотехнологиясы, күн энергиясын айналдыру биотехнологиясы. Тағам жəне сусын
өнімдерін алу биотехнологиясы. Биотехнологиялық өндірістерді ағынды суларын
тазалау үшін микроағзаларды қолдану.
Күтілетін нəтиже:
Микробиологиялық өндіріс негізінде өнімді дайындау
технологиясы мен əдістерін меңгеру, штам-продуценттердің қасиеттері мен жіктелуі,
микроорганизмдер биотехнологиясының əдістері мен бағыттарын, мақсатын білу.
Микроорганизмдер биотехнологиясы бойынша əдебиеттерді талдай білу; өндірістік
микроорганизм культураларын қолдау, таза культураларды бөліп алу жəне оларды
идентификациялау,
микроорганизмдерді
культивирлеу,
микробиологиялық
препараттар дайындай білу; өнімнің өндірісінің сызбанұсқасын өз бетінше əзірлеу;
белгілі штам-прдуцентті қолданудың масаттылығы мен экономикалық тиімділігі
бойынша шешу; деректерді талдау, сол бойынша кесте мен иаграмма құру. Ғылыми
зерттеу əдістемелерін меңгеру.
OB 5305 Өсімдіктер биотехнологиясы
Кредиттер саны – 3
Пререквизиты:
Биология, Биохимия, Органикалық химия, Микробиология,
Физиология, Генетика.
Постреквизиттер: Биотехнологиялық бейін пəндері, магистерлік жұмыстарды
дайындау, болашақ кəсіби қызмет
Мақсаты:
Биология
ғылымдарының
жетістіктері
арқылы
биотехнология,
молекулалық биотехнология ғылымы пайда болып, ғылым өндіріске айналып
адамзатқа көптеген пайда əкелетінін студенттерге жеткізу. Тірі ағзалардың тіршілігін,
өміршеңдігін,
тұқым
қуалаушылық
заңдылықтарын
білгеннен
кейін
биотехнологияларды жоғары деңгейге артыруға мүмкіншілік туғанын дəлелдеп
магистранттарға білім беру.
Мазмұны: Өсімдіктердің жасуша өсіндісі. Өсіру принциптері пен əдістері. Қоректік
ораталар. Өсірілетін жасушалардың биологиясы. Каллус түзілу. Іn vitro жағдайында
өсімдіктердің морфогенезі мен регенерациясы. Өсірілетін өсімдіктер жасушалары
биотехнология объектілері. Екіншілік метаболиттерді алу үшін жасуша өсіндісін
қолдану. Жасушалық технологияларды құру бойынша жұмыстың кезеңдері.
Өсімдіктердің клондық микрокөбеюі мен сауықтырылуы. Биотехнология əдістерімен
алыстатылған гибридизацияда сəйкессіздікті жеңу. Эмбрио өсінді. Гаплоидтық
технология. Жасушалық селекция. Сомаклондық өзгергіштік. Жасушалық инженерия.
Сомалық будандастыру. Өсімдіктерде гендерді тасымалдау əдістері мен векторлар.
Өсімдіктер генетикалық инженериясының келешегі мен мүмкіндіктері. Өсімдік
жасушаларын криосақтау.
Күтілетін нəтиже:
Пəнді оқу нəтижесінде білу керек: өсімдік биотехнологиясының
ғылыми-зерттеу бағыттары жəне биотехнологияларды өндірісте қолданудың жалпы
ұстанымдары; жасуша өсіндісінің негізі каллусогенез процесін оқып, ұғып ұлпаны
өсірудің əдістерін білу; in vitro əдістерін меңгеру; биотехнологиялармен танысу;
биотехнологияның қазіргі кездегі əлемдегі, ТМД елдерінде жəне Қазақстан
Республикасындағы жетістіктері мен болашағы.
ZhB 5305 Жануарлар биотехнологиясы
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Биология, Биохимия, Органикалық химия, Микробиология,
Физиология, Генетика, Жасушалық биотехнология, Биоөндіріс технологиясы
негіздері, Биотехнологиялық жабдықтар.
Постреквизиттер: Болашақ кəсіби қызмет, магистерлік диссертацияны орындау.
Мақсаты:
Жануарлардың гендік жəне жасуша инженериясының мүмкіншіліктері
туралы, жануар жасушаларын биотехнологияда қолдану əдістері мен тəсілдері туралы
магистранттарда білімді дамыту.
Мазмұны: Жануарлар биотехнологиясының əдiстерi, өзектi мəселелері мен
тəжірибелік жетістіктері. Жануарлардың көбею биотехнологиясы. Жануарлардың
жасушалар биотехнологиясы. Жануарлардың биотехнологиясында үш «кит»:
эмбриодақыл,
эмбриоинженерия
жəне
эмбриотрансплантация.
Мал
шаруашылығындағы биотехнологияның мақсаты, зерттеу объекті, əлемдік міндеті
жəне
əдiстемелiк
міндеті.
Мал
шаруашылығындағы
эмбриодақылдық
биотехнологиялық зерттеулер жасушалық технологиялар негiзі. Объектілер мен
əдiстер. Ғылымның пəні, мақсаты жəне міндеті. Жасушалық технологиялардың
бағалаудың əлемдiк əдiстемелiк жəне қолданбалы маңыздылығы. Клондық жəне
трансгендiк жануарларды алу мақсатында тəжiрибелерiнде эмбриондар мен
гаметалардың селекциясы. Малдардың селекциясындағы гендiк жəне жасушалық
инженерияның əдiстерiнiң қолдану мүмкiндiгі.
Күтілетін нəтиже:
Жануарлардың жеке даму ерекшеліктерін, интерьерін, экстерьерін,
конституциясын жəне шығу тегін; жануарлардың өнімділігінің бағыты мен түрі;
жануарларды көбейту, таңдау мен іріктеу əдістері; асылтүлікті ұйымдастырудың
заманауи тəсілдері мен бағытын білу керек; жануарлардың дамуы мен өсуін басқару;
жануарлардың өсу ерекшеліктері мен интенсивтілігін анықтай білу; конституциясын,
интерьер мен экстерьерді бағалай білу; жануарларды іріктеу мен таңдай білу;
жануарларды көбейту əдісін таңдау; селекциялық процессте ЭВМ-ді қолдану мен кең
ауқымдағы сұрыптау сұрақтарын анықтай алу.
MVB 5305 Медициналық жəне ветеринарлық биотехнология
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Микробиология, Биохимия, Генетика, Гендік инженериия,
Иммунология, Химия, Биоқауіпсіздіктің заманауи мəселелері, Ветеринарлық
медицина мен мал шаруашылығының заманауи мəселелері. Постреквизиттер:
Магистерлік жұмыстарды дайындау, болашақ кəсіби қызмет
Мақсаты: Магистранттарда ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын жəне ойлау
жігерін қалыптастыру, медицина мен ветеринария саласындағы биотехнологиялық
үрдістермен таныстырудың ғылыми ізденіс əдістемелерін қалыптастыру.
Мазмұны: Биологиялық объектілері: жануарлар, өсімдіктер мен микроағзалар жəне
олардың компоненттері. Олар ветеринария мен медицинада қолдананылатын
биологиялық белсендi, дəрiлік жəне басқа препараттардың алуды технологиясындағы
жетістіктері. Адам жəне мал пайдалы өнімдері мен заттарды өнеркəсiптiк өндiру
мақсаттары үшін биологиялық объектілер немесе молекулалар. Инфекциялар, қатерлi
өсулер жəне басқа ауруларға қарсы ағзаның қорғаныс күштер деңгейін бақылайтын
табиғи қосылыстарды зерттеу. Антибиотиктер, инсулин, интерферондар жəне
интерлейкиндер, вакциналар мен моноклоналдық антиденелердің өндiрiсi.
Медициналық пен ветеринарлық биотехнологияның Қазақстанындағы даму бағыты.
Күтілетін
нəтиже:
Ветеринарлық
жəне
медициналық
биотехнологияның
биотехнологиялық процестерінің көп жақтылығын жəне ерекшеліктерін білу. Жалпы
микробиология негіздерін, инфекцияны, иммунитетті, микробтар селекциясын жəне
генетикасын білу; профилактикалық жəне диагностикалық, ветеринарлық жəне
медициналық биопрепараттарды дайындау технологиясын білу (антибиотиктер,
пробиотиктер, ферменттер т.б.). Оларды бақылау əдістерін, стандарттау жəне
сертификаттау, жаңа ұрпаққа дайындалатын вакциналарды жəне диагностикумдарды
жасау, бұлар гендік инженерия əдістеріне жатады. Ақуыздық препараттармен жұмыс
жасай білу, ақуызды бөліп алу, тазарту жəне паспорттау, гендік-инженерия саласында
негізгі операцияларды жасауды үйрену, гибридомдық техникамен байланысты
комплекстік операцияларды жасау, жануарлардан продуценттер алып оларға
гипериммунизация жүргізу, моноклоналдық антитела алу, препараттардың
белсенділігін клиникаға дейін сынақтан өткізу, оларды медициналық жəне
ветеринарлық биотехнология əдістерімен жасайды; негізгі биотехнологиялық
құралдарды жəне жабдықтарды пайдаланудың дағдыларын үйрену. Құжаттарды
тіркеу, серологиялық зерттеулерді пайдалану, реконвалесцент- малдарды клиникалық
жəне зертханалық əдістерді қолдана отырып зерттеуді үйрену;
Достарыңызбен бөлісу: |