7 дәріс Әлеуметтік ортада тілдік нормаларды сақтау әдістемесі Тілдік норма дегеніміз



бет1/2
Дата15.11.2022
өлшемі25,34 Kb.
#50432
  1   2
Байланысты:
№7 дәріс


7 дәріс
Әлеуметтік ортада тілдік нормаларды сақтау әдістемесі


Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.
Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да сүйенеді. Әдеби тілге сіңіскен, әдеби тілде орныққан тіл байлықтары "тілдік норма" дегенге жатады. 
Тілдік нормалану процесі үздіксіз жүріп отырады. Ғалым М. Балақаев қазақ әдеби тілінің нормалануының үш түрін көрсетеді: а) тілдің ілгері даму процесінде оның ішкі заңдарына негізделген жүйелілік пайда болады. Оларды қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық қағидаларынан анық көруге болады. ә) сондай тілдік дәстүрлерді әдеби тіл бекемдей түсті де, сөйлеу тілінде бар шашыраңқылықты, алауыздықты жою, тілдік нормаларды орнату процесі жүріп жатты. б) әдеби тілде нормалауға бағытталған көптеген жұмыстар жүргізілді: графика, орфография, пунктуация, терминология мәселелері шешілді.; түрлі сөздіктер жасалды, практикалық және ғылыми грамматикалық жазылды. Тілдің тұрақты нормалану процесіне функционалдық стильдер де өз әсерін тигізеді. Себебі, әр стильдегі тілдік ерекшеліктер, тілдік қолданыстар белгілі бір деңгейде нормаға түсіп, жүйеленіп отырады. Бұған әрбір стильдік қабат өзінше үлес қосады.
Функционалды стильдер тілден тысқары (экстралингвистикалық) жағдайлардың негізінде жасалады. Алайда стиль тілдің (сөздің) бір түрі болғандықтан, ол тілдік (лингвистикалық) жағынан да сипатталады, яғни әр стильге тән, оның ерекшелігін белгілейтін тілдік құралдар болады.Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, әрбір стиль әдеби тілдің нормалануына септігін тигізіп отырады. 
Тілдің нормалану процесінде функционалды стильдің әрқайсысы өзіндік тілдік құралдарының ерекше жүйесімен сипатталады: - функционалды стильдер - тілдік құралдардың бейтарап және стилистикалық бояуға ие түрлерінен құралатын жүйелер:
- стильдер тұйықталған емес, өзара байланыста, қатынаста болып, бірінен-біріне өте береді;
- стильдер тілден тысқары (қатынас саласы, сөйлеу жағдайының сипаты, сөйлеу актісіне қатысушылардың саны т.б.) және лингвистикалық факторлардың әсерінен пайда болады;
- белгілі бір стильдің ерекшеліктерін зерттеу тілден тысқары жағдайларды ескерумен бірге әр деңгейдің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) тілдік құралдарын қарастыруды қажет етеді;
- функционалды стильдер одан әрі ұсақ стильдік (стилішілік) тармақтарға бөлінеді.
Тіл адам баласының пікір алысу, қарым-қатынас жасау қажетін өтейтін өткір құралы болғандықтан, оны жасаушы, пайдаланушы қоғам ол құралды шыңдай түсу қамын ойлайды. Өйткені қоғам өмірінің биік шыңға көтерілуі, адамдардың ой-өрісінің, сана-сезімінің, экономика, өнер-білім, ғылым, мәдениетінің біріне- бірі ілесе ілгері дамуы, сөз жоқ, оның тіліне де ыкпалын тигізеді. Қазіргі қазақ әдеби тілін кемелденген бай тіл, мәдениеті жоғары тіл деп танимыз. Оны қазақ халқының Октябрьден кейінгі ұшан- теңіз көп табыстарының бірі деп те ұғынамыз.
Тіл байлығы, тілдің икемділігі оның қоғамдық қызметінің ұлғая түсуімен, әдеби тілдің нышан-белгілерін дамыта түсумен ұштасып жатады. Өйткені әдеби тілге тән ерекше белгілерін, соның бірі – нор­мально жүйесін жетілдіру әдеби тілдің өзін қалыптастыра, дамыта түсудің қамы болмақ.
Әдетте мәдениетті елдің тілі де, жазуы да жүйелі түрде тәртіпке түскен болады. Солар адам ойының жүйелілігімен үйлескен барлық іс-әрекеттерінің орнықты, тап-тұйнақтай айқын, дәл болуын тілейді.
Тіл жұмсауда да сондай дәлме-дәлдік, айқындылық болуға тиіс. Соның бір саласы тілдік нормалардың қалыптасу мәселесімен ұштасады.
Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, солар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.
Ол тәртіпті орнататын да, оның иін қандыратын да әдеби-тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі атам заманнан келе жатқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Халық тіліндегі сан алуан байлықтар басы бір жерге қосылмайтын бытыраңқы құбылыстар емес. Олардың бәрінде әдеби тілге негіз боларлықтай заңдылықтары бар. Сонымен қатар ауызекі халық тілінде ол заңдылықтардан жөнді-жөнсіз ауытқитын әдеби нормадан тыс жатқан құбылыстар да бар.
Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп, халықтың тіл мәдениеті дәрежесі жоғары болу үшін, оларды бір ізге түсіреді. Ол ұзын-сонарлы процесс бірер жылда аяқтала қоймаса керек, көптеген әдебиеттер арқылы әдеби тілдің түрлі даму кезеңдерінде тіл нор­малары түрлі себептермен өзгеріп, белгілі бір дәуірде олар басқаша айтылып, басқаша жазылып, жаңа нормалар орнығуы да мүмкін.
Мысалы, қазіргі әдеби тілдің басын демократиялық әдебиеттің дамуымен байланысты деп қарайтын болсақ, оның алдында түркі халықтарының біразына ортақ “шағатай әдеби тілі” болғаны мәлім. Оның бір түрі XVIII ғасырда “кітаби тіл” деп те аталатын. Қазақ елінде сол тілді пайдаланушылар арабша сауаты бар ақындар болатын. Мысалы, М. Қалтаевтың “Насихат қазақия” деп аталатын кітабында (1911 ж., Қазан) уағда – уәде, тоғры– тура, ғамал –  амал, хакімәкім, халал — адал, харам — арам, ғадал– адал сияқты сөздер кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет