7 демократия туралы жалпы түсінік «Демократия»



бет1/8
Дата24.11.2023
өлшемі29,11 Kb.
#125219
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция 7


7 ДЕМОКРАТИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

«Демократия» - сөзі гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен шыққан, яғни «халық билгі» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:



  1. Мемлекет түрі;

  2. Теңдік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принципіне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі;

  3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әр түрлі рең алған. Олар мынадай мемлекетті демократиялық деп түсінген:

  1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конститутция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болды. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады;

  2. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауды, т.с.с. теңдік болады;

  3. Демократияда әділеттік болуы керек. Әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениеттің дәрежесімен айқындалады;

  4. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділетті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерін азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуіне, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сыйланбалы болуға дұрыс.
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау – дамай, шиеліністерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы, және т.с.с.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады.
Сонымен, демократия деп халықтың билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет