Сапалық талдау- бұл біртұтас нысан - бұйым сапасын оның құрамдас элементтері болып табылатың тұтынушылық қасиеттерін ойша бөлшектеп, ыдыратудың логикалық тәртібі және олардың әрқайсысын зерттеуі ара қатынасының иерархиялық схемасын жасау, яғни қасиеттердің құрамын анықтау. беруші /келісім мынала 1. Сапалық талдау бұйым, материалдарды зерттеу операциясын қамтиды. Зерттеу жұмысы арқылы осы бұйымның сапасын анықтайтын тұтынушылық қасиеттердің барлық жиынтығын айқындайды. сондай-ақ сапалық талдауға сарапталатын бұйымның тұтынушылық қасиеттерінің иерархиялық құрылымын жасау опрерациясы қамтылады. бойын тексер қарауғ техние жол бе көрсе Бұйым, материалдарды зерттеу жұмысын жүргізгенде өндіріс ерекшеліктері мен бұйымның ұқсастықтары /аналогтары/ мен түр - тұрпаттары, өнім мен оны тұтынушылардың жеке бөліктері т.б. мұқият тексеріледі. 2. кұрал көрсе Тұтынушылық қасиеттердің иерархиялық құрылымын жасағанда сарапшылар өзіндік кейпіндегі сапа ңағашынң кұрастырады да, оны қарастырудың бірнеше деңгейін /кешенділік деңгейін/ бөліп шығарады. Бірінші деңгейде тұтынушылық қасиеттер төрт негізгі топқа /әлеуметтік, қызметтік , эргономикалық және эстетикалық/ бөлінеді. Келесі деңгейде бұл қасиеттер неғұрлым қарапайым және жекеше топтарға бөлінеді. масса консі арқы дәре микр Құрылымдық схеманы кұрғанда топтардағы қасиеттердің санын ең аз мөлшерде болдыруға тырысу керек. Тұтынушылық қасиеттері қабылдаған аталу тізіміне сәйкес келуі тиіс. жара арқі Сарапшылар тауар сапасының көрсеткіштері мен тұтынушылық қасиеттердің құрылымын жасағанда, тауардың айналымы, оны пайдалану шарты, тұтынушы талабы сияқтыларға байланысты жүзеге асырады. Топтағы тауар үшін алдын-ала әзірлеген сапа көрсеткіштері мен тұтынушылық қасиеттердің типтік және кең көлемдегі тізімі бойынша нақтылы тауар түрінің тұтынушылық қасиеттерінің тізімін жасайды. Мұнда ең маңызды касиеттерді таңдау, олардың мағынасына анықтау жүргізеді. Тауар сапасының көрсеткіштерін анықтау кезінде тапсырыс берушінің алға қойған мақсатына байланысты контрактыда /келісімде/ көрсетілген шарттарды ескере отырып сарапшы мыналарды таңдайды 1. Тексеру түрі: - таңдалған бір немесе бірнеше таңдауларды тексеру нәтижесі бойынша шешім қабылдайды. Таңдау әдісімен тауар сапасын тексеріп, нәтижесін барлық тауар тобына қатысты /ортақ/ етіп қарауға контракт /келісім/ шарттарында немесе нормативті- техникалық құжат талаптарына алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жол беріледі; - егер контрактіде /келісімде/ сапаны таңдау әдісімен тексеру көрсетілмеген болса оңда тұтастай тексеру жүргізіледі. 2. Тексеру әдісі: - өлшемдік әдіс - өлшеу және бақылаудың техникалық кұралдары негізінде атқарылатын өнім сапасын /сапа көрсеткіштерінің мәнін/ анықтау әдісі. Оның көмегімен бұйымның массасы, тоқтың күші, автомобилдің жылдамдығы т.б. анықталады; - органолептикалық әдіс-заттың сыртқы түрін /түсі, формасы, консистенциясы/, иісін, дәмін, дыбысын, ақаудың сезім мүшелері арқылы талдау негізінде өнім сапасын анықтау әдісі; - органолептикалық әдісте сезім мүшелерінің қабылдау дәрежесін арттыратын техникалық құралдар/ лупа, сызғыш, микроскоп, микрофон т.б./ пайдаланылады. 3. сынақ түрі: - бұзу-бақылау әдісін пайдалану кезінде объектінің қолдануға жарамдылығы бұзылады /жарамсыз болады, бүлінеді/; - бақылаудың бұзбайтын /бүлдірмейтін/ әдісін пайдалану арқылы объектінің қолдануға жарамдылығын сақтап қалу. 4. сынақ жүргізудің жағдайы мен орны. Егер сапа контракт /келісім/ шарттары немесе нормативтік- техникалық құжаттары бойынша лабораториялық сынақтардың көмегімен анықталатын физикалық, физико-механикалық, медико- биологиялық т.б. көрсеткіштер арқылы сийатталатын, болса, онда лабораториялық сынактар жүргізіледі.