7 билет Еңбек тәрбиесі. Міндеттері. Мазмұны. Жүйесі. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру



бет10/14
Дата12.06.2022
өлшемі51,03 Kb.
#36723
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
7 билет Е бек т рбиесі. Міндеттері. Мазм ны. Ж йесі. О ушылар а

ЗЕЙІННІҢ ТҮРЛЕРІ Ырықсыз зейін. Егер мұғалімнің түсіндіруі мазмұны мағынан қызықты болып келсе, көрнекі құралдар қолданылса оқушылар педагогтің сезін өздері-ақ ұйып тыңдайды, көрсеткендерін көңіл қоя қарайды. Мұны ырықсыз зейін деп атайды. Ол көбінесе адамда өзін қыстап, зорламай-ақ өзінен-өзі болатыны былай тұрсын, сонымен қатар бір нәрсені көруге, естуге т. с. с. алдын ала ниеттенбесе де пайда болады. Сондықтан зейіннің бұл түрін алдын ала ниеттейбеген зейін деп атайды. Ырықсыз (алдын ала ниеттенбеген) зейіннін, физиологиялық негізі адамды қоршаған ортада болып жатқандарға көңіл аударуға қоздыратын барлау рефлексі болып табылады. Ырықсыз зейін нақты айтқанда неден пайда болады? Ең алдымен күшті тітіркендіргіштерден пайда болады. Мысалы күннің құлақты тұндыра күркіреуі немесе мылтықтың жақыннан атылуы қай адамды да олардың дауысына еріксіз назарын аудартады. Тітіркендіргіштердін; салыстырмалы күшінің маңызы зор. Түнгі тыныштықта шыйдан шамалы сыбдыр да адамның кеңілін аударады. Адамның көңілін аудару ушін тітіркендіргіштердің күтпеген жерден пайда болуы, олардый; күші онша үлкен болмаса да маңызды келеді. Қозғалыстағы заттар, сондай-ақ жаңалық, әдеттетілердің өзгеруі адамның назарын аудармай қоймайды. Мысалы, сабақта жаңа көрнекі құралдардың пайдаланылуы оқушылардың рларта зейін аударуын күшейте түседі. Қарама-қарсы (контраст) заттар мен құбылыстар да осылай әсер етеді, мысалы ұзын адамның қасында бойы қысқа адам тұрса, бірінші адамға көңіл аударылады.
Ырықсыз зейіннің аударылуына адамның ішкі жан-дүниесі күйінің маңызы зор. Қарны ашқан адам ас үйден шыққан тамақ иісін сезе қояды, ал тамағы тоқ адам ол иіске зейін аудармайды. Бізді қызықтыратын нәрселердің бәрі бейімділік пен талғамымызға қарай сезім органдарына әсер етеді, біздің зейінімізді еріксіз аудартады. Қызықтыруда, ең бастысы зейіннің сақталуында адамның бастан өткен тәжірибесінің маңызы үлкен.
Ырықты зейін. Ырықты зейін дейтіннің еитіаты баеқаша келеді. Бұған себеп болатын нәрсе — адамның бір мақсатты алға қоюы, бір нәрсені қабылдауға немесе істеуге ниеттенуі болады. Зейіннің бұл түрін сондай-ақ алдын ала ниеттену зейіні деп атайды. Оқушы есеп шығарып жатады, оған сол есепке ақыл-ойын жұмылдыру қиын, бірақ ол өзін-өзі соған зорлайды, шарттарына зер салады, ойға шомады. Қөбінесе сыртқы тітіркендіргіштер оның көңілін басқа жаққа аударып жібереді, бірақ ол ерік күшімен жұмысқа өзін-өзі зорлап кендіреді. Ырықты зейін адамда еңбекке жұмылу нәтижесінде пайда болды, сондықтан оның жігерлілік сипаты бар.
«Еңбек үстінде, оған қатысты органдарға күш түсумен қатар,— деп жазды Маркс,— еңбек етіп жатқан уақыттың бүкіл өн бойында зейін аударуда бейнеленетін мақсатқа сәйкес ерік күші де қажет».
Үйреншікті зейін. Бірқатар психологтар зейіннің тағы үшінші түрін айырып көрсетеді, бұл белгілі бір ерік күшін жасағаннан кейін адам жұмыстың «байыбына барып», өзін оған оңай жұмылдыра алатын кезде пайда болады. Мұндай зейінді совет психологі Н. Ф. Добрынин үйреншікті (туынды) зейін деп атады, өйткені ол әдеттегі, ырықты зейіннің орнына келеді. Зейіннің бұл түрі ырықсыз зейіннен өзгеше: адамның саналы мақсаты болады, сол үшін ол бар күш-жігерін жұмылдырады. Бірақ үйреншікті зейінді ырықты зейінмен бірдей деп санауға болмайды: бұл ерекше ерік күшін қажет етпейді. Үйреншікті зейіннің оқу жұмысында маңызы зор, оқу жұмысының бас кезінде мектеп оқушысында кебінесе ырықты зейін болады. Келе-келе сабақ баланы баурап алады, ол басқа жаққа көңіл аударуды қойып, бар ықыласымен оқуға кіріседі.
Егер ырықсыз зейіннің пайда болу шарты, жоғарыда айтылғандай, сыртқы тітіркендіргіштердің сапасы, әсіресе адамның ішкі жай-күйі (оның мұқтажы, ықыласы т. с. с.) болса, ырықты зейіннің пайда болуы және оны қолдау үшін іс-әрекетке саналы көзқарастың болуы қажет. Бірақ кейде мынадай жағдай да болады: саналы көзқарас жасалған, мақсат айқын, ол мақсатқа жету мүлде қажет деп саналады, солай бола тұрса да, жұмысқа күш-жігерін жұмылдыра алмайды. Мұндай жағдай өзін-өзі билей ал-майтын, зейін қою үшін белгілі бір күш-жігер жұмсауға дағдыланбаған адамдарда болады. Бұл көрсетілген шарттардың үйреншікті зейіннің пайда болуына да қатысы бар. Рас, бұл зейіннін, тууы аз қиыншылықпен жүзеге асырылады. Мұнда көбінөсе дағдылану үлкен роль атқарады, соның арқасында адам жұмысқа тез беріледі де, оған өзінің күш-жігерін жұмылдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет