6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары



бет11/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
БХ БТ и Ген. Лаб. жұм. мазмұны. 2022-23-2

Жұмыстың қорытындысын жазу:


2. Өсімдік құрамындағы каталазаның белсенділігін анықтау
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
1. Центрифуга, электр плиткасы, 25-лік өлшеуіш колбалар, 100 мл-лік конус тәрізді колбалар, бюреткалар, 10-мл-лік цилиндрлер, фарфор келісі мен келісаптары, шыны құмы, сүзгі қағаздары.
2. Көмір қышқыл кальций тұзы (СаСО3), 0,1 н калий перманганатының (КМnO4) ерітіндісі, 1%-тік күкірт қышқылының (H2SO4) және 1%-тік сутегі асқын тотығының (Н2О2) ерітінділері.
3. Әртүрлі өсімдік өскіндерінің, бөлме гүлдерінің жапырақтары.
Жұмыстың орындалу барысы:
1 г өсімдік жапырағына шыны ұнтағын сала отырып фарфор келісінде жақсылап езеді. Ол үшін цилиндрге 10 мл дистильденген суды өлшеп алып оны келіге аз-аздан құйып, езу процесін біркелкі масса түзілгенге дейін жалғастырады. Езілген материалдың қышқылдығын төмендету үшін келіге шыны ұнтағымен бірге скальпельдің ұшына аздаған СаСО3 тұзын алып қосады. Алынған қоспаны 25 мл-лік колбаға ауыстырады да, дистильденген сумен оның көлемін колбаның белгісіне дейін жеткізеді. 30 минуттан кейін қоспаны 6000 айн/мин жылдамдықта центрифугалайды немесе сүзеді.
Сүзілген ерітіндіні 10 мл-ден конус тәрізді 100 мл-лік екі колба бөліп құяды. Колбаның біреуін 3 минут қайнатады да (бақылау варианты), бөлме температурасында суытады. Екі колбаның әрқайсысына 10 мл-ден дистильденген су, 2 мл-ден 1%-тік сутегінің асқын тотыған құяды. Колбалардағы ерітінділерді жақсылап араластырады да, реакция толық жүруі үшін оларды бөлме температурасында 20-30 минут инкубациялайды.
Уақыт өткен соң колбаларға 10 мл-ден 1%-тік күкірт қышқылының ерітіндісін құйып, 0,1 н КМnO4 ерітіндісімен 30 секунд бойы жойылмайтын ашық қызыл түс түзілгенге дейін титрлейді. Тәжірибе мен бақылау колбаларына жұмсалған калий перманганаты ерітіндісінің мөлшерін негізге ала отырып, өсімдіктің 1 г-ына шағып есептегендегі ыдыраған сутегі асқын тотығының мөлшерін төмендегі формула бойынша есептеуге болады:






(а-б) • Т • 1,7

Х =

-----------------







Н




Мұнда:
Х – каталазаның активтілігі (Е/г – фермент әсер еткен уақыттағы 1 г өсімдік салмағына шаққандағы каталазын активтілігі);


а – бақылау колбасына жұмсалған 0,1 н КМnO4 ерітіндісінің мөлшері; мл;
б – тәжірибе колбасына жұмсалған 0,1 н КМnO4 ерітіндісінің мөлшері, мл;
Т – титрлеу үшін пайданылған перманганат ерітінедісінің титрі;
1,7 – 0,1 н КМnO4 ерітіндісінің 1 мл-не сәйкес келетін сутегі асқын тотығының мөлшері;
Н – тәжірибеге алынған өсімдіктің массасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет