6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары



бет17/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
БХ БТ и Ген. Лаб. жұм. мазмұны. 2022-23-2

Жұмыстың қорытындысын жазу:


12 зертханалық сабақ.
Ашытқыдан нуклеопротеидтердің гидролизатын алу.
Пурин негіздерін, қанттарды, фосфор қышқылын, белоктарды анықтау үшін сапалық реакциялар.


1. Ашытқыдан нуклеопротеидтерді бөліп алу
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Центрифуга, центрифуга пробиркалары, теңестіргіш таразы, фарфор тостағаншасы, фарфор келсабы, құм.

  2. Эфир, 0,5%-тік NaOH (немесе КОН) ерітіндісі, 5%-тік сірке қышқылы (СН3СООН).

  3. Нан ашытқысы.

Жұмыстың орындалу барысы
2 г нан ашытқысын өлшеп алады да фарфор тостағаншасында оған аздап құм (немесе шыны түйіршіктерін), 8 тамшы эфир, 8 тамшы дистильденген су қосып езеді. 5-7 минуттан кейін үстіне 10 мл сілті ерітіндісін құяды да 15 минуттай езіп, араластырады. Қоспаны 10 минут 2500 айн/мин жылдамдықта центрифугалайды. Тұнбаның үстіндегі сұйықты таза пробиркаға құйып алып, үстіне 5%-тік сірке қышқылының 10 мл-ін қосады да 7-10 минут центрифугалайды (2500 айн/мин жылдамдықта). Тұнбаға түскен нуклеопротеидтер гидролиз үшін пайдаланылады (6.1.2. жұмысты қара).
Жұмыстың қорытындысын жазу:


13 зертханалық сабақ
Ашытқыдан нуклеопротеидтердің гидролизатын алу.
Қанттарды, белоктарды анықтау
үшін сапалық реакциялар


1. Ашытқы нуклеопротеидтерін гидролиздеу
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Электр плиткасы немесе су моншасы, стакандар, диаметрі 2 см болатын пробиркалар, штативтер, воронкалар, сүзгі қағазы.

  2. 5%-тік күкірт қышқылының ерітіндісі.

  3. Нан ашытқысынан бөлініп алынған нуклеопротеидтер (6.1.1. жұмысты қара).

Жұмыстың орындалу барысы:
Ашытқадан бөлініп алынған нуклеопротеидтерді пробиркаға салып, үстіне 10 мл күкірт қышқылын құяды да, пробирканың ауызын арнайы тығынмен жабады (тығынға, қайнатқан кезде сұйық қайтып түсетін ауа салқындатқышы бар, шыны түтік өткізіледі немесе кері салқындатқыш тығыны пайдаланылады). Пробирканы шыны стакандағы суға салып, 1 сағат қайнатады. Пробирканы суытып, ерітіндіні сүзеді. Ерітіндідегі нуклеопротеидтер гидролизінен түзілген өнімдердің әрқайсысын өздеріне тән реакциялар көмегімен анықтауға болады (төмендегі жұмыстарды қара).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет