7 демократия туралы жалпы түсінік «Демократия»


Қазақстан Республикасындағы демократия



бет6/8
Дата24.11.2023
өлшемі29,11 Kb.
#125219
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция 7

Қазақстан Республикасындағы демократия.
Біз жоғарыда демократиялық қоғамға сипаттама бердік. Енді осы айтылған жайлардың біздің қоғамымызда қалай жолға қойылғанын сипаттап өтейік.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу» деп көрсеткен.
1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республкасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация конститутциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылады.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды.
Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық.
Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе – теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс – қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстан халқы» деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конститутциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді – сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет