Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.
Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру. Саяси жүйені демократияландырудың мынадай негізгі бағыттары бар:
- Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін - өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мемлекеттердің өкілеттік бастамаларын дамыту;
- Барлық әлеуметтк топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру;
- Жеке адамның жан – жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастық процестерін жүргізу;
- Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шығарылуына қарсы тосқауыл жасау;
- Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау;
- Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін қалыптастыру.