Жоспарлау кəсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға жəне қате əрекеттердің алдын-алуға бағытталған
Жоспарлау кəсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға жəне қате əрекеттердің алдын-алуға бағытталған.
Бизнес-жоспар – бұл бизнес операцияларды, кәсіпорынның іс әрекеттерін жүзеге асыру жоспары. Онда кәсіпорынның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтер болады.
Бизнес-жоспарды жасап шығарудың мақсаты – нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкес таяу және болашақтағы кезеңдерге кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау.
Бизнес-жоспардың міндеттері:
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын қалыптастыру, оларға жетудің тактикалары мен стратегияларын анықтау;
Кәсіпорынның тұтынушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерін анықтау және ассортиментін таңдау;
Өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;
Нарықты зерттеу, сатуды ынталандыру, баға белгілеу және т.б. маркетингтік шаралардың құрамын анықтау;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау, қолда бар қаржылық және материалдық ресурстарды, қойылған мақсаттарға жету мүмкіндіктерін исәйкестендіру.
Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше əртүрлі себептер бар:
Өзіңізге арналған бизнес-жоспар Несие Инвесторлардың қаражаттарын тартуға арналған бизнес-жоспар Жергілікті
Бизнес-жоспар қандай бөлімдерден тұрады?
Бизнес-жоспардың мазмұны оның қандай мақсатпен жасалып отырғандығына қарай əртүрлі болуы мүмкін. Бизнес-жоспардың стандарты жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы жəне оның толық берілу дəрежесі келешек жобаға жəне соның өзі жататын салаға байланысты болады. Мысалы, егер қайсыбір жаңа өнім түрін əзірлеу көзделіп отырған болса, онда өнімнің өзінің күрделі құрылымымен жəне сол өнім нарығының күрделі құрылымымен негізделіп отырған аса толық түрдегі жоспар əзірленуі тиіс. Егер де əңгіме қайсыбір өнімнің бөлшек саудада сатылуы жайлы болып отырса, онда бизнес-жоспар анағұрлым қарапайым болуы мүмкін.