7-Дәріс Әдеби сын мен әдебиеттану тарихы және қазіргі әдеби үрдістің жаңашылдық қырлары


Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының



бет2/5
Дата17.10.2023
өлшемі2,27 Mb.
#117666
1   2   3   4   5
Байланысты:
7дәріс Назерке Ақтолқын

Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының
тарихи белестері
Қазақ әдебиеті сыны тарихы сөз болған кезде, М. Әуезовтің есімі аталмай қалуы мүмкін емес. Ол қазақ көркем әдебиетін әлемдік өреге көтерумен бірге, сын, әдебиеттану ғылымы саласында да аянбай тер төкті. Ауыз әдебиеті үлгілерін, ақын – жыраулар мұраларын зерттеуге мол үлес қосты. 1922 жылы «қазақ тілі» газетінің 20–санында «Ж» деген бүркеншік атпен Жүсіпбек Аймауытов М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесіне сын жазды.
Мақаланың кіріспесінде «Сұлу сөз бен қызыл тілге сүйеніп» біраз азаматтарды, газет-журналдарды қағытып-кекеткені болмаса, негізінен «Қорғансыздың күнін» этетикалық тұрғыда едәуір талдап, жазушы Әуезовке үлкен үміт артуға болатындығын, қазақ прозасын өркендетуге үлес қоса алатындығын көсіле айтады.
М. Әуезов әдебиеттану ғылымы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы жайында мынадай ой – тұжырымдарын ұсынды: «Қазақ халқының мәдениет тарихында әдебиеттану ғылымының тарихы әзір қысқа. Бұл – жас ғылым. Ол – әдебиеттік сын. «Қазақ әдебиетінің теориясы», «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген салаларға бөлініп, енді ғана дамып келеді. Қазақ әдебиеттану ғылымы құралғанда, ол өзінің алғаш туысымен, бүгінге жеткен сатысымен, барлық бас - аяғын жинағанда – түгелімен, толық мағынасында ізденістердің жемісі болды».
Сыни пікір
Ұлттық әдеби сынның тарихын жасауға талпынып жатқан елеулі еңбектер жарық көріп жатыр. Бұлардың ішінде , қазақ әдебиеті сынының тарихын көп жылдардан бері үзбей зерттеп келе жатқан белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің еңбегін атаған жөн. Зерттеуші «Сын сапары», «Оңаша сапар», «Қазақ әдебиеті сынынң тарихы», «Дәуір дидары» сияқты сынға қатысты еңбектерін жариялады. Т. Кәкішевтің зерттеу еңбектерінде қазақ әдеби сынының ғылыми тарихын жасаудың алғашқы сүрлеуі салынып, негізгі қиын мәселелер қарастырылды.
Ұлттық әдеби сынның тарихын жасауға байланысты
жарық көрген еңбектер
Сондай – ақ , Р.Бердібаевтың «Замана сазы», «Дәстүр тағылымы», «Ғасырлар толғауы», З. Қабдоловтың «Жебе », «Арна» , Ш. Елеукеновтің «Замандас парасаты», М. Қаратаевтың «Әдебиет және эстетика», «Ізденіс іздері», С.Қирабаевтың «Шындық және шебердік», «Талантқа құрмет», Н.Ғабдуллиннің «Уақыт сыры», Қ. Нұрмахановтың «Дәстүрлі достық», Ә. Жәмішевтің «Кезең кестелері», «Биік мәртебе», Б. Дәрімбетов «Тазару», С. Әшімов «Сын мұраты», «Парасатқа құштарлық», С. Досанов «Қазына»,Т. Шапаевтің «Ой түбінде жатқан сөз» тағы басқа сын кітаптары сынның дамуын тездетті. Бұларда қазақ әдебиетінің әр жанрының дамуы, әдеби бағыттар, жеке жазушылардың шығармашылығы , жалпы әдебиеттің негізгі мәселелері сөз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет