7-дәріс Тақырыбы: Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Мақсаты



бет16/16
Дата28.04.2023
өлшемі222,5 Kb.
#88249
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
7 д ріс Та ырыбы С здерді стильдік ызметіне байланысты т рлер

15 апта
Шал Ақын, Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819) халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы Азат темiр жол станциясының маңында дүниеге келген. Шал ақынның әкесi Құлеке батыр Тәңiрбердiұлы қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi. Ол Абылай ханның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадiрлес досы, сенiмдi батыры, беделдi елшiсi болып, орта жүздiң iшiндегi ел бастаған, қолбасшы адамы болған.
Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Ресейдің қол астына қарау туралы ант берушiлердiң бiрi болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы деректер сақталған. Анасы - үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидiң қызы. Құлеке мен оның ағасы Тiлекенiң соғыстағы ерлiгi жайлы әңгiмелер ел iшiнде күнi бүгiнге дейiн айтылады. Құлеке жайында Алматы мұрағатында нақты деректер де сақталған. Ауызша жеткен әңгiме бойынша Шал ақын қоян жылы, 71 жасында дүниеден өткен, бұл есеппен алғанда ақын өмiрiн зерттеушiлер 1819 жылы қайтыс болды дейдi. Қариялардың айтуы бойынша Сергеев (қазіргі Шал ақын) селосының қасындағы «Аютас» деген төбенiң жанында, Есiлдiң оң жағындағы үлкен бейiт iшiне жерленген, бiрақ қабiрi белгiсiз. Құлеке баласы Тiлеукенiң Шал ақын деп аталуы туралы ел iшiнде бiрнеше түрлi әңгiмелер бар. Ол бала кезінде тапқыр, зерек, ойға жүйрік, алғыр болған. Шал өлең шығарумен балауса жас кезiнен бастап айналысқан. Жасынан сөзге үйiр, шешен сөйлейтiн тiлге дiлмәр, ойлы жас болып көзге түседi. Жасынан ел арасы ақындарымен айтысқа да түсiп жүредi. Оның кiшкентайынан үлкендерше сөйлеуi, төрде отырып төрелiк айтқанына қарап жұрт Шал атап кетедi. Зерттеушiлердiң айтуы бойынша Шал ақынның тұңғыш өлеңi - «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң».
Ертерек дәуiрлерден қалыптасып, жалғасып келе жатқан ақындық дәстүрдi ХVШ ғасырда өмiр сүрген Тәтiқара, Көтеш ақындардан кейiнгi қазақ поэзиясын дамыта түседi. Оның бұл салада қосқан үлесi үлкен. Өлең термелерi, толғау тақпақтары сан жағынан мол, сапа жағынан мазмұнды, көркем және тақырыбы да кең. Шал ақын қазақ поэзиясындағы лирикалық өлең жанрын, өз замандастарымен салыстырғанда, жан-жақты толықтыра түсiп, көркемдiгiн арттырды. Бұл тұрғыдан алғанда оны толғауды көркемдiк шегiне жеткiзе бiлген Бұқар жыраумен ғана салыстыруға болады.

Сондықтан да кейiнгi кезеңдерде өмiр сүрген ақындар Шал ақынды ұстаз тұтты. Шал ақынның өлең, жырлары кезiнде ел арасына кеңiнен таралған. Шалдың бiзге жеткен шығармалары негiзiнен әр жерде әр түрлi себептермен суырып салып айтқан шағын өлеңдерден тұрады. Терме-тақпақтары, нақыл сөздерi, сөз қағыстары да баршылық. Шалдың ұзақ эпикалық жырлар шығарғандығы, қазақ халқының шежiресiн өлеңмен жазғаны да Шоқан Уалихановтың еңбектерiнен белгiлi. Шал ақынның мұралары бізге толық жетпеген, жеткендерінің өзі бір жарым мың жол ғана. Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болуында деп қорытынды жасайды. Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобына да ақын қадала түседi. Өзiмшiл, күншiл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниеттi iзгi iстерiн қарсы қоя жырлап, бiрiнен жирендiрiп, екiншiсiнен үйренiп, үлгi-өнеге алуға үндейдi. Ол шығармаларын аяқ астына шығарып отырған. Ақын өзi өмiр сүрген дәуiрдiң өзектi мәселелерiн жырлаған. Өлеңдерiнiң көбi мақал-мәтелдерге, нақыл сөздерге, дiни ұғым сөздерге, бейнелi сөз тiркестерiне толы. Шал ақын - өз заманының беделдi ақыны. Оның өлеңдерi өз кезiнiң өзектi мәселелерiн көтерiп, халыққа адамгершiлiк ақыл-ғибрат бередi. 1998 жылғы қазанның 25 күні Петропавл қаласында Шал ақынның 250-жыл толуы құрметіне Халықаралық ғылыми-теориялық конференция, қарашада Алматыда ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Шал Құлекеұлы және ақындық өнер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өткізіліп, облыс орталығында, ақынның туған ауданында оның 250-жылдық мерейтойына арналған әртүрлi өнер сайыстары, айтыс, тағы басқа шаралар өткiзiлдi. 1999 жылғы желтоқсанның 14-де Елбасының Жарлығымен ақынның туған ауданы «Шал ақын ауданы» деп аталды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет