7-дәріс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы
«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң.
Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау.
Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы: «Қазақстан – 2030. «Қазақстан – 2050» стратегиясы.
Әдебиеттер:
1.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық. – Алматы: «Раритет», 2010.
2. Қазақстанның жаңа тарихы: Тұрақты Қазақстан. Үш томдық. Т.3. / Т.ғ.д., проф. Б.Аяғанның редакциясымен. –Алматы, 2012.
3. Қазақстанның жаңа тарихы: Кеңес жүйесінің дағдарысы және ыдырауы. Үш томдық. Т.1. / Т.ғ.д., проф. Б.Аяғанның редакциясымен. –Алматы, 2012.
4. Қазіргі Қазақстан тарихы (2010-2011 жж.). Хрестоматия. ІІ том. –Алматы, Раритет, 2011.
5.Кан Г.В. История Казахстана: Учебное пособие для вузов. – Алматы, 2005.
6. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Алматы, Қазақ университеті, 2016.
president.kz
Akorda.kz
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда бар әлемге Қазақстанның Егемендігін паш етті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақтың Кеңес социалистік республикасы Қазақстан Республикасы болып өзгертіліп, оның тәуелсіз, демократиялық, құқылы мелекет екендігі жарияланды. Бұл күн республика күні ретінде бүкіл әлемге танылды. Қазақстан ұзақ жылдар бойы Кеңестер Одағының құрамында болып келді. Төтенше орталықтанған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі бар бұл одақты қайта құру, оның құрамындағы республикалардың дербестігін күшейту мәселесі 90-жылдарда ашық қойыла бастады. Ондай ұснысты жасаушы Балтық жағалауы елдерінің басшылары болды. Қазақстан басшылары Одақты конфедеративтік негізде қайта құруды ұсынды. Бірақ сол кездегі Одақтың басшысы М.С.Горбачев бұл ұсыныстармен санасуға қабілетсіз болып шықты.
1991 жылғы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Қазақ КСР-нің Заңы қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанындағы Заң қабылданған сәттен бастап, құжат «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» деп аталды. Бұл декларация Қазақстанның дербес Конституциялық заңнамасына негіз қалады.
1991 жылғы 16 желтоқсанда республика Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылдады. Заң 7 тараудан 18 баптан тұрады. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл ғаламға жария еткен бірден бір маңызды тарихи құжат болып табылады.
Бұл құжаттың негізгі талаптары мынандай: «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Конституциялық заңға сәйкес өз аумағында бүкіл өкімет билігін толық иеленеді, ішкі және сыртқы саясатты дербес белгілеп, жүргізеді. Демократиялық және құқықтық мемлекетті құру стратегиялық мақсат болып табылады. Қазақстан республикасының бүкіл аумағында оның Конституциясы мен заңдары қабылданады. Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды.
«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заңының бірқатар ережелері Қазақстан Республикасының халқы мен азаматтарының мәртебесіне арналады. Қазақстан халқы Республикада егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады және ол оны тікелей де, өздері сыйлайтын мемлекеттік органдар арқылы да жүзеге асады. Заң Қазақстан халқын таптарға бөлмейді, қайта оны әлеуметтік тұрғыдан бірыңғай, тұтас құбылыс ретінде қарайды. Конституциялық заң мемлекеттік егемендіктің маңызды элементін – өз азаматтығының болуын баянды етті. Республиканың барлық азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтарды иеленіп, бірдей міндеткерлікте болатыны мойындалды.
Конституциялық заңда мемлекеттік тәуелсіздікті қорғауды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көніл бөлінеді. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында дербес қарулы күштерін құрады және өз аумағында әскерлерді, қару-жарақ пен техниканы орналастыру мәселелерін шешеді.
Конституциялық заңға сәйкес жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқада да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми техникалық әлеует Қазақстан Республикасының айырықша меншігіне берілді. Аталмыш объектілердің бәрі Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрайды. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сай келетін дербес экономикалық жүйесі болуға тиіс. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының өзінің қаржы-несие, ақша, салық және кеден жүйесін құруға, сондай-ақ өзінің алтын қорын алмаз және валюта қорын құруға құқығы берілді. Сөйтіп конституциялық заң жаңа тәуелсіз мемлекет құрудың негізін қалады, оның басты нышандарын айқындады.
Қазақстанда президенттік басқару формасындағы республикалық жүйе орнықтырылды. Президент жалпыға бірдей, тең және төте сайлау негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады. Белгілі бір тұлға қатарынан екі мерзімнен көп уақытқа Қазақстан республикасының Президенті болып сайлана алмайды. Президенттік басқару нысаны мынандай сәттермен сипатталады. Президент мемлекет басшысы. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Президенттің алдында жауап береді, тек Конституцияда көзделген ретте ғана Парламентке есеп береді. Президент үкімет мүшелерін тағайындайды.
Үкімет Қазақстан Республикасының жоғары атқарушы органы болып табылады. Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейін он күндік мерзім ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстар енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және Президентке ант береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламенттің қос палаталы құрылымын: Сенат пен Мәжілісті тұңғыш рет орнықтырды. Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланады. Сенат депутаттарының бір бөлігі үш жылғы, екінші бір бөлігі алты жылға сайланады. Мәслихатқа – жергілікті өкілдікті органдарға депутаттар төрт жылға сайланады.
Сот жүйесі Конституцияға және аталмыш конституцциялық заңға сәйкес бекітілетін ҚР Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардан тұрады. Қазақстан республикасының Жоғарғы соты мен жергілікті соттар бірыңғай сот жүйесін құрайды.
Сыртқы саясатында да Қазақстан Республикасы көршілес мемлекеттермен өзара тиімді достық қарым-қатынас ұстанады. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып Түркия мемлекеті таныды. 1991 ж. соңына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды. 1992 ж. ортасына қарай республика тәуелсіздігін 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада т.б. 1992 ж. соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 106 мемлекеті танып, 61 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. 1999 жылдың басы – дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі кезде Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. 1992 ж. қаңтарда Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қаматамасыз ету мақсатында Ішкі істер әскері құрылды. 1992 ж. қаңтарда – республиканың алғашқы сом алтыны шығарылды және алтын қорын жинауды басталды. 1992 жылдың қүзінде 10 млн. қазақтың басын қосқан 1-ші Дүниежүзілік құрылтай шақырылды. 1993 ж. 15 қарашада – Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. 1995 ж. 1 наурызда – Мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық – кеңесші орган – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан республикасының Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз, егеменді Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Ол жаңа тәуелсіз мемлекеттің орнауында және Республика заңдарының қалыптасуында белгілі бір тарихи рөл атқарды. Қоғамды түбегейлі қайта құрудың қажеттілігі жаңа Конституцияны әзірлеуді талап етті, ол 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданды. 1995 жылғы ҚР Конституциясы кіріспеден, тоғыз бөлімнен және 98 баптан тұрады. Конституция бойынша ҚР өзін демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің жоғары құндылықтары деп жарияланды. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады. Конституция бойынша халық мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып есептеледі және оны тікелей республикалық референдум, еркін сайлау арқылы, сондай-ақ өзінің билігін мемлекеттік органдарға беру жолымен жүзеге асырады. Мемлекеттік билік конституция мен заңдар негізінде оның заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Конституция идеологиялық, саяси әралуандылықты жариялады, ол түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құруға мүмкіндік береді. Жер мен оның қойнауы, суы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігінде саналады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Конституцияда азаматтық алу және оны тоқтату туралы, азаматтардың жекебасылық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ міндеттері туралы нормалар баяндалды. Қос азаматтыққа жол берілмейді.
Кез-келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты белгілерінің бірі - оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуымен сипатталса,елдің шынайы әрі іс жүзіндегі нақты тәуелсіздігі қайсыбір мемлекетке кіріптарлықтан ада ететін экономикалық еркіндігімен де ұштастырылып жатады. Бұл рас нәрсе. Әлем елдерімен салыстырғанда мемлекеттік шекарасының ұзақтығы дүниежүзі бойынша бірінші орында тұрған Ресеймен шекетесетін Қазақстанның шығысында Азияның ғана емес, әлемнің алпауыт аждаһасына айналған Қытай орын тепкен. Басқасын айтпағанда осы екі ірі мемлекеттің ортасында тұрып, ғасырлар бойы бабасынан мұраға қалған ең бірінші байлығы - жерін сақтап қалу бір ерлік болса, алмағайып заманалардың қай-қайсысында да экономикалық тұрғыдан босаңдық танытпай, алып елдің жетегіне жұтылып кетпеуінің өзі үлкен абырой. Олай болса, тәуелсіздікті тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде дәлелдеу аса маңызды. Сондықтан да, қазіргі Қазақ елі 20 жылдық тәуелсіздік тарихында елдігін ғана емес, экономикасының егемендігін де сақтаған мемлекет ретінде межелі табалдырықтан абыроймен аттап отырғаны да шындық. Өйткені, күні кеше көз алдымызда өткен тарихқа жүгінсек, тәуелсіздіктің де оңай келе қоймағанын анық байқауға болады. Бұнда да ең алдымен елдің экономикалық тәуелсіздігін сөз етпеуге еш құқымыз жоқ.
Кейіннен тәуелсіздіктің тірегіне айналған төл Теңгенің айналымға енуі елдің егемендігін біржолата нығыздай түскен еді. Қазақстан осылайша тәуелсіздіктің алғашқы 5-6 жылын түбегейлі дербес мемлекеттікті қалыптастыру, ішкі және сыртқы саясаттың жаңа жүйесін құру, экономиканы жұмыс істеуге мәжбүр ету, оны жекешелендіру, яғни либералды мемлекетті, либералды экономиканы қалыптастыру үшін тынымсыз жұмыстарды бастан өткерді. Соның арқасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ дағдарыстың жағымсыз салдарынан қарсы тұра алатын экономика құруға шама жетті.
Осыдан соң барып Тәуелсіздіктің алтыншы жылында ҚР Президенті Н. Назарбаев қалыптасқан жағдайдан шығудың нақты бағдарын айқындайтын, сондай-ақ елдің алдағы даму белестерін айғақтайтын «Қазақстан-2030» даму Стратегиясын бекітті. Аталмыш Стратегия жас Қазақстанның ұзақ мерзімді, сатылап дамуына берік негіз қалағаны айқын. Стратегияға сәйкес, еліміздің миссиясы 2030 жылға қарай тәуелсіз, гүлденген, саяси һәм экономикалық тұрақты Қазақстанды қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттің бұған дейінгі жүріп өткен жолдары да, даму бағыттары да осы стратегиямен берік үндесіп келеді. Өйткені, «Қазақстан-2030» даму стратегиясын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді стратегиялық іс-шаралар жоспары да бекітілді. Кезең-кезеңге межеленген бірқатар басымдықтар айқындалды. Ал ондай басымдықтарды игеру бойынша бірқатар мәселеде жағымды динамика мен прогресс орын алды. Мәселен, көрсеткіштердің аса маңыздысы болып табылатын Ішкі жалпы өнімінің өсімі бойынша 2008 жылдың өзінде «Қазақстан-2030» стретагиясында 2010 жылға қарай қол жетуі межеленген мақсат орындалды. Әйтсе де, Қазақстан тарихындағы тағы бір күрделі кезең Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысымен тұспа-тұс келеді. 1998 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы дамыған нарықтарға ғана емес, жаңа қалыптасып келе жатқан нарықтарға да кері әсерін тигізді. Бұл Қазақстанның да ІЖӨ-не жағымсыз рөл атқарғаны да айқын. Еңсеріп қана қойған жоқ, сол жылдары Қазақстанның ел ордасын Ақмолаға көшіру туралы алып бастама көтерілді. Кейіннен бұл бастама елдіктің, егемендік пен тәуелсіздіктің символына айналған Астананы өмірге әкелді. Сөйтіп, қазіргі Астана Қазақстан өңірлері үшін экономиканы дамыту көшбасшысы болып қана қойған жоқ, саяси-әлеуметтік, қаржылық-экономикалық мәселелердің халықаралық алаңына да айналды. Сол арқылы басқа қалаларға бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаудың, инвестиция тартудың үлгісін көрсетіп келеді.
Кеңес одағының ыдырауынан, Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысынан кейінгі ел басындағы ең үлкен күйзеліс АҚШ ипотекалық нарығынан бастау алған, сосын әлемдік деңгейде алапат толқын тудырған 2008 жылы бастау алған жаһандық қаржы дағдарысы еді. Құрылыс индустриясын қарышты дамытып отырған Қазақстан үшін де бұл оңай соққы болған жоқ. Құрылыс саласының соңынан банкілік-қаржылық жүйе де біршама шайқалды. Әйтсе де, жаһандық дағдарыстың сынағын бұл жолы да Қазақстан сәтті еңсерді. Елдің қаржылық-экономикалық жүйесін құлдырытпау, экономика секторларын қолдау бағытында Үкіметтің тұрақтандыру жоспары бекітілді. Ең бастысы, әлеуметтік бағдарланған бюджетті толық сақтау басты назарда болып, елдің жұмыссыздығын өсірмеуге көп күш салынды. Өңірлерде жұмыспен қамту стратегиясы жүзеге асты. Ал 2010 жылы дағдарыс салқынын еңсеруді одан сайын түгесіп, дағдарыстан кейінгі даму сатысына өту мақсатында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осылайша, уақытылы қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар Қазақстанның Ішкі жалпы өнімінің құлдырауынан сақтап қалды. Мәселен, Экономикалық даму және сауда министрлігінің келтірген деректеріне сүйенсек, Қазақстан, тіпті, ең дағдарысты жылы болып саналатын 2008-2009 жылдарының өзінде ІЖӨ-нің төмендеуін емес, өсімін қамтамасыз етті. Атап айтқанда ІЖӨ 2008 жылы - 3,2 пайызға артса, әлемдік күйзелістің шарықтау шегі саналатын ел экономикасына аса ауыр тиген 2009 жылы бұл - 1,2 пайыздық өсімді көрсетті.
Сөйтіп, 2010 жылы еліміздің ІЖӨ 7 пайызға өсіп, біраз уақыт «шыр айналдырған» дағдарыстан кейінгі экономиканың қалпына келу белгілері көрінді. Өнеркәсіптік өндіріс 10,5 пайызға жоғарылады. Жұмыссыздықты жою мақсатында 100-ге тарта жаңа кәсіпорындар ашылды. Тарихи қалыптасқан өлшеммен статистиканы тағы да салыстырып қарасақ, 1996 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 1 мың 300 доллар шамасында қалыптасса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 10 мың доллар шамасында болды. Ал орташа айлық жалақы аталған кезеңдерде 101 доллардан 526 долларға дейін артты. Ал еңбек нарығына келер болса, 90-шы жылдардың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 13-15 пайыздық көрсеткіште қатып тұрса, қазір 5,8 пайызды құрап, бұл көрсеткіш бойынша бірқатар дамыған елдермен тереземіз теңесті. Икемді салықтық-бюджеттік, ақша-кредиттік саясаттың нәтижесінде, жалпы макроэкономикалық тұрақтылық арқасында Қазақстанға 1993 жылдан бері 130 млрд. доллар шамасында тікелей шетелдік инвестиция тартылды.
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде жаһандық ауқымдағы қатерлі үш дағдарыстың толқынына төтеп беріп, жаңа дәуірге қадам басты. Бұндай жетістікті бағындыру ең алдымен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің, қазақ халқының өршіл мақсатқа ұмтылысын көрсететін мінезінің арқасында жүзеге асты. Былтырғы 2010 жылы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл тұрғысында: «ХХІ ғасыр Қазақстан үшін жаңа қауіп-қатерлерді өзімен бірге ала келді. Оның ішінде ең ірісі әлемдік дағдарыс болды. Осы жағдайда санаулы елдер ғана бұл сынды еңсере алды. Оның қатарында біздің Қазақстан да бар. Тәуелсіздік - бұл бәрінен бұрын елдің экономикалық тәуелсіздігі»,-деген болатын. Расымен, экономикалық жетістіктерді айтқанда, ондай жетістіктердің де оңай жолмен келмегенін естен шығармауымыз қажет-ақ. Сонда ғана тәуелсіздігіміздің тұрығы мығымданып, оның ішінде экономикалық дербестігіміз мәңгілікке ұласа түсері айқын. 012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» .
Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды
«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң.
«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң. Қазақстандағы алғашқы жалпұлттық Президент сайлауы. Қазақ КСР – Қазақстан Республикасы болып өзгертілуі. Тәуелсіздік ұлттық және мемлекеттік құрылыстың факторы ретінде. Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясын айқындау. Қоғамды демократияландыру үдерісін дамыту. Дербес дамудың дара жолын айқындау.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылыс негізін жасау. ҚР рәміздері – туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы заң. Елдің егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту.
Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау. Қазақстанда парламентаризмнің дамуы. Атқарушы биліктің ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту. Орталық пен аймақтардың, мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілдіктерді бөлу, орталықсыздандыру. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Заң. Құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіпсіздік қызметтері және т.б.) құрылуы. Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды нығайту. ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы және оның нәтижелері.
Биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселелерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі.
Осыдан соң барып Тәуелсіздіктің алтыншы жылында ҚР Президенті Н. Назарбаев қалыптасқан жағдайдан шығудың нақты бағдарын айқындайтын, сондай-ақ елдің алдағы даму белестерін айғақтайтын «Қазақстан-2030» даму Стратегиясын бекітті. Аталмыш Стратегия жас Қазақстанның ұзақ мерзімді, сатылап дамуына берік негіз қалағаны айқын. Стратегияға сәйкес, еліміздің миссиясы 2030 жылға қарай тәуелсіз, гүлденген, саяси һәм экономикалық тұрақты Қазақстанды қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттің бұған дейінгі жүріп өткен жолдары да, даму бағыттары да осы стратегиямен берік үндесіп келеді. Өйткені, «Қазақстан-2030» даму стратегиясын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді стратегиялық іс-шаралар жоспары да бекітілді. Кезең-кезеңге межеленген бірқатар басымдықтар айқындалды. Ал ондай басымдықтарды игеру бойынша бірқатар мәселеде жағымды динамика мен прогресс орын алды. Мәселен, көрсеткіштердің аса маңыздысы болып табылатын Ішкі жалпы өнімінің өсімі бойынша 2008 жылдың өзінде «Қазақстан-2030» стретагиясында 2010 жылға қарай қол жетуі межеленген мақсат орындалды. Әйтсе де, Қазақстан тарихындағы тағы бір күрделі кезең Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысымен тұспа-тұс келеді. 1998 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы дамыған нарықтарға ғана емес, жаңа қалыптасып келе жатқан нарықтарға да кері әсерін тигізді. Бұл Қазақстанның да ІЖӨ-не жағымсыз рөл атқарғаны да айқын. Еңсеріп қана қойған жоқ, сол жылдары Қазақстанның ел ордасын Ақмолаға көшіру туралы алып бастама көтерілді. Кейіннен бұл бастама елдіктің, егемендік пен тәуелсіздіктің символына айналған Астананы өмірге әкелді. Сөйтіп, қазіргі Астана Қазақстан өңірлері үшін экономиканы дамыту көшбасшысы болып қана қойған жоқ, саяси-әлеуметтік, қаржылық-экономикалық мәселелердің халықаралық алаңына да айналды. Сол арқылы басқа қалаларға бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаудың, инвестиция тартудың үлгісін көрсетіп келеді.
Кеңес одағының ыдырауынан, Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысынан кейінгі ел басындағы ең үлкен күйзеліс АҚШ ипотекалық нарығынан бастау алған, сосын әлемдік деңгейде алапат толқын тудырған 2008 жылы бастау алған жаһандық қаржы дағдарысы еді. Құрылыс индустриясын қарышты дамытып отырған Қазақстан үшін де бұл оңай соққы болған жоқ. Құрылыс саласының соңынан банкілік-қаржылық жүйе де біршама шайқалды. Әйтсе де, жаһандық дағдарыстың сынағын бұл жолы да Қазақстан сәтті еңсерді. Елдің қаржылық-экономикалық жүйесін құлдырытпау, экономика секторларын қолдау бағытында Үкіметтің тұрақтандыру жоспары бекітілді. Ең бастысы, әлеуметтік бағдарланған бюджетті толық сақтау басты назарда болып, елдің жұмыссыздығын өсірмеуге көп күш салынды. Өңірлерде жұмыспен қамту стратегиясы жүзеге асты. Ал 2010 жылы дағдарыс салқынын еңсеруді одан сайын түгесіп, дағдарыстан кейінгі даму сатысына өту мақсатында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осылайша, уақытылы қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар Қазақстанның Ішкі жалпы өнімінің құлдырауынан сақтап қалды. Мәселен, Экономикалық даму және сауда министрлігінің келтірген деректеріне сүйенсек, Қазақстан, тіпті, ең дағдарысты жылы болып саналатын 2008-2009 жылдарының өзінде ІЖӨ-нің төмендеуін емес, өсімін қамтамасыз етті. Атап айтқанда ІЖӨ 2008 жылы - 3,2 пайызға артса, әлемдік күйзелістің шарықтау шегі саналатын ел экономикасына аса ауыр тиген 2009 жылы бұл - 1,2 пайыздық өсімді көрсетті.
Сөйтіп, 2010 жылы еліміздің ІЖӨ 7 пайызға өсіп, біраз уақыт «шыр айналдырған» дағдарыстан кейінгі экономиканың қалпына келу белгілері көрінді. Өнеркәсіптік өндіріс 10,5 пайызға жоғарылады. Жұмыссыздықты жою мақсатында 100-ге тарта жаңа кәсіпорындар ашылды. Тарихи қалыптасқан өлшеммен статистиканы тағы да салыстырып қарасақ, 1996 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 1 мың 300 доллар шамасында қалыптасса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 10 мың доллар шамасында болды. Ал орташа айлық жалақы аталған кезеңдерде 101 доллардан 526 долларға дейін артты. Ал еңбек нарығына келер болса, 90-шы жылдардың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 13-15 пайыздық көрсеткіште қатып тұрса, қазір 5,8 пайызды құрап, бұл көрсеткіш бойынша бірқатар дамыған елдермен тереземіз теңесті. Икемді салықтық-бюджеттік, ақша-кредиттік саясаттың нәтижесінде, жалпы макроэкономикалық тұрақтылық арқасында Қазақстанға 1993 жылдан бері 130 млрд. доллар шамасында тікелей шетелдік инвестиция тартылды.
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде жаһандық ауқымдағы қатерлі үш дағдарыстың толқынына төтеп беріп, жаңа дәуірге қадам басты. Бұндай жетістікті бағындыру ең алдымен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің, қазақ халқының өршіл мақсатқа ұмтылысын көрсететін мінезінің арқасында жүзеге асты. Былтырғы 2010 жылы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл тұрғысында: «ХХІ ғасыр Қазақстан үшін жаңа қауіп-қатерлерді өзімен бірге ала келді. Оның ішінде ең ірісі әлемдік дағдарыс болды. Осы жағдайда санаулы елдер ғана бұл сынды еңсере алды. Оның қатарында біздің Қазақстан да бар. Тәуелсіздік - бұл бәрінен бұрын елдің экономикалық тәуелсіздігі»,-деген болатын. Расымен, экономикалық жетістіктерді айтқанда, ондай жетістіктердің де оңай жолмен келмегенін естен шығармауымыз қажет-ақ. Сонда ғана тәуелсіздігіміздің тұрығы мығымданып, оның ішінде экономикалық дербестігіміз мәңгілікке ұласа түсері айқын. 012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» .
Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды
«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: |