6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары



бет5/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
БХ БТ и Ген. Лаб. жұм. мазмұны. 2022-23-2

Жұмыстың қорытындысын жазу:


3 зертханалық сабақ.
Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары: ауыр металдардың, бей- және органикалық қышқылдардың, температураның, спирт, хлороформ мен ацетонның әсері


1. Ауыр металдардың тұздарымен белоктарды тұнбаға түсіру
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Центрифуга немесе сүзгі қағаздары (фильтр), пипеткалар, пробиркалар, штативтер, спиртовкалар.

  2. 5%-тік күкірт қышқылды мыс тұзының (CuSO4), 5%-тік сірке қышқылды қалайы тұзының (CH3COO)2Pb), 5%-тік азот қышқылды (AgNO3) күміс тұзының, 5%-тік хлорлы темір (FeCI3) тұзының ерітінділері; қаныққан күкірт қышқылды аммоний (NH4)2SO4) ерітіндісі; кристалды хлорлы натрий (NaCI), кристалды күкірт қышқылды аммоний (NH4)2SO4), кристалды күкірт қышқылды магний (MgSO4) тұздары.

  3. 5%-тік (немесе концентрлі) белок ерітіндісі.

Жұмыстың орындалу барысы:
1 ж ұ м ы с. 4 пробирканың әрқайсысына 1 мл-ден белок ерітіндісін құяды. Бірінші пробиркаға тамшылатып күкірт қышқылды мыс тұзының ерітіндісін, екінші пробиркаға сірке қышқылды қалайы тұзының ерітіндісін, үшінші проибркаға азот қышқылды күміс, ал төртінші пробиркаға хлорлы темір тұзының ерітінділерін қосқанда барлық пробиркаларда тұнба түзіледі.
2 ж ұ м ы с. Белок ерітіндісіне кристалды хлорлы натрий тұзын қаныққанша қосқанда тұнбаға тек глобулин белогы түседі. Тұнбаны центрифугалап немесе сүзгі (фильтр) қағазында сүзіп алып, қалған ерітіндіге кристалды күкірт қышқылды аммоний тұзын қаныққанша қосса, тұнбаға альбумин белогы шөгеді.
3 ж ұ м ы с. Белок ерітіндісіне тең көлемде қаныққан күкірт қышқылды аммоний тұзын ерітіндісін қосқанда тұнбаға глобулин белогы түседі. Глобулинді центрифугалап немесе сүзу арқылы бөліп алады да, қалған ерітіндіге кристалды күкірт қышқылды аммоний тұзын қаныққанша қосады. Енді тұнбаға альбумин белогы түседі.
4 ж ұ м ы с. Белок ерітіндісіне кристалды күкірт қышқылды магний тұзын қаныққанша қосады. Қоспаны центрифугалау немес сүзу арқылы тұнбаны (глобулин тұнбаға түседі) бөліп алады, ал ерітіндіде альбумин қалады. Ерітіндіні қыздыру немесе оған алкалоидты реактивтердің біреуін қосу арқылы альбумин белогын тұнбаға түсіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет