Қазақстан – құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конститутциясы – құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар үшін – «заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін – «заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат» болып табылады.
Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеде көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі – адам және азамат құқығы мен бостадығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетіндігіне кепілдік бере алады.
Қазақстан - әлеуметтік мемлекет. Конститутцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болуымен қатар, әлеуметтік мемлекет болып та табылады. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конститутциясында көрсетілгендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым,, мәдениет, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және жағдайы төмен отбасыларына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындайды.
Бұл шараларда әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асырады. Алайда әлеуметтік мемлекетті «социалистік мемлекет» деген ұғыммен шатастыруға болмайды. Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және азаматтардың еңбек пен кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеп, теңгермелік көңіл – күйдің болуына жол бермейді. Қазақстандық демократияның ажырамас конститутциясық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғарғы лауазымды адамының (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдары (Парламентті, маслихаттарды және жергілікті өзін - өзі басқару органдары) құру тәсілі – ерікті сайлау.
Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарымдылық (альтернативті), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігі; екіншіден, сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау; үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруі.
Қазақстан егемендігі, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасып, ол қамтамасыз етіледі. Демократия және құқықтық дәрежеге өту процесі одан әрі жалғасуда.
Қорыта келе, демократиядеп халықтың билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады.
Демократиялық қоғамның белгілерін экономкалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау – дамай, шиеліністерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы, және т.с.с.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады.
Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сонау құқығы да заң жүзінде бекітілген.
Қолданылған әдебиеттер: А.С. Рахымбаева «Саясаттану» - Алматы,2006 ж.
Д.А. Жамбылов «Саясаттану негіздері» - оқу құралы – Алматы Жеті жарғы, 1998 ж.
Е.С. Қуандық «Саясаттану негіздері» - Алматы, 2000 ж.