1. Таңдай білу. Бұл жеке адамның тілегінен немесе топтың ұсынып отырған тілегінен, не сыртқы мәдени ортаның, ересек адамдардың тілегінен де пайда болуы мүмкін;
2. Саналылық, шешімді саналы түрде қабылдау. Бұл орындаушының қалыптасқан проблеманы шешудегі өз ролі саналы түрде анықталуы, психологтардың айтуынша саналылық 15 жасқа қарай пайда болады;
3. Креативті шешім қабылдаушылық – адамның қалыптан тыс шешім қабылдауға, немесе түрлі жолдарды іздей білуге дайындығын көрсетеді;
4.Компромисстік (келісімге келе білу) бұл қасиеті – проблеманы шешімін табуда тек өз мүддесі тұрғысынан ғана емес, өзгелердің, қоршаған адамдардың мүддесі тұрғысынан қарастыра білу. Бұл жағдайда шешім қабылдау оған қатысы бар адамдардың көбінің мүддесіне сәйкес компромисске (келісімге) келе алуға мүмкіндік береді;
5. Алдын ала білу қасиеті – шешім қабылданғаннан кейін болуы мүмкін жағдайларды алдын ала есептей білу, яғни белгілі бір шешім қабылдаудың айналаға тигізетін әсерін күні бұрын көре білу, оны талдай білу.
6. Дұрыс таңдау жасай білу – бұл шешім қабылдау процесінің ең күрделі және белгісіздікке толы кезеңі. Шешімнің дұрыстығын бағалау үнемі өзгеріп отыратын жекелік және қоғамдық құндылықтар, қалыптасқан жағдай мен оны қабылдаудың субьектілік сипатына байланысты оңай емес. Солай бола тұра, шешімнің дұрыстығын анықтайтын көрсеткіш ретінде проблеманы талдау барысында анықталған жағдайларға сәйкестігі алынады.
7. Сыналуға дайындығы, бұл – шешім қабылдауда пайдаланылған ақпараттардың шынайылығын тексеруге және қайта тексеруге қабілеттілік, кейбір субьектілік тұрғыдағы ұсыныстардан, қате болса өз ұсыныстарынан да бас тарта білу;
8. Бірізділік – таңдаған шешімге сәйкес амалдарды бірізділікпен қолдана білу;
9. Жауапкершілік – қабылданған шешімге сәйкес әрекеттердің әрі қарай жүргізілуіне әзір болу, мойнына ала білу.
Қазіргі таңда психология ғылымы ойлаудың ерекше түрі – проблеманы тұтас көре білу, оны шешу жолдарын болжай білу, бірнеше нұсқалардың ең тиімді біреуін таңдай білу, одан әргі әрекеттер стратегиясын құру туралы шешім қабылдай білуді қамтитын – ойлау түріне үлкен мән беретінін байқауға болады.
Оқушылардың пәндік және түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, олардың өз бетіндік зерттеужүргізулері негізінде субъективті жаңалық ашуға жағдай туғызатын тақырыптық және пәнаралық жобалардың білім беруді ұйымдастырудағы маңызы зор.