11 зертханалық сабақ. Қанықпаған майлардың физико-химиялық қасиеттерін зерттеу: сабындануы, сабын алу
1. Майлардың қышқылдық санын анықтау Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар: Аналитикалық таразы, конус тәрізді 100 мл-лік колбалар, бюреткалар, 50 мл-лік өлшеуіш колбалар.
Эфир мен спирттің қоспасы (1:1), КОН-тың 0,1 н спирттегі ерітіндісі, фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісі.
2-3 түрлі өсімдік майлары.
Жұмыстың орындалу барысы: Конус тәрізді колбадағы 3-5 мл өсімдік майына спирт-эфир (10-15 мл) қоспасын қосып, ерітеді де, 2-3 тамшы фенолфталеин қосады. Колбадағы ерітіндіні калий сілтісінің спирттегі ерітіндісімен әлсіз қызғылт түс түзілгенге дейін титрлейді (ерітіндінің түсі, шамамен, 0,5 минутке дейін жоғалмауы тиіс). Тәжірибені екі рет қайталап жасайды. Екі тәжірибеден майдың қышқылдық санының орташа мәнін (қ.с.) төмендегі формула бойынша табады:
А • Б • 5,6
Қ.с. = ------------
В
мұнда, А – титрлеуге жұмсалған 0,1 н КОН-тың мөлшері, мл; Б – КОН-тың титріне түзету мәні (поправка); В – тәжірибеге алынған майдың массасы, г; 5,6 – есептеуге қажетті коэффициент: 0,1 н КОН ерітіндісінің 1 мл-інде 5,6 мг КОН болады.