7-дәріс Тақырыбы: Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Мақсаты


-дәріс Тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары



бет2/16
Дата28.04.2023
өлшемі222,5 Kb.
#88249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
8-дәріс
Тақырыбы: Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары.
Мақсаты: Қазіргі қазақ тілі лексикасының қолдану жиілігіне қарай жіктелуін, құрамын, қалыптасу, толығу жолдары жайлы ақпарат беру.
Дәріс жоспары:

  1. Қазақ лексикасының актив қабаты;

  2. Пассив қабат құрамы: көнерген сөздер, неологизмдер, диалектизмдер, кәсіби және термин сөздер.

  3. Сөздердің актив, пассив қабаттарға бөлінуінің шарттылығы.

1.Халықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өміріне, адамдардың өндірістік қызметіне байланысты туған өзгерістердің бәрі ең алдымен сөздік құрамға әсерін тигізеді. Көптеген заттар мен құбылыстар, ұғымдар мен түсініктер өте көне замандардан белгілі, ал оларды білдіретін сөздер күні бүгінге дейін үнемі қолданылып келеді. Керісінше, бірқатар заттар мен құбылыстардың, ұғымдардың ескіріп, өмірден кетуіне байланысты оларды білдіретін сөздер көнеріп сирек қолданылады. Сонымен бірге сөздік құрам жаңа сөздердің есебінен де толығып отырады. Бірақ жаңа туған сөздер бірден кең тарап, жаппай қолданысқа түсе бермейді.
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне қарап, екі үлкен салаға бөлінеді: 1) жаппай қолданылатын актив қабаттағы сөздер, 2) сирек қолданылатын пассив қабаттағы сөздер. Актив сөздерге күнделікті өмірде, тұрмыста үнемі қолданылатын, мағынасы қазақ тілінде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті, дағдылы сөздер жатады. Көнерудің немесе жаңадан пайда болғандықтан нышаны оларда байқалмайды. Актив сөздерге жалпыхалықтық сөздер жатады. Сонымен бірге жалпыхалықтық тұрғыдан алғанда қолданылуы шектеулі, бірақ белгілі бір салада жиі қолданылатын (терминдер, кәсіби сөздер, кітаби сөздер, бейнелі сөздер) де кіреді.
2. Пассив сөздерге қазіргі кезде көнерген я көнере бастаған сөздер және көпшілікке әлі кең тарамаған жаңа сөздер – неологизмдер жатады. Ғылым мен техниканың, өндіріс пен ауыл шаруашылығының, мәдениет пен тұрмыстың қанат жайып, кеңінен дамыған шағында жаңа ұғымдарды білдіретін жаңа сөздерді неологизмдер дейміз. Халыққа әбден танылып болмаған, белгілі бір саладағы тар көлемде қолданылып жүрген жаңа сөздердің бәрі де неологизмдердің тобына кіреді. Олар лексикалық және семантикалық болып, екі түрде кездеседі. Лексикалық неологизмдерге жаңа ұғымдардың тууымен бірге шыққан жаңа терминдер жатса, семантикалық неологизмдерге калька тәсілімен сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы: жүйе, қор, талдау, шарт.
Қазақ әдебиетінің классиктері тек жаңа терминдік неологизмдерді жасап, оларды кеңінен насихаттап, ана тілімізге сіңістіріп қойған жоқ, сонымен бірге стилистикалық неологизмдердің тамаша үлгілерін жасады. Ол үшін тіліміздің сөзжасам заңдарына сай сөзді морфологиялық тұлғалармен түрлендіру, жаңаша тіркестіру тәсілдерін мол пайдаланды. Стилистикалық неологизмдер көркем сөз шеберінің өзіне тән сөз қолдану ерекшелігін, индивидуалдығын көрсетеді, оларды (жеке адамға тән) индивидуалдық неологизмдер деп атаайды.
Көнерген сөздердің көнеру дәрежесі үш түрлі болады:

  1. Әбден ұмытылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген сөздер. Олар туынды сөз жасауға қатыспайды. Мысалы: Керекейді атпа, қонжығы жетім қалады (мақал). Керекей – аюдың ұрғашысы.

  2. Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөздер: бүлдіршіндей, баданадай, тығыршықтай.

Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-мәтел мен фразеологиялық тіркестердің құрамында әлі де қолданыла беретін көнерген сөздер: торқа – жібек, жарақ – қару, күсу – жеру, қунау – сергу, қырым – алыс, азар - өкпе, түлен түрту – бір пәлеге ұшырау.
Көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай көнерген сөздер архаизмдер мен историзмдер болып екі салаға бөлінеді. Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпына дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер. Дәуірі өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған сөздер тарихи сөздер деп аталады. Тарихи сөздердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола жоғалуымен байланысты. Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүние танымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады. Қазақ тілінде архаизмдердің мынадай түрлері бар:
1. Мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер: мақпал, шайы, мауыты, борлат, ләстек, манат, дүрия.
2. Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдер: сауын айту, ұрын бару, жылу жинау, жарысқазан.
3. Киім-кешек, ыдыс-аяқ атауларына қатысты архаизмдер: шидем, шекпен, сәукеле, кебіс, жарғақ, кісе.
4. Діни ұғымға қатысты архаизмдер: қиямет-қайым, мүңкір-нәңкір, бірәдар, підия, ахирет.
5. Үй тұрмысына, мал атауларына қатысты архаизмдер: лашық, итарқа, жаппа, шошала, иткірмес.
6. Әр түрлі ұғымға қатысты архаизмдер: аламан, алапа, ақсарбас, дат, жоралғы, жаушы, бұзаушық.
7. Жалпы түркі тілдеріне тән архаизмдер: будун, ұлық, ұлыс, жұрт, тәңір, толағай, мешін.
Көнерген сөздер сөйлеу стилінде кездесіп отырады, әсіресе өткен дәуірдегі оқиғаны суреттейтін, тарихи шығармада жиі ұшырайды. Олар ауыспалы мағынада қолданылып, әр түрлі экспрессивтік мән тудырады.
3.Тілдегі сөздердің жиі немесе сирек қолдануын статистикалық тәсіл арқылы айқындауға болады. Ол үшін сөздердің жиілігі зерттелінеді, соның негізінде тілдің жиілік сөздігі жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет