Байланысты: 7 д ріс Та ырыбы С здерді стильдік ызметіне байланысты т рлер
9-дәріс Тақырыбы: Қазақ тілі лексикасының қолдану сипаты.
Мақсаты: Қазіргі қазақ тілі лексикасының қолдану сипатына қарай жіктелуін, оның құрамын анықтап түсіндіру.
Дәріс жоспары:
Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері:
1.Қазақ тіліндегі сөздердің бәрі бірдей жалпыхалықтық сипатта емес, кең тарағана жалпыхалықтық сөздерден басқа қолданылу өрісі тар сөздер де бар. Осыған орай қолдану өрісі жағынан сөздік құрам екі топқа жіктеледі: жалпылама ж
әне қолдану өрісі тар лексика.\
Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күнкөріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды. Стильдік мәні жағынан бейтарап лексикаға негіз болады. Тура мағынада жұмсалады. Саны жағынан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізін құрайды. Оларға қолдану жағынан еш шек қойылмайды., барлық стильдеге ортақ мәнді қызмет атқарады.Бұл топқа енетін сөздер дүниедегі зат, құбылысатауларын, қимыл-қозғалыстарды, сан-сапап мөлшерін ешбір қосымшасыз нақ болған күйінде алып дәл көрсетеді.Жалпылама лексикаға тән сөздер негізінен тура мағынада жұмсалады. Жалпылама лексика тілдегі қолдану өрісі тар, өзіне тән белгілі стильдік мәні бар сөздерге қарама-қарсы қойылып қаралады.
2. Диалектілік лексика - белгілі бір жердегі жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер. Диалектілік сөздер бүкілұлттық лексикаың құрамына кіреді. Бірақ олар жалпыхалықтық болып есептелмейді, өйткені олардың басым көпшілігінің жалпыхалықтың тілде баршаға түсінікті баламалары бар. Диалектілік сөздер тілдің әр деігейіне қатысты болып келеді. Фонетикалық, лексикалық грамматикалық ерекшеліктер байқалады. Диалектілік лексика құрамы жағынан біркелкі емес. Олар нағыз лексикалық, этнографиялық және лексика-семантикалық диалектизмдер түрінде кездеседі. Нағызлексикалық диалектизмдер -мағынасы жаңынан әдеби сөздермен сәйкес келетін, бірақ дыбысталуында одан басқа сөздер. Этнографиялық диалектизмдерге белгілі бір жерге тән заттар мен құбылыстарды білдіретін сөздер. Диалектілік сөздер негізінен әдеби тіл лексикасына кірмейді. Жалпыхалықтық лексиканың бір саласы болып саналады.
3.Арнаулы лексика-қоғамдағы өзара ыңғайлас әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандығына қызметіне шұғылданатын кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздері мен қолданыстары. Арнаулы жалпылексика құрамына кіреді. Бірақ оның да қолданылуы шектеулі. Диалектизмдерді аймақтық ареалдық шектеуі болса, арнаулы лексиканың шектеуінде әлеуметтік сипат бар. Арнаулы лексика екі слаға бөлінеді: кәсіби терминология және кәсіби сөздер
Кәсіби терминология - ғылым мен техника саласындағы арнаулы қғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін жасалған сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы. Терминдер стильдік эмоциялық мәні болмайды. Мағынасы жылжымалы өзгермелі емес, әрқашан тұрақты, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған түпкілікті қызмет атқарады.
Арнаулы сөздердің келесі түрі -кәсіби сөздер жалпыхалыққа түснікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіп не шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасындағы қолданыстағы сөздер. Кәсіби шектеу жағынан термин сөздерге ұқсас. Алайда термин сөздер белгілі бір ғылым мен техника саласындағы мамндар ғана болмаса басқа көпшілік қолданбайды.Термин сөздер сала мамандарының жасап қалыптастырған сөздері. Ал кәсіби сөздер белгілі бір кәсіппен шұғылдануға байланысты жергілікті халықтың өз арасында туған сөздер.