2. Бизнес-жоспарлаудың мәні және мазмұны, нарықтық экономикадағы рөлі. Бизнес-жоспардың әлеуметтік-экономикалық мәні.
3. Бизнес-жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.
1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі
Жоспарлау – бұл кәсіпорынның экономикалық жүйесінің болашақ жағдайын анықтайтын, жоспарларды жасап шығару мен тәжірибелік түрде жүзеге асыруды қарастыратын кешенді қызмет.
Кәсіпорын тұрғысынан, микроэкономикалық деңгейде жоспарлау – бұл микроэкономика субъектілерінің саналы, жігерлі шешімдеріне негізделген іс – әрекеттерді жүзеге асыру тәсілі, баға мен нарықты ауыстыратын механизм.
Фирманың барлық менеджерлерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін нақты анықтауға.
Жоспарлаудың қағидалары:
Үздіксіздік
Үйлестірушілік пен интеграция
Жүйелілік
Ғылымшылық
2. Бизнес-жоспарлаудың мәні және мазмұны, нарықтық экономикадағы рөлі. Бизнес-жоспардың әлеуметтік-экономикалық мәні.
Кез келген жоспардың негізінде бизнес идея жатыр. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.
Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.
Көпшілік идея іс жүзінде асырыла бермеуі мүмкін. Жаңа идеяны ойластыруға, оны жүзеге асыруға ұзақ уақыт кетеді. Идея пайда болғаннан кейін, оның прототипін (өнім технологиясын) іздестіруге, яғни ойластырылған бұйымды жасауға, содан кейін сол ұйым табыс түсіретіндей етіп өндіріс процесін (өндіріс технологиясын) құруға тура келеді.