7- тақырып. Тамақтану және қонақжайлық индустрия кәсіпорындарын бизнес-жоспарлау



бет2/9
Дата02.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#47078
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
000adb53-cff5b472

П. Друкер шығармашылық ықпалға дәл анықтама берді. «Кез-келген мақсат жүзеге асқанда, менің білетінім, мұнымен идеяға бар ынтасымен берілгендер — фанатиктер шұғылданады». Фирманың ішкі шығармашылығын дамыту үшін американдық менеджерлер өзінің қарамағындағыларға үнемі мынадай сұрақ қояды: «Қазіргі істеп жүргеніңізден басқаша, сіз тағы не істегіңіз келді, әрі мұның өзі барлығымызға және тұтастай компанияға қандай пайда келтіреді?». Осы сұраққа жауап бере отырып, фирманың әрбір қызметкері алдына өзін-өзі жетілдіру мақсатын және оған жету мерзімін қояды.

Бизнестің стратегиялық идеясын жүзеге асыру үшін шығармашылық ойлау негіздерін меңгере білуі керек.

Біріншіден, қалыптасқан жағдайға «статус-кво» күмән келтіруге де, жалпы қабылданған жағдайды теріске шығаруға да болады. Альберт Эйнштейн жаратылыстану ғылымын үйреніп жүрген студенттерге мынадай кеңес берген: күнделікті бір сағат уақыт бөліп біреудің идеясын теріске шығаруға, сөйтіп мұқият ойлана отырып, өз идеяңды ұсынуға талпын.

Екіншіден, өзің шұғылданып жүрген мәселеге қолдануға болатын басқа идеяны айқындауға және де оны жаңаша пайдалануға болады.

Үшіншіден, өзіңнің алдын ала сезіну түйсігіңе айрықша көңіл бөл. Әдетте бір нәрсені күні бұрын сезіну сіздің ой-санаңызда жинақталған фактілердің нәтижесі.

Төртіншіден, ойға оралған идеяны бірден бағалауға тырыспаңыз. Әуелі асықпай ойланыңыз, содан кейін бағалаңыз, өйтпейінше тамаша идеяны сіз бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

3. бизнес-жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері

Бизнес-жоспар — бұл келешек бизнесті жан-жақты толық сипаттау. Бизнес- жоспарда бизнестің идеясы туралы əңгімелеп, қаржылық талдау жүргізіп, маркетингтік жоспар мен қызметкерлер жоспарын құру қажет.

Бизнес - жоспар кәсіпкерге де, кәсіпкердің бизнес бойынша әлеуетті серіктестеріне де, кәсіпкердің өз ісіне арнап несие алуды көздеп отырған банкке де қажет.

Егер бизнес даму және өсу үстінде болса, кәсіпкерге барлық жағдайларды жадында сақтау қиынға соғады. Сонымен қатар, бизнестің барлық аспектілерін толық жоспарлау және сипаттау қажеттілігі туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет