6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары



бет1/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
БХ БТ и Ген. Лаб. жұм. мазмұны. 2022-23-2


-6В05105--Генетика мамандығының
«БИОХИМИЯ» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары


1 зертаналық сабақ.
А) Техникалық қауіпсіздік ережелері.


1. Лабораторияда жұмыс жасаудың жалпы ережелері

Лабораторияда жұмыс жасау кезінде студенттер төменгі ережелерді білуі және орындаулары тиіс:





  1. Тәжірибе жүргізер алдында жұмыстың сипаттамасын оқып, түсінгеннен кейін, жұмысқа қажетті жағдайларды жасап, оқытушыдан жұмыстың түсініксіз жерлерін анықтап болғаннан кейін ғана тәжірибелік жұмысты бастауға кірісу керек.

  2. Жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстау, стол үстінде жұмыста пайдаланылмайтын заттар (артық ыдыстар, реактивтер, құрал-жабдықтар және т.б.) болмауы тиіс.

  3. Лабораториялық жұмысты орындау барысында сынық ыдыстарды пайдалануға болмайды.

  4. Лабораториялық жұмыстың мазмұны жазылған әдістемелік нұсқауларды, кітаптарды су немесе химиялық реактивтерден сақтау керек.

  5. Реактиві бар ыдыстар және құрал жабдықтарды кітаптар мен дәптер үстіне қоюға болмайды.

  6. Тәжірибе кезінде ластанған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Пайдаланылған ыдыстарды тәжірибе жұмысы біткеннен кейін бірден, кейінге қалдырмай тазалап жуып қою керек.

  7. Лабораторияда әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде ұқыпты және қауіпсіздік ережелерін сақтай білу керек, себебі ұқыпсыздық, қолданылатын құралдар мен реактивтердің қасиеттерін терең түсіне білмеушілік қауіпті жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін.



2. Техника қауіпсіздігінің ережелері



  1. Жоғары кернеулі электр тогы көзімен (трансформаторлар, индукторлар) жұмыс жасағанда өте сақ болу керек. Құралдар ток көзіне қосылып жұмыс жасап тұрған кезде жоғары кернеу клеммасына немесе оған қосылып тұрған сымдарға қол тигізуге болмайды.

  2. Оңай жанғыш және қопарылғыш химиялық реактивтермен байланысты тәжірибелер оттан (электр плитасы, жанып тұрған газ) алшақ жүргізіледі.

  3. Көзді жарақаттандырмау үшін қайнап жатқан ерітіндісі бар ыдыстың ішіне немесе ыдысқа сұйықты құйып жатқанда оған үңіліп қарауға болмайды.

  4. Көзді сақта! Кез келген тәжірибе кезінде шашырап, атқылайтын, мүмкін жарылыс болатын жұмыстар кезінде міндетті түрде көз бен бетті сақтайтын көз әйнек киген дұрыс.

  5. Ішінде ерітінді құйылған пробирканы қыздырған кезде оның ауыз жағын өзіңнен және жаныңда тұрған адамнан аулақ, теріс қаратып ұстау керек, өйткені ерітінді қайнаған кезде пробиркадан атқылап шашырауы мүмкін. Сондықтан да оны қыздырған кезде тек түбін ғана отқа ұстамай, ыдыстың (пробирканы) жоғарғы жағын да қыздырады, немесе ыдыстың ішіндегі реактивті үнемі араластырып отыру керек.

  6. Тәжірибеге қолданған құралдан газ немесе бу бөлінетін болса олардың шығатын жолында еш бөгет болмауы тиіс. Мұндай құралда газ еркін шығатын жағы болуы керек, ал егер ол тұйық болса қысым көтеріліп, жарылыс болуы мүмкін.

  7. Түбі жалпақ ыдыстарды өте қызып тұрған отқа бірденнен қоймайды, олардың астына асбест торын немесе асбест қағазын салу керек.

  8. Лабораториядағы химиялық реактивтердің иісін анықтау үшін реактив салынған (құйылған) ыдысқа аса еңкеймей, демді сәл ғана ішке тартады, бу мен газдың иісін байқағанда оларды өзіне қарай жайлап желпиді. Ал өте улы заттарды, айталық фосфорлы сутегі, күшала (мышьяк) қосылыстарын т.б. тіптен иіскеуге болмайды.

  9. Улы, исі жағымсыз және буланғыш заттармен және де қышқылдарды, олардың ерітінділерін буландыру жұмыстары арнаулы ауа сорғыш шкафтың ішінде жүргізілуі тиіс.

  10. Лабораторияда қолданылатын реактивтердің көбісі (шамамен 3/4 бөлігі) улы, сондықтан да олармен тәжірибе жүргізгенде аса сақ болу керек.

  11. Күшті сілтілермен (оларды ұсақтағанда немесе олардан ерітінділер дайындаған кезде) жұмыс жасағанда көз әйнек киген жөн. Сілтілерді пинцетпен немесе арнаулы қысқыштармен ұстайды. Жұмыс орнында сілті қалдықтарын қалдыруға болмайды.

  12. Концентрлі қышқылдардан ерітінді дайындау кезінде (сұйылтқанда) қышқылды, міндетті түрде, аз-аздап суға құйып араластырады.

  13. Сынаппен жасалынатын жұмыстар лабораторияның арнаулы орындарында жүргізіледі.

  14. Ыдыс жуатын раковинаға қағаз, сынған шыны, реактив қалдықтарын және т.б. тастауға болмайды. Оларды арнайы жасалған жәшіктерге немесе бактарға тастайды.

  15. Лабораторияда өрт сөндіруге қолданылатын құрал-саймандар және т.б. материалдар болуы тиіс.

  16. Лабораторияда тамақ ішуге болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет