2. Зейін. Түрлері. Физиологиялық негіздері. Қасиеттері. Қызметі. Зейін дегеніміз — сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы.
Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады. Зейін субъектінің айналадағы дүниеге жақсы хабардар болуымен байланысты және оның адам психикасында неғүрлым толық және айқын бейнеленуін қамтамасыз етеді. Оқу жұмысында зейіннің маңызы өте үлкен. Оқудың табысты болуы көбінесе мұғалімнің оқушылардың зейінін қаншалықты окуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады; оның үстіне балалардың сабақта зейінін сала жұмыс жасауы класта тәртіптің болуын да қамтамасыз етеді. Белгілі бір затқа зейін аударылса, ол біздің санамыздың төрінен орын алады, қалғандарының бәрі бұл кезде нашар қабылданады, айқын болмайды (бейнелеп айтқанда қабылдаушының «шет пұшпағында» қалып қояды). Мұнда біздің зейініміздің бағытталуы өзгереді. Мынадай бір жағдайды еске алайық. Оқушы кітап оқып отыр, оның барлық зейіні кітаптың мазмұнына ауған. Ол бөлмеде сөйлеп тұрған радионың даусын естиді. Кейбір сөздер оның санасына жетіп жатады. Енді радиодан футбол матчы туралы репортаж беріле бастады, баланың зейіні түгелімен радио хабарына ауды, ал оның жезі кітаптьің әр жолдарына жылжып кетіп отыр-ады. Сөйтіп шәкірт кітаптың бірнеше беттерін «оқып» шықты, бірақ онда жазылған сөздердің мағынасы оның санасына барып жетпейді.
Зейін әдетте шәкірттің бет құбылысынан, отырысынан, қозға-лысынан (кітаптағы қосымшаны қараңыз) білінеді. Зейін қойып отырған тыңдаушыны зейін салмай отырған тыңдаушыдан айыру қиын емес. Бірақ кейде шәкірт мұғалімді тыңдап отырған сияқты пішін көрсетеді, ал шындығына келгенде оның ойы класта болып жатқандардан тыс, басқа жақта болады. Зейін дербес бір психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Біз зейін койып немесе зейін аудармай қараймыз, тыңдаймыз, (яғни қабылдаймыз), ойлаймыз (яғни ой жүгіртеміз) немесе бір нәрсені істейміз. Сөйтіп, зейін әр түрлі психикалық процестердің тек бір жағы немесе қасиеті ғана болып табылады. Адам ояу кезінде бір іс-әрекетпен шұғылдануымен (бір нәрсе істейді немесе бір нәрсені ойлайды) байланысты оның зейіні сол нәрсеге аударылады. Егер оқушының зейіні сабақтың мазмұнына аударылмаса, демек, оның зейіні басқа нәрсеге ауып отырғаны.
ЗЕЙІННІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ Бұл үлкен ми сыңарлары қыртысында екі процестің қазу және тежелу процестерінін, болып отыратындығы туралы айттық. Адамның зейіні бір нәрсеге ауса, бұл демек, оның ми қыртысында қозу ошағы пайда болды деген сөз. Мидың басқа учаскелері бұл кезде тежелу куйінде болады. Бұл нерв процестерінің индукция заңы бойынша болып отырады. Сондықтан бір нәрсеге көңілі ауған адам бұл кезде басқа еш нәрсені байқамауы мүмкін. Павловтың сөзі бойынша үлкен ми сыңарларының оптимальдық қозудағы учаскесінде жаңа шартты байланыстар оңай жасалады.
Мидың басқа учаскелерінің іс-әрекеті адамның бұл кезде әдетте түсініп болынбаған, өзінен-өзі жүріп отыратын деп аталатын іс-әрекетімен байланысты болады. Ми сыңарлары қыртысындағы қозу бір пунктте бекітіліп қалмайды, үнемі ауысып отырады. Бұл процесті Павлов бейнелеп былай деп жазды: «Егер бас сүйегінен көз өтіп кере алатын болсақ, егер үлкен ми сыңарларының оптимальдық қозудағы орны жарық болып тұрса, онда біз ойға шомған саналы адамда оның үлкен ми сыңарлары бойынша форма жағынан да, мөлшері жағынан да үнемі өзгеріп тұратын жарық дақтың ғажаптанарлық теріс кескінін, оның ми сыңарлары қалған басқа кеңістігінде едәуір көлеңкемен қоршалып тұрғанын керер едік». Зейіннің пайда болуы үшін барлау рефлексі деп аталатынның маңызы зор. Ол — қоршаған ортаның қандай да болса өзгеруіне организмнің туа біткен реакциясы. Бұл рефлекс адамдарда да, жануарларда да болады. Бөлмеде сыбдыр естілді, мысық жүнін үрпитіп, қауіптене түсті де, дыбыс естілген жаққа қарай елеңдеп, құлағын тікті. Сабақта оқушылар мұғалімнің сөзін көңіл қоя тыңдап отыр. Бір кезде кластың есігі жайлап ашылды, әңгімеге берілген барлық оқушылардың да, мұғалімнің де беті еріксіз есік жаққа қарай бұрылды. Бұл рефлексті Павлов бейнелі түрде «немене?» деген рефлекс деп атады. Кейде айналадағы ортада болатын болмашы өзгеріске қауіптене үрпию қабілеті болуының себебі — үлкен ми сыңарларында ретикулярлық формацияны үлкен ми сыңарлары қыртысының әр түрлі учаскелерімен жалғастырып жататын нерв жолдарының жүйесі болуында. Осы жүйемен жүріп отыратын нерв импульстері сигналдармен бірге сезім органдарынан шығып, ми қыртысын қоздырады, оны болады деп күтілетін кейінгі тітіркендіргіштерге көңіл аударуға дайын болу күйіне келтіреді. Сөйтіп, ретикулярлық формация анализаторлармен (сезім органдарымен) бірге, зейіннің бастапқы физиологиялық негізі болып табылатын барлау рефлекстің пайда болуын қамтамасыз етеді.