6М074800 -«фармацевтикалық Өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша 2017-2018 ОҚу жылының ТҮлектерді қорытынды мемлекеттік аттестациялау бағдарламасы



бет2/6
Дата15.12.2023
өлшемі137 Kb.
#137990
1   2   3   4   5   6
Бағдарлама мақсаты – «Педагогика» және «Дәрілік препараттар және антибиотиктердің заманауи технологиясының фундаментальды негіздері» пәндерінің негізгі білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісінде магистрант-түлектердің өндіріс және фармацевтикалық өнімдер (табиғи және синтетикалық текті шикізаттан алынған дәрілік препараттар, тағамдық және косметикалық өнімдер) айналымы аясында кәсібилігін қамтамасыз ететін дағдылар кешенін бағалау.
Қорытынды мемлекеттік аттестация ҚР БжҒМ, ҚР ДСМ аталған процедураны регламенттейтін нормативтік құжаттар талаптарына сай жүргізіледі.
ҚМА өткізу кешенді сипатта жүргізіледі және 2 кезеңнен тұрады:
1 кезең – «Педагогика» және «Дәрілік препараттар және антибиотиктердің заманауи технологиясының фундаментальды негіздері» пәнінен ауызша емтихан, билет саны 25 дана, әрбір билет 3 сұрақтан құралады.
Мақсаты – кәсіби міндеттерді жүзеге асыруда теориялық және практикалық даярлықты анықтау.
2 кезең – магистрлік диссертацияны қорғау.
Мақсаты - ғылыми жетістіктерімен қоса біліктілік талаптарына сәйкес теориялық, тәжірибелік, құқықтық, коммуникативтік және өзін – өзі жетілдіру дағдыларын демонстрациялау.
Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға магистрантура бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес теориялық оқытудың толық курсын меңгерген магистранттар жіберіледі.
Мамандық бойынша магистрант (түлектер) кәсіби даярлауға қойылатын талаптар мен міндеттер.
6М074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша магистрант келесі құзыреттіліктерді білуі тиіс:
Білім:
- Әлемдік фармация және Қазақстан Республикасында фармацевтикалық ғылымның қазіргі жағдайы даму перспективалары туралы; тұжырымдамалар мен фармацевтикалық технологияларды дамыту; фармацевтикалық технологияның дамуы мен түсініктері, фармацевтикалық технологияның негізгі міндеттері, фармацевтикалық технологияның дамуының замануи бағыттары.
Тәжірибелік дағдылар:
- өнеркәсіптік регламенттерді құрастыру, әр түрлі дәрілік қалыптарда дәрілік препараттар дайындау, дәрілік заттардың тұрақтылығын және жарамдылық мерзімін анықтау, технологиялық процестердің тиімділігін зерттеу, қосымша заттарды таңдау және сипаттамасы және дәрілік заттар сапасының технологиялық және аналитикалық параметрлерін анықтау.
Білім алушыларда іскерлік этика құндылықтарын, фармацевтикалық өнеркәсіптік өнімдер үшін жауапкершілік, адам өмірі мен денсаулығының құндылығын түсіну, фармацевтикалық өндіріске инновацияларды енгізуде креативтік көзқарастар, ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет