Жұмыстың қорытындысын жазу:
2. Декстрин шкаласын алу
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
1. Су (құм) моншасы немесе электр плиткасы, 50 мл-лік стакандар, пробиркалар, штативтер.
2. Концентрлі тұз қышқылы (НСI), Люголь ерітіндісі (1 % йод (J) + 2 % калий иодиті (KJ) + 97 % дистильденген су).
3. Крахмал ұнтағы.
Жұмыстың орындалу барысы:
Штативтегі 10 пробирканың әрқайсысына 3 мл дистильденген су және оның үстіне 2 тамшы Люглль ерітіндісін тамызады. Осыдан соң стаканға 1 г крахмалды өлшеп алып, үстіне 40 мл дистильденген су және 1 мл концентрлі НСI ерітіндісін қосып қайнатады. Крахмал ерітіндісі қайнағаннан бастап 3 минут өткен соң стаканнан 1 мл ерітіндіні өлшеп алып 1-ші пробиркаға, тағы 3 минуттан кейін стаканнан 1 мл ерітіндіні 2-ші пробиркаға құяды. Осылай барлық пробиркаларға крахмал ерітіндісін құюды жалғастыра береді. Тұз қышқылы мен қайнатылу уақытына байланысты гидролиз нәтижесінде түзілген декстриндердің түсі әртүрлі болады: крахмал (көк), аминодекстриндер (күлгін), эритродекстриндер (қызыл), ахродекстриндер (қызылсары), толық гидролизденген крахмал (сары).
Проб.
№
|
Полисахарид
|
Пробиркадағы
Люголь ерітіндісі қосылған крахмалдың көлемі (мл)
|
Қайнау уақытының ұзақтығы (мин)
|
Декстриндердің түсі
|
1
|
Крахмал
|
1
|
3
|
|
2
|
Крахмал
|
1
|
6
|
|
3
|
Крахмал
|
1
|
9
|
|
4
|
Крахмал
|
1
|
12
|
|
5
|
Крахмал
|
1
|
15
|
|
6
|
Крахмал
|
1
|
18
|
|
7
|
Крахмал
|
1
|
21
|
|
8
|
Крахмал
|
1
|
24
|
|
9
|
Крахмал
|
1
|
27
|
|
10
|
Крахмал
|
1
|
30
|
|
Жұмыстың қорытындысын жазу:
10 зертханалық сабақ.
Майлардың физико-химиялық қасиеттерін зерттеу: ерігіштігі, эмульденуі, майдың қышқылдық санын, асқын тотығу санын анықтау.
1. Липидтердің және липоидтердің физикалық-химиялық қасиеттері
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
Пробиркалар, спиртовка, штативтер.
КОН-тың спирттегі 10%-тік ерітіндісі, 2%-тік көмірқышқыл натрий (Nа2СО3) ерітіндісі, 2%-тік сабын ерітіндісі, хлорлы натрийдің (NaCI) 30%-тік ерітіндісі, хлорлы кальцийдің (СаСІ2) 5%-тік ерітіндісі, сіркеқышқыл қорғасынның (СН3СОО)2Pb) 10%-тік ерітіндісі, күкірт немесе тұз қышқылының 10%-тік ерітіндісі, эфир, бензол, ацетон, этил спирті.
Өсімдік майы (майлары).
1. М а й д ы ң е р і г і ш т і г і.
Жұмыстың орындалу барысы:
5 пробиркаға 0,5 мл-ден өсімдік майын және олардың үстіне 2-3 мл-ден: біріншісіне дистильденген су, екіншісіне эфир, үшіншісіне бензол, төртіншісіне ацетон, бесіншісіне этил спиртінің 2-3 мл-ін құйып араластырады. Майды спиртте еріту үшін қоспаны жайлап қыздыру керек. Майдың еру дәрежесін кестеге жазады.
Проб.
№
|
Май:
|
Еріткіш:
|
Тәжірибелердің нәтижесі
|
түрі
|
Көлемі, мл
|
түрі
|
Көлемі, мл
|
|
1
|
Өсімдік майы
|
0,5
|
Су
|
|
|
2
|
Өсімдік майы
|
0,5
|
Эфир
|
|
|
3
|
Өсімдік майы
|
0,5
|
Бензол
|
|
|
4
|
Өсімдік майы
|
0,5
|
Ацетон
|
|
|
5
|
Өсімдік майы
|
0,5
|
Этил спирті
|
|
|
Бұл тәжірибелерге әртүрлі өсімдік майларын, тоң (көлемі сіріңке басындай) және сары майларды қосып жасауға болады.
|
2. М а й д ы ң э м у л ь с и я с ы н а л у.
Әдістің принципі: Майлар суда ерімейді. Егер өсімдік майына су қосып қатты шайқаса, эмульсия пайда болмай. Пробиркаларды шайқамаса, онда аздаған уақыттан кейін май мен су бөлініп, екі сұйықтың арасында көзге көрінетін шекара пайда болады. Егер өсімдік майларына эмульгаторлар қосса, онда тұрақты эмульсиялар алуға болады, себебі эмульгаторлар май түйіршіктерінің сыртын қаптап орналасады да, эмульсиялардың бір-бірімен қосылмауын қамтамасыз етеді.
Жұмыстың орындалу барысы:
3 пробирка алып, әрқайсысына 0,5 мл-ден өсімдік майын құяды.
Бірінші пробиркадағы 0,5 мл өсімдік майына 2 мл дистильденген су қосып, араластырады (тұрақсыз эмульсия түзіледі).
Қалған пробиркалардың біріншісіне 2 мл 2%-тік сода ерітіндісін, үшіншісіне 2%-тік сабын ерітіндісін қосып, араластырады. Аздаған мөлшерде пайда болған сабынның есебінен тұрақты эмульсия түзіледі. Сабын майдың жақсы эмульгаторы болып табылады. Ең күшті эмульгаторлардың қатарына өт қышқылдары жатады.
Проб.
№
|
Майдың көлемі, мл
|
Эмульгатор
|
Тәжірибелердің нәтижесі
|
1
|
0,5
|
Су (2 мл)
|
|
2
|
0,5
|
Сода ерітіндісі (2 мл)
|
|
3
|
0,5
|
Сабын ерітіндісі (2 мл)
|
|
3. М а й д ы ң с а б ы н д а н у ы.
Пробиркаға 0,5 мл өсімдік майын және оның үстіне 3-5 тамшы сілтінің (КОН ) спирттегі ерітіндісін қосып, үздіксіз шайқай отырып, жайлап қыздырады. Нәтижесінде сұйық май түзіледі (қыздыруды пробирканың үстіңгі жағынан бастау керек, себебі пробирканы астыңғы жағынан қыздырса оның ішіндегі сұйық атылып, төгілуі мүмкін). Алынған сабынды төрт пробиркаға құйып, төмендегі тәжірибелерді жасайды:
А. Сабынды тұздандыру (высаливание). Бірінші пробиркадағы сұйық сабынға 1-2 мл хлорлы натрийдің қаныққан ерітіндісін қосады. Ерітіндіден сабынның бөлініп шыққанын байқауға болады.
Б. Кальций және қорғасынның ерімейтін майларын алу. Калий сабыны құйылған екі пробирканың біріншісіне 0,5-1 мл хлорлы кальций, ал екіншісіне 0,5-1 мл 10%-тік сіркеқышқыл қорғасын ерітіндісін қосады. Екі пробиркада кальций және қорғасынның ерімейтін сабындары түзіледі.
В. Минералды қышқылдармен сабынды ыдырату. Төртінші пробиркадағы сұйық сабынға 10%-тік күкірт немесе тұз қышқылының бірнеше тамшысын қосады. Нәтижесінде бос май қышқылдары түзіледі.
Жұмыстың түрі
|
Жұмыстың барысы
|
Тәжірибелердің нәтижесі
|
А
|
Сабын ерітіндісі + NaCI
|
|
Б
|
Сабын ерітіндісі + CaCI2
|
|
Сабын ерітіндісі + CH3COO)2Pb
|
|
В
|
Сабын ерітіндісі + H2SO4 (HCI)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |